Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет4/10
Дата23.10.2016
өлшемі1,84 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шығармалары:

Ғабдуллин Н. Қызық дәурен: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы,1965.

Ғабдуллин Н. Шығарма арқауы шындық.- Алматы: Жазушы,1968.

Ғабдуллин Н. Сарғайған жапырақ: Повестер.-Алматы: Жазушы,1970.

Ғабдуллин Н.Замандас келбеті: қазіргі қазақ прозасы жайында зерттеу.- Алматы: Жазушы,1972.

Ғабдуллин Н.Кейінгі толқын: Әңгімелер мен повестер.- Алматы: Жазушы,1976.

Ғабдуллин Н. Өмір, қымбатсың маған: Повестер.-Алматы: Жазушы,1978.

Ғабдуллин Н. Уақыт сыры: Мақалалар, зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1981.

Ғабдуллин Н. Жігер: Роман.-Алматы: Жазушы,1983.

Ғабдуллин Н. Өмірдің бұралау жолы: Повестер, роман.-Алматы: Жазушы,1987.

Ғабдуллин Н. Біздің жігіт: Роман.-Алматы: Балауса,1993.

Ғабдуллин Н. Шығармалары:Повестер.-Алматы: Ана тілі, 2007.

Ғабдуллин Н. Алғашқы сапар: Повесть.-Алматы: Атамұра, 2008.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :

Қирабаев С. Творчество қуанышы // Қирабаев С. Шындық және шығарма.- Алматы,1981.

Тебегенов Т.Суреткер сыны: жазушы, ғалым, ұстаз немесе Нығмет Ғабдуллин ғибраты // Ақиқат.-2007.-№9.

Дәуренбеков Жақау

(1946)
Жақау Дәуренбеков Қызылорда облысының Арал теңізі жағасындағы Үшкөл деген ауылда 1946 жылы туған. Арал аудандық газетінде, кейін «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді. Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің студенті болып жүріп-ақ жазған әңгіме- очерктері республикалық газет- журнал беттерінде жариялана бастайды. Сол жылдары «Бөгенауыл балалары» тырнақалды кітабын шығарады. Сол шығармашылық сапарда жемісті еңбек етіп,әңгімелер мен повестерден тұратын онға тарта кітап ұсынды. Ж.Дәуренбековтың қаламынан туған «Алғашқы сабақ», «Саяқ», «Бір нәзік сәуле», «Күн ұясы» кітаптары оқырмандар назарын аудартады. Ж.Дәуренбеков «Саяқ», «Күн ұясы» повестері екі мәрте «Жалын» бәйгесінің жүлдесін жеңіп алды. «Ауылым- алтын бесігім», «Шұғылалы шақ» очерктер жинағы Қазақстан Журналистер одағының жүлдесіне ие болды.

Жазушының әңгіме-повестері өмірдің өзінен алынған ірілі- ұсақты тақырыптарына қарамастан келелі ой сараптауымен дараланады.

Жазушының балалар өміріне арналған «Саяқ», «Күн ұясы» повестері өз оқырмандарының жүрегіне жол тауып, кезінде «Жалынның» әдеби бәйгесін жеңіп алған туындылар. «Соғыс ойыны» повесінде Ж.Дәуренбеков балалар өмірінен сыр шертеді. Ұлы Отан соғысының жалпақ жұрттың басына түскен тауқыметіне өз көзімен үңіліп,өзінше түйін түйеді. «Соғыс ойын емес екен» деген ауыл балаларының ойы- повестің негізгі идеялық қазығы.Жас балалар қанды соғысқа лағынет айтады. Жазушы балалардың бүгінгі шат күлкісі, шаттыққа толы өмірін көрсете отырып, уақыт жаза алмаған жарақатты баяндайды. Адамгершілікке, ізгілікке үндейтін туындылардағы балалардың мінез-құлықтарын ашып көрсетудегі жазушы көзқарасы айқын да ашық.Жақау Дәуренбеков қуыршақ театрының репертуарына арнап «Тәтей бала және оның достары» атты ертегі пьесасын жазды,ал сексен алтыншы жылғы желтоқсан оқиғасын арқау еткен драмасы «Мұз үстіндегі алау» деп аталады.

Жақау Дәуренбековтың балғын бүлдіршіндерге арналған «Менің Қазақстаным» атты танымдық әңгімелер енген суретті кітапшасы жарық көрді. Кітапша жас бүлдіршіндерге ана тіліміздің алфавиті арқылы мемлекетіміз жайлы әңгімелейді.

Ж.Дәуренбеков бүгінде «Ана тілі» баспасының (ЖАҚ) директоры, қазақ баспасөзі мен баспагерлік қызметіне талмай тер төгіп келе жатқан қаламгер.




Шығармалары:
Дәуренбеков Ж. Таңдамалы шығармалары: Екі томдық.- Алматы, Ана тілі, 2006.

Дәуренбеков Ж. Алғашқы сабақ: Әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1971.

Дәуренбеков Ж. Саяқ: Повесть және әңгімелер.- Алматы: Жалын,1979.

Дәуренбеков Ж. Шұғылалы шақ: Очерктер.- Алматы: Жалын, 1980.

Дәуренбеков Ж. Күн ұясы: Повестер.- Алматы: Жалын,1984.

Дәуренбеков Ж. Ауылым- алтын бесігім: Алматы: Қайнар,1985.

Дәуренбеков Ж., Асқаров Ә. Жасыл әлемге саяхат.- Алматы: Қайнар,1985.

Дәуренбеков Ж. Бір нәзік сәуле: Әңгімелер мен Повестер.- Алматы: Жалын, 1989.

Дәуренбеков Ж.Айтыңыз құтты болсын.- Алматы: Өнер,1991.

Дәуренбеков Ж. Менің Қазақстаным: Танымдық суретті кітапша.- Алматы: Ана тілі,2001.

Дәуренбекұлы Ж.., Құттыбайұлы С. Алты ата Әлім: Шежіре.- Алматы: Перзент,шағын кәсіпорны,1992.

Қазақ бақсы- балгерлері. /Құраст.Ж.Дәуренбеков, Ж.Тұрсынов.-Алматы : Ана тілі,1993.

Дәуренбеков Ж.Ұлт ұрпағымен рухтанады: Ойтұмар //Егемен Қазақстан.-2011.-26 қаңтар.

Дәуренбеков Ж. Ойлар да күнімен бірге оянады //Түркістан.-2008.-19 желтоқсан.


Өмір мен шығармашылығытуралы:
Сарбалаев Б. Бес соқпақ немесе бір топ жас прозашылардың аяқ алысы туралы: Ж.Дәуренбековтің «Күн ұясы» повесіне сын //Сарбалаев С.Өткірдің жүзі.- Алматы,1992.

Ыбырайымов Б. Жүлдегерлермен жүздескенде: //Жастар туралы: Әдеби- сын мақалалар жинағы.-Алматы,1984.

Қожахметова М. Сөз киесі: Жазушы Ж.Дәуренбековтің шығармашылық қыры хақында //Түркістан.-2006.-9 қараша.

Дәуренбеков Танаш

(1927-2000)


Танаш Дәуренбеков- қазақ балалар прозасына өнімді еңбегімен айтарлықтай үлес қосқан, қазақ оқырмандарына кеңінен танымал қаламгер.Көп жыл ұстаздық еткендіктен ол балалардың жан дүниесін, мінез-құлқын жақсы білетін жазушы.Оның қаламынан туған «Сыр балалары», «Он бес жыл өткен соң», «Өкіл әке», «Сүмбіле» повестері , «Біз әлі кездесеміз»(1971), «Кездескен деген осы» (1973), «Енді қайтып кездеспеспіз» (1991) атты трилогиясы, «Таң атып келеді» романы- жас жеткіншектерді туған жерді, Отанды сүюге баулитын қадір- қасиеті мол туындылар.Сонау 1920 жылғы кеңестендіру кезеңінен бастау алар тағдырлар тарихы Ұлы Отан соғысындағы тыл тіршілігімен ұштасады. Шағын ған бір ауылдың адамда-

рының, балаларының өмірі арқылы бүкіл қазақ ауылының басынан өткен қилы кезеңі, қиын тіршіліктің шежіресі баяндалады.Танаш Дәуренбеков бұл кітаптарға дейін «Бір түйменің әлегі»(1963), «Сыр балалары» (1964), «Он бес жыл өткен соң» (1965), «Өкіл әке» (1966), «Сүмбіле» (1968) тағы басқа әңгіме,повестері арқылы қалың оқырманға жақсы таныс болып, кезінде Қазақстан Жазушылар Одағының сыйлығына ие болды.

Т.Дәуренбеков 1927 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының Тереңөзек селосында туған. 1943 жылдан бастап Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты «Оқтябрь» бастауыш мектебінде, «Ортақшыл» орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген.

1949 жылы Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Содан кейін он екі жылдай туған облысында халық- ағарту қызметінде болды. Т.Дәуренбеков алпысыншы жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, « Жазушы» баспасының редакторы міндеттерін атқарды. Жазушы көп жыл «Білім және еңбек» журналының фантастика- публицистика бөлімін басқарды.


Шығармалары:
Дәуренбеков Т. Таңдамалы .Екі томдық шығармалар.- Аалматы: Жазушы,1991.

Дәуренбеков Т. Сыр балалары: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ,1964.

Дәуренбеков Т.Бір түйменің әлегі:Әңгімелер.-Алматы: ҚМКӘБ,1963.

Дәуренбеков Т. Он бес жыл өткен соң: Повесть.-Алматы: Жазушы, 1965.

Дәуренбеков Т.Өкіл әке: Повесть.-Алматы: Жазушы,1966.

Дәуренбеков Т. Біз әлі кездесеміз: Роман.-Алматы: Жазушы,1971.

Дәуренбеков Т.Күміс қырау: Повесть- үштаған.- Алматы: Жазушы,1973.-/Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітапша/

Дәуренбеков Т. Кездескен деген осы: Роман. Екі томдық.- Алматы: Жазушы,1975.

Дәуренбеков Т. Сүмбіле: Повесть.- Алматы: Жалын,1977.

Дәуренбеков Т. Таң атып келеді: Роман.- Алматы: Жалын,1980.

Дәуренбеков Т. Құмдағы іздер: Роман.-Алматы: Жалын,1990.
х х х
Дәуренбеков Танаш// Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.

Дәуітұлы Сәрсенбі

(1947)
Сәрсенбі Дәуітұлы 1947 жылы Чимпанзе қаласында (Қытай Халық Республикасы) туған.1966 жылы Қазақ мемлекеттік Абай атындағы педаго-

гикалық институтының филология факультетіне түскен.

С.Дәуітұлы әдебиеттегі алғашқы қадамын ақындықтан бастаған. Алматы педагогикалық университетін бітірген соң ақын Қазақ теледидарында редактор, Талдықорған облыстық «Октябрь туы» және республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде әдеби қызметкер болған.Осы жылдары өлеңмен қатар әралуан мақалалар мен рецензияларды қарқынды жазып, өзінің ғылымға икемдігін, зерттеушілік ізденімпаздығын байқатады.

Сәрсенбі Дәуітұлы- «Сыбаға» (1978), «Тау аясында» (1980), «Таулар тағдыры» (1982), «Жаңғырық» (1984), «Алтын ұршық» (1987), «Сарыбел» (1997) жыр кітаптарының авторы.

Сәрсенбі Дәуітұлы 1975 жылдан бастап М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында қызмет істеп келеді.Жиырма жылдан астам кезеңде филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады, сондай- ақ аға ғылыми қызметкер ретінде институттың сүбелі зерттеу жинақтарына әдебиет тарихына қатысты әралуан мақалалар жазды.

Ақын С.Дәуітұлының ғылыми, әрі танымдық сипаттағы еңбектері, яғни өзі құрастырған қазіргі оқырмандарға тұңғыш рет ұсынған бірталай кітаптары әдеби- мәдени өміріміз бен рухани тарихымызға енген құнды еңбектер.Әсіресе, 1990-1997 жылдар аралығындағы еңбектері қалың оқыр-

ман қауымның шынайы сүйіспеншілігіне ие болғаны белгілі. Осы ретте атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын жинап- теріп бастырып, екі томдығын жарыққа шығаруының өзі үлкен еңбек. Сол сияқты «Төле би» (1993), «Қожа Ахмет Иассауидің « Диуани Хикметі» (1993), «Абылай хан»(1993), «Тезек төре мен Сүйінбай» (1997), Тауасарұлы Шапырашты Қазыбек» (1993), «Бұқар жырау» (1993), «Райымбек батыр» (1991) тағы басқа ғылыми- танымдық еңбектері бір төбе.

Ғалым- зерттеуші Сәрсенбі Дәуітұлының бүкіл болмысы, шығармашылығы әдебиетіміз бен тарихымыздың әр түрлі ақтаңдақтарын жоюмен, соны қаз- қалпында қайта оралтумен тығыз байланысты.Рухани ұлы шырақтардың өлмес білтелерін, мәңгі сөнбес оттарын қайта маздатумен байланысты.

Сәрсенбі Дәуітұлы – Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.

... « Құдай берген қысқа өмірдің парқын білмей көп адам есіл уақытты бос өткізгенде,- дейді халық жазушысы Шерхан Мұртаза,- Сәрсенбі күндіз архивтердің зынданында шаң жұтып, түнде жұрт ұйықтап жатқанда ақ қағаз бен қара қаламды серік етіп, небір ақтаңдақтарға жан бітірді...»

Ақ жаңбырдай көңілім жауып берем,

Күй шертемін, айтамын сауықта өлең.

Күндіз сәуле, кешінде жұлдызбенен

Шашу шашқан өзенді тауып берем.

Тауып берем қымыздық, рауғашын,

Желмен бірге майсада гүл аунасын.

Жарты түнді қонақ боп өткізесің,

Ақын болып кетесің түн ауғасын,- деп толғайды ақын Сәрсенбі Дәуітұлы.

С.Дәуітұлы қырғыз ақыны С.Маймұловтың «Әуен» атты кітабын қазақшалады.

Бүгінде ақын шығармашылық кемел жасында.
Шығармалары:
Дәуітов С. Сыбаға: Өлеңдер жинағы.- Алматы: Жазушы,1978.

Дәуітов С. Тау аясында: Өлеңдер.-Алматы: Жалын,1980.

Дәуітов С.Таулар тағдыры: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы,1982.

Дәуітов С.Жаңғырық: Өлеңдер.- Алматы: Жалын,1984.

Дәуітов С.Алтын ұршық: Өлеңдер мен аңыздар.- Алматы: Жалын,1987.

Дәуітов С. Сарыбел сазы: Өлеңдер жинағы.- Алматы: Жалын,1989.

Дәуітов С.Көңіл сазы: Әдеби мақалалар.-Алматы:Жазушы,1989.

Дәуітов С.Қазақтың батырлық эпосы /Құраст. С.Дәуітов.- Алматы: Рауан,1992.

Дәуітұлы С.Азамат ақын.- Алматы,1994.

Дәуітұлы С. Мүсірепов Ғабит: Ой- сезім сәттері / Құраст.,түсініктеме жазған С.Дәуітұлы.- Алматы,1996.

Дәуітов С.Төле би /Арабшадан көшірген, құраст., алғы сөзін жазған.- Алматы: Мұраттас,1991.

Дәуітов С. Төле би.- Алматы: Жалын,1993.

Дәуітұлы С. Тауасарұлы Шапырашты Қазыбек. Түп- тұқияннан өзіме дейін.- Алматы: Жалын,1993.

Дәуітұлы С. Абылай хан: Тарихи жырлар.- Алматы: Жазушы,1993.

Дәуітұлы С. «Диуани Хикмет» және қазақ поэзиясы: Монография.- Алматы: Қазақстан,1998.

Дәуітұлы С., Тұрғынбайұлы Ғ. Өмір күрес.- Алматы: Экономика, 2001.

х х х
Дәуітов С. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Домбаев Есенжол

(1938)
Есенжол Домбаев 1938 жылы 2 мамыр күні Атырау облысының Индер ауданында Шолақ Шағыл деген жерде туған.1957 жылы Алматының Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының театр факультетіне түсіп, оны 1961 жылы бітірген. Бұдан кейінгі жылдары «Қазақстан пионері», «Ара», «Жаңа фильм» сияқты газет- журналдарда, «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарды. Жұмыс істеп жүріп Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде, Алматы ауыл шаруашылығы институтында сырттай оқыған.

Е.Домбаевтың шығармашылық жолы елуінші жылдардың аяқ шенінен басталады. 1957 жылы оның Әліби Жанкелдиннің өмірінен жазған «Алғашқы сабақ» атты бір актылы драмасы Халық творчествосы үйі жариялаған республикалық бәйгесінде екінші сыйлық алды.

Есенжол Домбаевтың «Кекіре», «Махаббат машақаты» тәрізді жастар өмірінен жазылған пьесалары, сахналық скетчтері, жасөспірімдерге арналған бір перделі пьесалары мектеп сахналарында қойылып, көпшіліктің көңілінен шыққан дүниелер.

Е.Домбаевтың оқушы қауымды ерекше елең еткізген шығармасы «Болмаған оқиға»(1965) атты сатиралық повесі болды. Бұл әдебиеттегі жанр жаңалығы еді: Сатиралық тұңғыш повесть. Бұл шығармасы Н.В.Гогольдің «Мұрын» повесі үлгісінде жазылған.

Жазушының ондаған жылдар бұрын жазылған «Ғашықтық туралы мың бірінші баллада», «Көктемнің қара суығы», «Менің бауырларым» повестері қай-қайсысы болмасын көкейкесті зәрулігін күні бүгінге дейін жоғалтпаған шығармалар.

Сатиралық бағытта жазылған Е.Домбаевтың «Жаман Жәутік» романы да (1980) шытырман оқиға толы, детективті шығарма.

Е.Домбаев көркем проза мен драматургияны қаз-қатар өріп келе жатыр. 1977 жылы екінші бәйге алған «Декретке дейін» тарихи пьесасы бір жерде туып, тел өскен, бірақ заман шырғалаңы екеуін екі лагерьге бөліп, текетірес етуге мәжбүр еткен қимас достар- Сейітқали Меңдешов пен Халел Досмұхамедов туралы жазылған тұңғыш әдеби туынды.

Ұлы Жамбылдың торқалы тойы тұсында үшінші жүлдені иеленген «Өкілетті өкіл» пьесасы да өмірбаяндық бір дерек ретінде жазылған дүние.

Астаналық, акдемиялық, облыстық драма театрлары (Атырау,Қарағанды, Батыс Қазақстан,Талдықорған, Торғай т.б.) сахналарында қойылған оның пьесалары көрермен қауымның көңілінен шығып жүр. Сексенінші жылдардан бастап Е.Домбаев бірыңғай комедиялар жазып келеді.

«...Оның «Біздің ауылда қызықтар бола береді», «Біздің кластың қыздары», «Өтірік әңгіме», «Ғашықтық туралы баллада», «Аман жүрші, ақ келін», «Қар» комедиялары соңғы он, он бес жыл бойы сахнаның көркі болып, қаншама көкірекке қуаныш- күлкісін сыйлады.Ұлттық театрларымыз репертуарынан лайықты қонысын тапқан бұл туындылар әлі күнге толассыз қойылып, әлі талай рухани мұратымызға демеу бола берері хақ» деп жазды Е.Домбаев туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,сыншы Зейнолла Серікқалиев жазушының баспаға дайындалып жатқан таңдамалысына жазған алғысөзінде. Оның «Желіккен жеңгейлер» пьесасы бірнеше жыл бойы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылып келеді.

Е.Домбаев Н.В.Гогольдің «Мұрын» повесін, М.Салтыков- Щедриннің «Бір қаланың тарихы» романын, серб сатиригі Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным» (Оспанхан Әубәкіровпен бірігіп), болгардың классик сатиригі Чудомирдің «Ескерткіш» деген әңгімесін, түріктің әйгілі сықақшысы Әзиз Несиннің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Бүгінде жазушы шығармашылық жұмыста.

Шығармалары:
Домбаев Е. Болмаған оқиға: Сатиралық повесть.- Алматы: Жазушы,1965.

Домбаев Е. Ол осындай адам: Сықақ әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1967.

Домбаев Е. Ғашықтық туралы мың біріншеі баллада: сатриалық повесть.- Алматы: Жазушы,1970.

Домбаев Е. Менің туыстарым: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1977.

Домбаев Е.Жаман Жәутік: Роман.- Алматы: Жазушы,1980.

Домбаев Е. Сыйлық: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1987.

Домбаев Е.Ғашықтық туралы балладалар.- Алматы: Жазушы,1989.

Домбаев Е. Біздің кластың қыздары: Пьесалар.- Алматы: Өнер, 1994.

Домбаев Е. Жеңге: Әңгіме. // Замандастар:Әңгімелер /Құраст.Б.Сарбалаев.- Алматы,1986.

Домбаев Е. Болмаған оқиға: Әңгімелер.- Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.



Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Домбаев Есенжол //Советтік Қазақстан азушылары:Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы,1987.
Досанов Сәбит

(1940)
Жазушы Сәбит Досанов әдеби жанрдың барлық саласына қалам тартқан қаламгер ретінде оқырмандарға кеңінен танымал.

Сәбит Досанов 1940 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен соң Қазақ теледидарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеген.1985 жылдан 1988 жылға дейін Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағында жас әдебиетшілермен жұмыс жөніндегі Кеңестің жауапты хатшысы болып істеді.

1991-95 жылдары С.Досанов Халық шаруашылығы мен мәдени демалыс қызметінің республикалық Орталығының директоры, кейінгі жылдары «Қайнар» баспасының аға редакторы болып қызмет атқарды.

С.Досановтың 1958 жылы жазған «Шабындықта» атты тырнақалды әңгімесі екінші сыныптың «Ана тілі» оқулығында басылды.

С.Досановтың қаламынан туған көркем шығармалар: «Қыран қалғымайды» (1971), «Тау жолы» (1978), «Екінші өмір» (1982), «Ақ аруана», «Алыстағы аяулым» (1996), «Жылдың он үшінші айы» (1990), «Жиырма-

сыншы ғасыр» (1998) кітаптары оқырмандардың бағасын алған дүниелер.

Жазушының қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың күрделі тағдыры бейнеленген «Екінші өмір» романын әдебиетіміздің танымал шығармалары қатарына қоюға болады.Бұл роман орыс тілінде Мәскеуден басылып шықты.

«Жиырмасыншы ғасыр» романында С.Досанов өткен ғасырдың басты оқиғалары: Қазан төңкерісі, колхоздастыру, қуғын- сүргін, ашаршылық сияқты өмірдің небір ащы шындықтарын жазады.

С.Досанов публицистика жанрында да қарымды жазып жүрген қаламгер. Оның очерктері өмірдің өзінен алынған, кейіпкерлері өзіміз білетін, көріп жүрген заманымыздың қаһармандары. Ол бүгінгі адам, оның күрделі тағдыры, шытырман психологиялық жай-күйі жайлы баяндайды. Жазушының жаңа кітабы «Адаспаңдар, адамдар!» кесек тұлғалар өмірінен, бүгінгі күннің сан қилы өзекті мәселелерін көтереді. Бұл кітап 1999 жылы «Санат» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.Осы жылы оның «Жусан иісті Кимберлит» кітабы жарық көрді.

Жазушының «Дауыл» пьесасы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, Семей, Жезқазған облыстық театрлары сахнасында қойылып жүр. «Ертең бюро» пьесасы М.Өтемісов атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры сахнасында қойылды.

С.Досанов көп жылдан бері әдеби-сын,көркем очерк, театр сыны сала-

сында еңбек етіп келеді.Оның «Соны іздер», «Қазына» т.б. әдеби-зерттеу кітаптары шықты.

Шығармалары:
Досанов С. Қайырлы таң.-Алматы: Қазақстан, 1966.

Досанов с. Бұлбұл үні.-Алматы: Қазақстан,1968.

Досанов С. Алтын күрек әні.- Алматы: Қайнар,1969.

Досанов С. Соны іздер: Монография.- Алматы: Жазушы,1970.

Досанов С. Қыран қалғымайды: Повестер.- Алматы: Жазушы,1978.

Досанов С. Тау жолы: Роман.- Алматы: Жазушы,1978.

Досанов С. Жер тағдыры: Очерктер.- Алматы: Қайнар, 1979.

Досанов С. Екінші өмір: Роман.- Алматы: Жазушы, 1982.

Досанов С. Қазына: Әдеби- сын мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1987.

Досанов С. Жылдың он үшінші айы: Романдар.- Алматы: Жазушы,1990.

Досанов С. Алыстағы аяулым: Әңгімелер, хикаят, новелла, пьеса.- Алматы: Атамұра, 1996.

Досанов С. Жиырмасыншы ғасыр: Деректі кітап.- Алматы: Санат, 1999.

Досанов С. Жусан иісті Кимберлит: Кимберлит с ароматом полыни: Деректі проза.Документальная проза.- Өскемен: ШҚМУ баспасы, 1999.

Досанов С. Қылбұрау.(Ұлы Даланың ұлы қайғысы): Роман.-Алматы:Атамұра,2003.

Досанов С. Жүрегімде жүз сәуле: Деректі кітап.-Алматы: Санат,2004.

Досанов С.Қыран мен жылан: Әңгімелер.-Алматы: Қазақстан, 2008.

Досанов С. Таудың таңы ерте атады: Роман // Жұлдыз.-2010.-№3..

Досанов С. Ақбас бүркіт: Роман //Жұлдыз.-2007.-№11.


х х х
Ақтаев С. Күрделі уақыттың күрмеуі: Жазушы С.Досановтың шығармашылығы туралы бірер сөз // Түркістан.-2010.- 14 қаңтар.

Алтай А. Ақбас бүркіттің кеңістігі: Сәбит Досанов туралы сөз //Қазақ әдебиеті.-2010.-15 қаңтар.

Бүгінгінің Сәбиті: (Жазушы С.Досанов туралы) // Жас қазақ үні.-2010.-27 қаңтар.

Қирабаев С. Үлкен үлес: Сәбит Досанов шығармашылығы жайында //Еге-

мен Қазақстан.-2008.-5 наурыз.

Құдабаева К. Тәуелсіз Қазақстан жайлы тұңғыш роман: (С.Досанов «Намыс найзағайы») //Ана тілі.-2010.-16-22 қыркүйек.

Нұршайықов Ә. Талант пен еңбек жемісі ( С.Досановтың « Тұйық» романын оқығанда туған ой) // Қазақ әдебиеті.-2008.- 14 қараша.

Сәрсенбай О. Тәуелсіздік туын көтерген: ( С.Досановтың «Намыс найзағайы» романы туралы) // Қазақ әдебиеті.-2010.-10-16 қыркүйек.

Тебегенов Т. Халық тарихының суреткері: ( С.Досанов) // Жұлдыз.-2009.-№11.

Досжанов Дүкенбай

(1942)
Дүкенбай Досжанов Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы «Бірлік» совхозында «Құланшы» деген жерде 1942 жылы 9 қыркүйекте туды. Орта мектептен соң С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.Еңбек жолын журналистік қызметтен бастаған ол 1963-1966 жылдар аралығында Алматы облыстық «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер, 1966 -1975 жылдар аралығында « Жазушы» баспасында аға редактор, ал 1976 жылы Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте көркем әдебиет бөлімінің бастығы болып істеді. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі.1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.

Әр суреткердің өз өрнегі, сөз саптауы, ойлау жүйесі болады.

Досжанов өрнегі- адам құлқының нешеме сырын, арғы төркінін ашуға әу бастан-ақ қалыптасқан: оның қаламынан туған кейіпкерлер көбіне-көп осынау өзгермелі заманның жел өтінде, шаш етек шаруа басында жүрген, жейдесінен жүрегі көрінген ақ көңіл, адал мінезбен сомдалып жатады. Әлгі адамдардың болмыс- бейнесі арқылы өзінің өскен топырағына, туған жеріне, өнегесін алған адамдарға перзенттік тәубашылығын танытумен құнды. Адам мінезі тағдырды туғызады. Мінез табиғатына тереңдеп үңілу суреткердің ғана қолынан келеді. Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- санасындағы жақұт тасындай тозбас, өңін бермес асыл қасиетінің астарын ашып жазуға бейім: өміршеңдігін паш етеді, өнегесін ұсынады, сондықтан да оның сөз өрнегі баяғы шешендердің қоңыр кеңесіндей мағыналы да астарлы, базбірде әдейі күрделендіріп, қияндатып жазады. Бұл бүгінгі теледидар мен телеграф стиліне көшкен, шолтаңдатып сөз саптауға дағдыланған «жеңіл жазғыштарға» қарсы күресі секілді.Оқушысын күрделі ойлап, байсалды баяндауға баулитындай әсер қалдырады.Жазушының осы қасиеті оны өзге-

лерден ерекше етіп біршама даралай түседі.

Досжанов ел тіршілігін көз алдыңызға сурет салып елестетіп қана қоймайды, оны іш тартып елжірей жақсы көруге шақырады; «Ергежейлі» әңгімесіндегі кемтар үлкендердің қолтаңба ойыншығына айналды. «Кісі ақысындағы» адам наласы адамды жібермейді деген ұжданның ұлы сабағы, «Арыстанды- Қарабастың желі» әңгімесіндегі адамның адамгершілігі өзгеге керектігімен өлшенеді деген игі пәлсапа, «Көкпардағы» қазақ бойында тек жерге қараған момындық емес, беттесіп, белдесіп өтер қайсарлық мол деген ой- бейне қамшының өріміндей жымдасып жырланады. Адамдар бұл дүниенің қонағы, енер есік бар, шығар есік бар, ал туған жердің топырағы өзіңнен кейінгілердің де асыл мұрасына айналуын ойла, алаған қолыңмен бере біл, аяла, құт, қамын же деген мәңгілік шындықты шегелей түседі.

Дүкенбай Досжановтың шығармасы қазақ жазушыларының ішінен бірінші болып жапон тіліне аударылды. Бұдан біз оның суреткерлік үніндегі базбір өзгеше өміршең әуенді, шығысқа тән этнографиялық бояуларды байқағандай боламыз. Қазіргінің сөзімен айтқанда жатқан жыланның сырын сезіп білетін соншама есепқой, пысық ел қазақ жазушысының «Қымызы» мен «Көкпарын», «Өрігі» мен «Бетпақтың сексеуілін» бекер аударып отырған жоқ; сары сахараны желдей есіп еркін жайлаған, ешкімге есесін жібермеген, ешкімнің ала жібін аттамаған кең қолтық қайсар мінез қазақтың арғы аңғарын тануға талпынушылық. Қаламгердің сөз қолданысы баяу ағысты, ішінен тұнып жылжитын дарияға ұқсайды. Әрі жылы, әрі нәрлі. Қазақ тілінің білгірі, аудармашы Герольд Бельгер: «Этнографиялық сипаттауға мол жүгінетін Досжанов шығармасында өзім ешқашан ұшыратпаған жылқы атаулары мен киіз үй жабдығының сөздерін кездестіріп аударма үстінде қатты қиналдым»,- деп жазды. Немістің есімі белгілі сыншысы Леонард Кошут былай деп жазды: «Неміс тілінде екі дүркін шыққан «Жусан мен гүлдер» кітабынан өз басым автордың өткен күн мен бүгіннің ара жігін жымдастыра суреттеуге құлшынысын сездім. Өткеннің өнегесін тәптіштейді. Сол арқылы әкелер жүріп өткен жолдың қиындығы мен қасиетін қатар сезінуге шақырады».

Дүкенбай- өз ісінің нағыз шебері. Оның қаламынан туған «Жібек жолы», «Мұхтар жолы» романдары, ондаған повесть жазушының өзінің отын өзі өшірмей жүрген, инемен құдық қазғандай еңбекқорлығын, әрі табандылығын көріп сүйсінеміз.Өз болмысын, табиғатын, жан дүниесін пендешілік күйкі мақсаттан арылта жүруге осынау қара сөздің киесі құтқарады деп сенеді. Өнерін өміршең етуге жанын салады.

Бұл ретте жазушының тарихи шығармалары бір төбе. Досжановтың тарихи тақырыпқа қайта айналып соға беретіні оның өткен күнді көксеуінен емес, келер күннің қамын жегеннен, өткеніміздің өкінішінен сақтап жүрейік дегеннен. Өз кейіпкерін заман желімен үндестіре, сарындастыра сомдау, әдеби бейнені образ деңгейіне көтере жазу

кім көрінгеннің қолынан келетін іс емес. Жазушының табандылығына тәнті бола отырып, оның бүгінгі үлкен әдебиетіміздің ауыр жүгін қал- қадірінше көтеріп жүрген абыройлы борышын қуана құптаймыз.



Шығармалары :

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу