Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет8/10
Дата23.10.2016
өлшемі1,84 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қазыбеков Н. Халық сүйген жазушы // Қазыбеков Н. Ой таразысы.- Алматы,1991.

Қаратаев М. Ғасырлар үндесуі // Қаратаев М. Революция рухымен.- Алматы,1978.

х х х
Ақшолақов Е. Елін сүйген Есенберлин // Жұлдыз.-2009.-№11.

Алпысбаев Қ. І.Есенберлин романындағы тарихи тағылым //Ақиқат.-2008.-№12.

Алпысбаев Қ. Қайта жаңғырған шығарма: ( І.Есенберлин романдарындағы Алаштық идея) //Жаңа Сарыарқа.-2008.-№6.

Алпысбаев Қ. Тарлан талант тағылымы:(Жазушы Ілияс Есенберлин туралы) //Жұлдыз.- 2006.-№10.

Алпысбаев Қ. «Көшпенділер» романындағы тарихи дерек көрінісі //Жұл

дыз.-2011.-№6.

Досанов С. Ұлттық рухты оятқан ұлы суреткер: (І.Есенберлин-90) // Қазақ әдебиеті.-2006.-31 наурыз.

Ілияс Есенберлин //Жалын.-2009.-№ 8.



Есенжанов Хамза

(1908-1974)


Хамза Есенжанов қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған, ақиқат, шындыққа тайсалмай қызмет еткен жазушы.

«... Өмірі де шым- шытырық уақиғаларға толы «Ақ Жайық»- құр трилогиялық атау емес, арман- мүддеге, биік мақсат- мұратқа бағышталған шуағы мен ызғары аралас өмірдің философиялық мән- мазмұнын айғақ-

тайтын символы іспеттес»,- деп жазды белгілі сыншы, аудармашы Герольд Бельгер жазушы шығармашылығы жайында.

Хамза Есенжанов 1908 жылы Батыс Қазақстан облысының Чапаев ауданында туылған. Әдебиетке ерте келіп 1930 жылы «Жаңа әдебиет» журналында тұңғыш әңгімесін жариялады. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институты қабырғасында оқи жүріп өлең, әңгімелер, әдеби сын мақалалар жазған.

1933- 36 жылдары Х.Есенжанов СССР Ғылым академиясының қазақ филиалында әдебиет секторының меңгерушісі болып қызмет істеген.Осы жылдары ҚазПИ- де орыс әдебиеті тарихынан дәріс берген.1936 жылы Ленинградтағы мемлекеттік көркемөнер жөніндегі ғылыми- зерттеу институты жанындағы аспирантураны бітірген.

Хамза Есенжанов өмірдің ауыр соқпақтарынан өтіп, қиын заманда күрделі, ауыр өмір кешті. 1937 жылдың нәубетін басынан өткізген жазушы, «ұлтшыл» деген жалған айып тағылып қуғын- сүргінге ұшырап, он жеті жылға созылған ұзақ үзілістен соң әдебиетке қайта оралады. Оның «Ақ Жайық» трилогиясы, «Көп жыл өткен соң», «Ағайынды Жүнісовтер» романдары , «Елші трагедиясы» атты драмасы, бірнеше әңгіме, публицистикалық және сын мақалалары қазақ әдебиетіне үлкен үлес болып қосылды.

1957 жылы жазушы өзінің елеулі еңбегі «Ақ Жайық» романын жазып аяқтады. Романда Батыс Қазақстан еңбекшілерінің жаңа өмір орнату жолындағы күрестері суреттелген.

«Ақ Жайық» романының 1-кітабы 1958 жылы, 2- кітабы 1961 жылы, 3- кітабы 1968 жылы шықты. Х.Есенжанов шығармашылығының ең биік белесі болған осы трилогиясы үшін оған Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.

Х.Есенжанов көркем әдебиет шығармаларын қазақ тіліне аударуда да көп еңбек етті. Ол Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Тургеневтің «Рудин» романын, Шолоховтың «Тынық Дон» романының І томын қазақ тіліне аударды, бастауыш және орта мектептерге арналған оқулықтар жазды.

Хамза Есенжанов 1974 жылы желтоқсанда қайтыс болды.


Шығармалары:
Есенжанов Х. Шығармалар жинағы: 6 томдық.- Алматы: Жазушы,1978.

Есенжанов Х. Таңдамалы.- Алматы: Ана тілі,2008.

Есенжанов Х. Ақ Жайық: Трилогия.-Алматы:Жазушы,2003.

Есенжанов Х. Жүнісовтер трагедиясы: Роман.- Алматы: Жазушы,2009.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Сәрсенбаев Ә. Хамза жайлы бірер сөз // Сәрсенбаев Ә. Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы, 1986.

Серіқалиев З. Тағдыр // Серіқалиев З. Жандауа. – Астана, 2004.


х х х
Бейісқұлов Т. Ақ Жайықтың ақиығы: ( Хамза Есенжанов) // Әдебиет айдыны.-2008.-13 қараша.

Бейісқұлов Т. Құныскерей кім?: (Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романының кейіпкері Құныскерей туралы шындық) // Ақиқат.-2006.- №1.

Сисенғали З. Бейопа заманның құрбандарына ескерткіш: Хамза Есенжановтың шығармаларына жаңаша көзқарас осындай // Ана тілі.-2008.-11 желтоқсан.

Сүлейменова Д. «Ақ Жайықтың» анасы: Хамза Есенжановтың туғанына 100 жыл // Ана тілі.-2008.-3 шілде.

Сүлейменова Д. Жазушы тағылымы: Хамза Есенжанов-100 // Әдебиет айдыны.-2008.-24 шілде.

Таубаева А. «Ақ Жайығымен» айбынды Хамза аға: (Х.Есенжанов-100)

//Жұлдыз.-2008.-№12.

Есламғалиұлы Мұқадес

(1946-2004)


Оқырман қауымның ықылас- ілтипатына бөленген қаламгерлеріміздің бірі- Мұқадес Есламғалиұлы. Жазушы 1946 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында дүниеге келген. 1967 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Республикалық «Лениншіл жас» газетінде 1966 жылы «Ынжық» деген тұңғыш әңгімесі жарияланған. Одан бергі уақытта «Аққу сазы», «Екінші тыныс», «Қайырлы таң», «Екі басқа дүние», «Провный камень», «Толқын мен ағын», «Өз жүрегіңе үңіл», «Тұман ішіндегі кеш» секілді әңгімелер, повестер, романдары кітап болып шықты.Бұған қоса, « Сан қилы сауал», «Әйтеке би» т.б. тарихи зерттеу кітаптары жарық көрді.

1977 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Аққу сазы» - Мұқадес Есламға-

лиұлының тырнақ алды туындысы. Жинаққа жас автордың республикалық газет- журналдарда жарияланған бір топ әңгімелері мен « Аққу сазы» атты лирикалық шағын повесі енгізілді.

Жинаққа енген «Сарбаз кегі», «Дайрабай», «Ақшолақ», «Ақ жібек орамал», «Соңғы самғау» деген әңгімелері кейбір тарихи оқиғаларды сөз етсе, «Аққу сазы» повесінде консерватория бітіріп, ауыл мәдениетін көтеруге белсене араласып жүрген жас әуесқой композитор Айжарықтың өмірге деген құлшынысы, махаббаты дәріптеледі.

Жазушының «Екінші тыныс» кітабына еніп отырған повестер мен әңгіме-

лерінің тақырыптары әр қилы. «Зерлі тонға» - Ұлы Оқтябрь социалистік революциясына дейінгі қазақ ауылындағы әлеуметтік оқиғалар, үстем тап өкілі Есенкелдінің ар алдында күйреуі арқау болған. «Көкжиектің ар жағында» повесі- кешегі майдангер, қарапайым ауыл еңбеккері Нұржанның қарапайым өмірі туралы шыншыл шығарма.

Мұқадес Есламғалиевтің жинақтарында кейіпкерлер көбінесе өз замандастары болып келеді. Олар ауыл еңбеккерлері, жас мамандар, инженерлер, құрылысшылар, архитекторлар, студенттер, журналистер. Қаламгер олардың өмірге деген құлшынысын, қам- қаракеттік жан дүниесіндегі сан алуан өзгерістерін баяндайды.

Мұқадес Есламғалиұлы «Тұман ішіндегі көш» романы үшін 2001 жылы Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды.

В.Шукшин , В.Распутин т.б. бұрынғы КСРО аймағындағы республикалар жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады.
Шығармалары:
Есламғалиев М. Аққу сазы: Повесть пен әңгімелер.- Алматы: Жалын,1977.

Есламғалиев М. Екінші тыныс: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын,1982.

Есламғалиев М. Қайырлы таң: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1984.

Есламғалиев М. Екі басқа дүние: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын,1988.

Есламғалиев М. Толқын мен ағын: Роман.- Алматы: Жазушы,1992.

Есламғалиев М.Тамаша.-Алматы: Қайнар,1994.

Есламғалиев М.Сан қилы сауал: Ой толғау.- Алматы:Ана тілі,1995.

Есламғалиев М. Өз жүрегіңе үңіл: Роман, повесть және әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1996.

Есламғалиұлы М. Тұман ішіндегі кеш: Роман, пьеса, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 2000.

Есламғалиұлы М. Әйтеке би: тарихи- философиялық дилогия: Екі кітапты роман.- Алматы: Жазушы, 2007.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Асылбекұлы С. Дүние дабылы: (Жазушы Мұқадес Есламғалиұлы туралы)

/ Жалын.-1007.-№4.

Нәріков А. Қанатты сөз қарымды қаламнан туады: Жазушы М.Есамғалиұлының фәниден бақиға көшкеніне үш жылдың бедері болды

//Ана тілі.-2008.-24 шілде.




Жабаев Жамбыл

(1946-1945)


Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең- жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім Сүйінбай...» деп, Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім- тәрбие алған. Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында қалған жоқ. Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен. Асанқайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай , Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ т.б. ақындарды үлгі етті.

Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген. Қырғыз манасшылары мен жомоқшылары арасында әріптес достары көп болған, солармен бірге қырғыз айылдарын аралап, өлең айтып, жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. Атақты Тоқтағұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен жарыса «Манас», «Ер Төштік» эпостарын жырлаған, олардың ілтипат- ықыласына бөленген. Жамбыл бүкіл әлемге тараған «Мың бір түннің» тарауларын, Орта Азия мен Кавказ халықтарына ортақ «Көрұғлы» жырын , Фирдоуси «Шахнамасының» үзінділерін жасынан жаттап алып, айтып жүрген. Осындай қайнарлардан нәр алған Жамбыл өсе келе тек қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болып қалып-

тасқан. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі сирек кездесетін құбылыс.

Ал Жамбыл өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі ақын ретінде сезінген («Шын жүректен жыр төгіп, сөйлеп бір кетті жырауың», «Не естісек, соны айту- ежелден ісі жыршының», «Жамбыл ақын сөйлеген сөзді бекер демеңдер») Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең- жырмен өткізген Жамбыл- өткен екі ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті.Жамбылдың шығармашылық өмірі негізінен, 19 ғасырдың 70- жылдарынан басталған. Бұл- қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдары бүкіл қазақ елін түгел жаулап алған Ресей империясы енді оны басқарудң жаңа амалын тапқан- ды.

Сөйтіп, 1868 жылы «Жаңа мизам» негізінде Қазақстан үлкен 6 облысқа , облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлініп, қазақ даласына ішкі Ресейдің басқару жүйесі отаршылдық сипатқа көшірілді.Соның салдарынан қазақ халқы арасына Ресей мемлекетінің бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз құбылыстар мен іс- әрекеттер жайылды. Осының бәрі халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс- салтын бұзды, елдің ішіне іріткі салды, адамдардың санасы мен мінез- құлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын болмаған жағымпаздық, болыстыққа талас, ағайынға жала жабу, біреудің үстінен шағым айту, кісіні алдау, өтірік айту, барымта сияқты жағымсыз қылықтар пайда болды, арамтамақтар көбейді. Жерден, малдан айрылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы жадап, ел күйзеліске ұшырады.

Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлайды, мысқылдайды, сынайды, күйініп те, қиналып та сөйлейді. Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен айтыстарында да сақтап, турашылдығымен ерекшеленеді. Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері- оның айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырып салмалық дарынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін өсірді және тақырып аясын кеңейтті.

Жамбылдың Сайқал қызбен (1864-65), Жаныс ақынмен (1866), Бөлектің қызымен (1873), Бұрым қызбен (1873), Айкүміспен (1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875), Шыбылмен (1890), Бөлтірікпен, Құлманбетпен (1897), Шашубаймен (1909) т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай- қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді.Жамбыл айтыстарының көбісі көтеріңкі, лепті интонациямен басталады, ұйқастары әр алуан болып келеді.Қарсыласын ащы мысқылдау, өлеңмен тұқырту, өзін көтере сөйлеу, қарсыласы мақтаған адамдарын мінеу секілді сол заманның айтыстарына тән әдісті Жамбыл да пайдаланады.

Ұлы Отан соғысы тұсында Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрініңде жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді:

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін...

- деп, ұлы ақын өзінің атақты «Ленинградтық өренім» өлеңінде жауынгерлерді жігерлендіріп, ерлікке шақырды.

Жамбыл Алматы облысы қазіргі Жамбыл ауданында жүзге қараған шағында 1945 жылы қайтыс болды.

Жамбыл есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, мәдениет пен өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде атап өтті.
Шығармалары:

Жамбыл. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1982.

Жамбыл. Таңдамалы шығармалары.- Алматы: Жазушы,1967.

Жабаев Ж. Таңдамалылар.- Алматы: Жазушы,1977.

Жамбыл. Таңдамалы шығармалары: Екі томдық.- Алматы: Ғылым,1996.

Жамбыл. Ел қадірін біл, балам: Шығармалары.- Алматы: Жалын,1996.

Жамбыл. Жүз жасаған жүректен: Өлеңдер.- Алматы: Балауса,1996.

Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Амандықов Я. Жамбыл өнер әлемінде.- Алматы,1998.

Жамбыл және қазіргі қазақ поэзиясы: Жинақ.- Алматы: Ғылым,1975.

Жамбыл әлемі. Мир Жамбыла. Jambyl’S Time.- Алматы,1996.

Жамбыл- менің жай атым // Алматы,1996.

Жамбыл салған ән еді: Әндері мен күйлері/ Құраст. А.Қыраубайқызы.- Алматы: Жеті Жарғы,1996.

Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары.- Алматы,1996.

х х х
Әшімова С. Жамбыл және түркі халықтарының эпикалық мұрасы //Түр-

кістан.- 2011.-7 сәуір.

Жыр алыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945) // Жұлдыздар отбасы ( Аңыз адам).-2011.- №8.

Жыр алыбы Жамбылға 165 жыл // Дала.-2011.- №2.

Күзембай С. Жамбыл және музыка: Жыр алыбының туғанына 165 жыл

//Алматы ақшамы.-2011.-21 сәуір.

Майтанов Б. Жамбыл шеберлігінің бір қыры // Ана тілі.-2011.-23 маусым.

«Мен өзі көпті көрген ақсақалмын...»: Жамбыл-165 // Қазақ әдебиеті.-2011.-25 ақпан.

Сара жырдың сарқыты: (Жамбыл- 165. Мақалалар) // Жетісу.-2011.-1 нау-

рыз.


Тұрысбек Р. Өмірі өрнекті, өнері өрісті: Жамбыл- 165 //Егемен Қазақстан.-2011.-26 ақпан.
Жансүгіров Ілияс

(1894-1938)


Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың, атақты алыптар тобының – бірі Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауатын ашқан. Қарағаш аулында жәдитше бастауыш мектепті бітірген, болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.

1919 жылы Ташкентке келіп екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.Оны бітірген соң өз аулында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.1922 жылы Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.

1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі жұмыстар атқарған Ілияс, 1934 жылы Қазақстан Жазушылар одағының І съезінде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланады. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілген.1958 жылы ақталады.

Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылдан бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін,1957 жылы Ұлттық кітапхана қорынан табылды.Ілиястың баспа бетін көрген алғашқы туындылары- «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіровтің өлеңдері «Тілші», «Ақжол», « Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді.

1925-28 жылдары Жансүгіров өлеңдері сан жағынан молықса, сапа жағынан да салмақтана, тереңдей түсті, тақырып жағынан да толықты. Осы кезден «Заводта», «Орақ пен балға», «Отарба» өлеңдерін үлкен ақындық шеберлікпен жазып, қазақ поэзиясын тың тақырыппен байытты.

1928 жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы басылып шықты. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшһүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы- қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері.Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Ол әдебиеттің күллі жанрында қалам сілтеген қаламгер. Алғашқыда ол лирика жанрымен қатар қоғамдық талапқа сай сол заманның өзекті мәселелерін көтерген шағын жанр- әңгіме, фельетон түріндегі сатира жанрын дамытты. Қоғамдағы теріс мінез, ұсқынсыз әрекет, сыйықсыз қылықтарды тез көріп, өткір әжуа, ащы тілмен сатиралық образ жасау Ілияс дарынының негізгі бір қыры. Оның «Сөз Қамысбаевқа!», «Құқ», «Сыйға сый, сыраға бал», «Жарайсың, Шұлғаубаев!», «Шалқыбай», т.б. туындылары «Құқ» деген атпен жеке жинақ болып басылып шығып, оқырман ілтипатына бөленді.

Жансүгіровтың прозалық шығармалары еңбек адамдарының өміріндегі жаңа сипатты бейнелейді. Қаламгер қазақ халқының өмірінде бұрын болмаған жаңару процесін, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруін типтік образдар арқылы суреттеді. Мұның өзі зор тәрбиелік рөл атқарды. Жансүгіров прозасының елеулісі- оның 1935 жылы жазылған «Жолдастар» романы. «Жолдастар» романы жаңа дами бастаған қазақ прозасын тың белеске көтерген салмақты шығарма. Романда І- дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының әлеуметтік жағдайы, өмір қайшылықтары,1916 жылғы көтеріліс, Ақпан, Қазан төңкерістері халық өмірі аясында көркем бейнеленген.

Жазушы драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек» (1931), «Түрксіб», «Исатай- Махамбет» (1936) т.б. пьесалар жазды. «Кек» (қазақ ауылындағы тарихи тартыс тақырыбын қозғаса, «Түрксіб» Түркістан-Сібір темір жолын салу жұмысындағы шытырман тартыс оқиғаларын бейнелейді. «Исатай- Махамбет» пьесасы тарихи тақырыпты қозғаған жазушының елеулі шығармасы.

1931-36 жылдары Ілияс ақын ретінде толысып, кемелдене өсті. Бұл тұстағы оның ерекше еңбегі, әсіресе, үлкен эпикалық поэмаларынан байқалады. Жансүгіров барлығы 15 поэма жазған. Оның біразы аяқталмай қалған. Ілиястың ұлылығын аспандатқан, бүкіл қазақ әдебиетіне олжа салған шын мәніндегі асыл да жарқын поэмалары- өнерге, өнерпаздарға арналған туындылары. 1929 жылы «Күйден» басталған үрдіс 1934 жылы»Күйшіге» жалғасып, қызыл қырғыннан бітпей қалған 1937 жылғы « Көбік шашқан» мен газет бетінде жарияланып қайта «өңдеуден» өтпей қалған «Құлагер» поэмалары ақынды еш уақытта өлтіртпейтін, әрқашан жоқтатып отыратын ұлы көркем шығармалар. Бұл шығармалар Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі. «Күй» поэмасында ол өнер тегін,тетігін терең бойлап тани білетін нәзік эстет екенін танытса, «Күйші» поэмасында ол өнердің адам өміріндегі рөлін, азаттық пен азаматтыққа әсерін, махаббат парасатының биіктігін бейнелей тұрып, әлеуметтік қайшылықтар төркінін де аңғартады. «Құлагер» - Жансүгіровтің алуан сырлы ақыл- ой сезімдерін ағындап, тасқындап келіп құйған терең арналы туындысы. Шығармаға сазгер әрі әнші, әрі ақын Ақан серінің өміріндегі трагедия өзек болған. Сюжет желісі- халықтық аңызға айналған тарихи шындық. Поэмада заман сипаты, адамдар арасындағы әлеуметтік тартыс, Құлагердің өліміне байланысты жанды көріністер шынайы суреттеліп, сол дәуірдегі халық өмірінің тыныс- тіршілігінен мол мағлұмат берілген. Шығармадағы оқиғаның шымыр дамуы, кейіпкерлердің мінез даралығы, портреттік бейнелер- ақын шеберлігінің айғағы. Поэмада халық өмірі, тұрмысы, әдет- ғұрып, дала табиғаты әсерлі суреттелген. 20 – ғасырдың 70 жылдары Жансүгіровтің осы шығармасы негізінде кинофильм түсірілді.

Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына да үлкен үлес қосып, өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізген.

Ақын әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына да ат салысты.

Ілиястың әсіресе, өндіре жұмыс істеген саласының бірі- көркем аударма.

Ол А.Пушкиннің көптеген өлеңдерін, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне аударып шықты. М.Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұтқын», «Қанжар», Н.Некрасовтың «Темір жол», М.Горькийдің «Дауылпаз», Гейне мен Гюгоның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың, тәжік ақыны К.Лахутидің классикалық шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. Жансүгіров поэзиясы терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Оның ақындық ерекшелігі көркем тілінде. Жансүгіров – қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерген қаламгер.
Шығармалары:

Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,2002.

Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт,2004.

Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1986.

Жансүгіров І. Шығармалар: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Көркем әдебиет,1958.

Жансүгіров І. Құлагер: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1994.

Жансүгіров І. Құқ: Фельетондар мен сықақ әңгімелер.- Алматы:

Қайнар,1995.

Жансүгіров І. Күй: Өлеңдер мен дастандар.- Алматы: ҚАЗақпарат,2005. Жансүгіров І.Жолдастар: Роман.- Алматы: Жазушы, 2009.- (Қазақтың 100 романы)

Жансүгіров І. Құлагер: Поэма- Кулагер: Поэма.- Алматы: Жібек жолы,2006.


Өмірі мен шығармашылығы:
Ілияс Жансүгіров// Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалаулар.- Алматы, 2001.

Сарбалаев Б. Ілияс Жансүгіров.- Алматы: Рауан,1991.

х х х
Бельгер Г. Сыршылдық пен сырбаздық: ( А.С.Пушкиннің «Гавриилиадасы» және І.Жансүгіровтің «Жебірейілнамасы» хақында) //Әлем әдебиет.-2007.-№2.

Бейісқұлов Т. Білгір, тарихшы, қамқоршы: (І.Жансүгіров) //Мәдениет.-2010.-№2.

Бейісқұлов Т. Құлагер ақынның қазасы: (І.Жансүгіров) //Жұлдыз.-2010

.-№1.


Жылқыбаева Ш. Ақиық ақын: (І.Жансүгіровтің поэмалары туралы) //Жұл-

дыз.-2008.-№3.

Иманғазинов М. Даңқты ұлы қазақтың: ( Ілияс Жансүгіров туралы) //Жеті-

су.-2009.- 25 сәуір.

Сыдықов Т. Қара қобыздың киесі: немесе І.Жансүгіровтің «Күй» поэма-

сына жаңаша көзқарас // Жетісу.-2008.-17 мамыр.




Жароков Тайыр

(1908-1965)


Көрнекті қазақ ақыны Тайыр Жароков 1908 жылы 26 қыркүйекте Орал облысының Орда ауданына қарайтын Жетібай аулында кедей шаруа отбасында дүниеге келді.Ауылдағы орысша- қазақша мектепте сауатын ашқан.1923-27 жылдары Орынборда Қазақтың халық ағарту институтында, 1928-32 жылдары ҚазПИ-де оқыды.1931-35 жылдары Ленинградтағы Тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған.Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары, Жамбылдың әдеби хатшысы қызметтерін атқарған.

Ұлы Отан соғысы жылдары әскери қызметте болды. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында ( қазіргі «Жазушы») еңбек етті. Жароковтың тырнақ алды өлеңі «Аэроплан» 1927 жылы, «Жұлдыз» жарығы атты тұңғыш жинағы 1932 жылы басылды. 1930 жылдары–ақ құнды шығармалары арқылы қазақ ақындарының алдыңғы легіне қосылды. Сол кездегі жемісті еңбегін «Нефтьстан» (1933), «Мотор жыры» (1934), «Өмір сөйлейді» (1934), «Күн тіл қатты» (1934), «Мұз тұтқыны» (1935), «Тасқын» (1937,1949), «Отан даусы» (1938), «Нарын» (1940) секілді кітаптарынан байқауға болады. Өмір құбылыстарын көтеріңкі леппен, романтикаға бөлеп, екпінді жырлау, жаңалық атаулыны дер кезінде аңғарып, жырға арқау ету- Жароковқа тән қасиет. Оның «Мотор жыры», «Бес жылдықтың балғасы», «Миллион толқын», т.б. өлең, поэмалары осындай шеберлікпен жырланған.

Отан соғысы жылдары Отанымыздың ел қорғаған ұл- қыздары жайында «Совет сұңқарлары» (1942), «Зоя туралы жыр» (1944) кітаптарын жариялады. Соғыстан кейінгі «Жеткіншек» (1948), «Бақыт жырлары» (1949), «Жапанды орман жаңғыртты» (1949), «Костер басында» (1952), «Қырда туған құрыш» (1954-55-56), «Құмдағы дауыл» (1958), «Тау жырлайды» (1962), «Теңіз баласы» (1963), «Тасқынға – тасқын» (1965) атты кітаптарында туған жерді көріктендіру, ел байлығын арттыру, халық игілігі үшін күрескен ерлердің бейбіт еңбегін жырлады.

Тайыр Жароков – лирикалық өлеңдердің хас шебері. Ақынның «Сүйгенім», «Кім тоқтатар?», «Афина қызына», «Жыр» тағы басқа өлеңдерінде сұлу әрі сазды өлең өрнектеп, көркем образ ояды.Сөз дірілдеген сазға, сұңқылдаған үнге, керемет адам бейнесіне айналады. Лирик таланты 1940 жылы жазылған «Есік көлі» өлеңінде жарқырай ашылған. Ақын эстетиканың шыңына шығады, қарапайым сөзден қуатты ой, сұлу сезім, поэзия аспанына әдемі кемпірқосақ келеді.

Бұл не қылған ғажайып көл,

Тау басына орнаған.

Сұлулықты махаббатқа,

Көл сезімді өсірген.

Жаратқан да табиғаттан

Танған шығар есінен!

Бұл не керемет! Неткен ғажап сұлулық! Әсіресе, әсіресе сұлулыққа жаратқан сұқтанған. Онымен қоймай жерге түскен, табиғат тамашасына таңданады.

Есте жоқ ерте кездегі грек құдайлары Зевс, Аполлон, Афродита жердегі сұлулыққа табынса, қазақ құдайы естен танған. Бұл- анық айтқыштық.

Ақиық ақынның ұлы тақырыбы – туған өлке тарихы.Кіндік кескен жерге аз келсе де, Тайыр Жароков қарашаңырақтың қатпар- қатпар өмір өткелдеріне ынтыға көз тіккен. Осындай көлемді , әуезді жыр тобы –«Нарын», «Жапанды орман жаңғыртты» поэмалары. Қазақ зерттеушілерінң хрестоматиялық жолдарына айналған:

«Қарашы- орман қырларын,

Даласы қандай жап- жазық

Бір жағында құм Нарын,

Бір жағында Ақжайық»,-

деп, басталатын «Жапанды орман жаңғыртты» поэмасы- шұғылалы шығармалардың бірі.

Т.Жароков аударма саласында да өндіріп еңбек еткен ақын.Ол Ш.Руставели, А.С.Пушкин, Т.Шевченко, М.Лермонтов, Н.Некрасов, В.Маяковский, М.Алигер, А.Сурков шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ақын екі ретЕңбек қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Өз ғасырының перзенті, өмірді сөйлете білген Тайыр Жароков әдебиетіміздегі жарық бейнелердің бірі. Ол әдебиет сапында қоғам қайраткері ретінде әрі сөз өнері аясында ірі характер әкелген, көркем сөздің шебері қатарында қала бермек.




Шығармалары :

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу