Кіріспе Жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сынып жаратылыстану-математикалық
бағытына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
пән мұғалімдеріне, білім алушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу
бағдарламасы негізінде дайындалған. Оқу бағдарламасында қамтылған бөлімдер бойынша
дайындалған жиынтық бағалау тапсырмаларының түрлері пән мұғалімдеріне әдістемелік
қолдау көрсетуге бағытталды.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік құралда бөлім/ортақ тақырып
бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары
бар тапсырмалар ұсынылған. Сонымен қатар, бөлім бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларынан соң білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері
(рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар нақты берілген.
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар білім алушылардың
сөйлеу әрекетінің
түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормасы дағдыларын
тексеруге құрылып, соның негізінде пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік
дағдыларды бағалауды көздейді.
Әдістемелік жинаққа енген жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың
сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормасы
дағдыларын шынайы бағалауда әдістемелік көмек көрсетеді.