59
өтеді. «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған конференцияға
Америка, Жапония және тағы басқа елдердің сала өкілдері қатысады.
Жапония Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күрес жолындағы басты үзеңгілесі
саналады. Өйткені қос ел де қатерлі қарудың ащы тауқыметін тартқан, тағдыры ортақ.
Бүгінде тараптар әлемді ядролық қарудан азат ету үшін бірлесу туралы шешімге келді.
https://old.qazaqtv.com/kz/view/politics/page_198264_kazakstan
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға
ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған –
белгілі
қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей
облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі
ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.
Онда былай делінген
болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары
қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз
келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу,
өмірге нәресте әкелу
мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде
бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз
«Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір
дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық
сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен
газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері
өз сессияларында қозғалыс
ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен
ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей
полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО
Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел
ауағы ядросыз аймақ деп
жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық
шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен
қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып,
атом қаруынан бас тарту
әрекеті
жасала
бастады.
Семей
полигоны
жабылғаннан
кейін
Ресейдің
,
АҚШ
пен
Францияның
полигондарында
ядролық қаруды сынауға мораторий
жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың
мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
А мәтіні
Ә мәтіні
Тақырыбы
Автор көзқарасы
Қызметі
Құрылымы
Тілдік ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: