Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет52/63
Дата04.10.2022
өлшемі2,22 Mb.
#151507
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
Қазақ тілі 11 жбм бжб,тжб

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 

2-нұсқа 
 
Тыңдалым мен айтылым 
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер 
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер 
 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің көздеген мақсатты аудиториясы кімдер? Автор 
мақсатты аудитория үшін қандай терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, 
қолданады? Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөйлеудегі 
интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз. 
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп 
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді 
қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. 
[10] 
1-мәтін 
Жаһандану процесінде білікті мамандарға қол жеткізудегі бәсекелестіктен зияткерлік 
миграция (маманның белгілі бір себептерге байланысты басқа мемлекетке қоныс аударуы) 
туындады.
 
Анағұрлым «өтімді» мамандықтардың қатарына медицина қызметкерлерін жатқызуға 
болады. Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер, медбикелер және кіші медициналық 
қызметкерлер мансапқа жету және жаңа мүмкіндіктерді іздеу мақсатында миграция 
мүмкіндіктерін пайдалануға тырысады. Соңғы жылдары мұндай миграция деңгейі 
айтарлықтай өсіп келеді. 
Әлемдік денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлер мен халықтың саны жағынан 
теңгерімсіздік айқын көрініс табуда. Ал медицина қызметкерлерінің миграциясы осы сандық 
айырмашылықты одан әрі өршітеді. 
Табысы жоғары елдерде медициналық қызметкерлерге деген сұраныс үнемі өсіп 
отырады. Медициналық қызметкерлердің миграциялық үрдісіне сәйкес, елдер негізгі екі 
топқа бөлінеді: бастапқы немесе тудырушы (донор) елдер және қабылдаушы (реципиент) 
елдер. 
Бастапқы елдер мамандар дайындауды жүзеге асырады. Ал қабылдаушы елдер 
денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерін лайықты жалақымен және еңбек 
шарттарымен қамтамасыз етеді, өтемақы жүйесін әзірлейді. 
Еуропа елдерінде соңғы 30 жылда денсаулық сақтау саласындағы мигрант-
қызметкерлердің саны әр жыл сайын 5%-ке өсіп отырған. Қазір әлемде медициналық 
қызметкерлердің тапшылығы байқалады. Әлемдік еңбек нарығында жалпы медициналық
қызметкерлер құрамының тапшылығы 4,3 млн адамды құрайды. 
Медициналық қызметкерлердің 86%-і АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, 
Аустралия сияқты ірі бес елде жұмыс атқарып жүр, ал әлемнің 57 елінде қызметкерлердің 
жетіспейтіндігі анықталды. 


77 
Денсаулық сақтау саласындағы миграцияның негізгі бағыты –
Германия және 
Ұлыбритания. Мұнда мигранттардың кейбірі мемлекеттік құрылымдарда, яғни емханаларда 
еңбек 
етсе, 
кей 
жағдайларда 
науқастардың 
үйіне 
барып 
та 
жұмыс 
жасауына тура келеді. 
Миграциялық саясаттағы маңызды бағыт
– мигрант-қызметкерлердің құқықтарын 
ескеру. 
Martebe.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет