«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер
1-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы кімдер? Автор олар үшін
қандай тілдік құрылымдар мен терминдерді қолданады? Түртіп алып,
талдау жасауда
қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2
сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын
анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді
білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы
жөнінде Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының (ОАЕҚ)
атқарушы директоры Ринат
Темірбеков әңгімелейді.
- Қазақстанда туризмді, оның ішінде экотуризмді дамытудағы проблемалар қандай?
Және бұл саланы көптеген шет елдерде сияқты мемлекеттің негізгі табыс көзіне
айналатындай деңгейге көтеру мүмкін бе?
- Туризм, оның ішінде экотуризм – табысы бірқатар
факторлардың жиынтығына
тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Әдетте, кез-келген шетелдік сапар үшін туристік
компаниядан сатып алынатын ең қарапайым туристік өнімнің ішіне визаны рәсімдеу және
демалу орнына дейін жеткізіп салу қызметтері, қонақ үйде тұру,
тамақтану, көңіл көтеру
бағдарламалары мен түрлі қауіптерге қарсы сақтандырулар кіреді. Туристің алатын әсері
сапардың
қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қолжетімділікке, көрсетілетін әр
қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне
байланысты
болады. Осы тұрғыдан біздің қазақстандық мүмкіндіктерге қарап көрейікші, онда тиісті
талаптарға сай емес сапасыз жолдарды, интернеттің әлі де жоғары тарифтерін және көптеген
осы сияқты кемшіліктерді көреміз.
Сонымен қатар, қонақтарды күту үшін арнайы
жабдықталған үйлердің қызметін құқықтық реттеу әлі де жолға қойылмаған. Оларға кейде ірі
қонақ үйлерге арналған талаптар қойылып жатады. Кейде экотуризм бизнесіне машықтанған
жергілікті тұрғындар өздерінің шағын бизнесін заңды тіркеудің және маркетингтің маңызын
түсінбей жатады. Бізге бір-бірімен әкімшілік тұрғыда байланысы жоқ салаларды жетілдіру
қажет - визаны ресімдеуді
жеңілдету және оның бағасы, темір және автокөлік жолдары,
қонақ үй бизнесі (шетелдік әр туристің қалтасы көтере бермейтін «бес жұлдызды» қонақ
үйлерді есепке алмағанда) және қызмет көрсетуші қызметшілерді сауатты дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: