Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата04.10.2022
өлшемі2,22 Mb.
#151507
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Қазақ тілі 11 жбм бжб,тжб

Оқылым 
Тапсырма 
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту 
арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді 
шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, 
тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени 
және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар 
жасалды. 
Үстіміздегі жылдың басында «New York Times» газеті 52 мемлекеттің тізімін жасап
2017 жылы туристерге баруға кеңес беретін елдерді жариялапты. АҚШ басылымы әзірлеген 
тізімде Қазақстан Республикасы 26-шы болып тұр. Ал еліміздің бұл тізімге енуіне Астана 
қаласында өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі себеп. Жалпы, елімізде туризм саласын 
дамыту мақсатында түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 
өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да еліміздің туристік ахуалына ерекше назар 
аударған. Ұлт жоспарының 57-қадамы труистік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар 
стратегиялық инвесторлар тартуды міндеттейді. Ал туристік кластер құрудың негізгі 
мақсаты – туристік нарықта еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Яғни, туристік кластер 
құру еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соңғы 
жылдары ел үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, әсіресе, 
бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты міндеттемелер 
жүктеп отыр. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған 
инфрақұрылым арқылы аталмыш стратегияның орындалуына өз септігін тигізе алады. 
Сондай-ақ, мемлекет жүктеген тағы бір міндеттердің бірі – Орта Азия аймағындағы туристік 
орталыққа айналу. Бұл бағдарламаны дамыту үшін мемлекеттің бюджет қорынан 59 млрд 
теңге 
бөлінген. 


85 
1. Мәтіннің жанры қандай? 
A.
әңгіме 
B.
баяндама 
C.
хат 
D.
эссе
[1] 
2. Мәтін неше бөліктен тұрады? 
A.

B.

C.

D.

[1] 
3. Мәтіннің құрылымына талдау жасаңыз (кіріспе, негізгі, қорытынды). 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[3] 
4. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз, дәлелдеңіз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 
[2] 
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз. 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[3] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет