Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата04.10.2022
өлшемі2,22 Mb.
#151507
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
Қазақ тілі 11 жбм бжб,тжб

Бағалау критерийі
 
 
Білім алушы 

әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, 
публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі 
сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор 
көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес 
қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін 
салыстыра талдайды. 
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
 
Орындау уақыты
 
 
15-20 минут 
Тапсырма.
Мәтіндерді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Екі мәтінді салыстыра талдаңыз. 
А мәтіні 
 
Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның 
ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасымен бірге мұнай және газ 
өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау 
және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ 
кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең 
алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты 
барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, 
адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. 
Мұнай-газ өндіруде баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола 
оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды 
қалдықтармен ластауға болмайтынынабүгін де көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары 
Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп 
көңіл бөлінеуде. Қазіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, 
қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау 
шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. 
https://stud.kz/referat/show/43750
 
Ә мәтіні 
 
Түн жамылған сай іші жап-жарық Ай таң атқандай ағартып барады. «Құлыным-ай» - 
деген ана-дауыс еміреніп келіп, сай ішін жағалап кетті. Сол-ақ екен тып-тыныш бір әлем 
орнады да көкірегі қарс айырылып, ана-бейне дауыс салды. «Сен құрсақта жатқанда Дегелең 
тауының түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басылды ма? 
Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр етіп, қолды-аяққа 
тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдеттің ес білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыс тауының 
етегінен көтерілген ауадағы қып-қызыл, саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға 
қызығып, жүгіре жөнелетін едің, қазір ше? «Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын 


саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді» - дейтін ең. Сонда әжең жарықтық: «О, 
қарғатайым-ау! Сен де, құдай жеткізсе сол саңырауқұлақ сияқты, жұрттың көзінің жауын 
алып, лаулап тұратын боласың», - деп мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. «Қазір 
қайдасың? Қайда кетіп қалғансың?» Сай ішіндегі дауыс әлсіреп сөніп, Ай көтеріліп, биіктеп 
бара жатқандай болды. Сол қалпы, терең сайдағы әр тобылғының түбінен Ләйлә-қызды 
іздеп, кезіп барады. Бірақ бұл жолы Ай бетіне еміреніп қарайтын терең сайдағы қыз бейнесі 
көрінбеді. Адамдар қара-құрым болып, көп жиналған жерден бойын аулақ салып, көзге 
түспеуге тырысып жүруші еді.
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет