«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер
1-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық
мәселелермен салыстыра
отырып талдаңыз, негізі ойды анықтап айтыңыз.
[10]
Мәтін
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында халқымыздың басынан небір қиындықтар өткені
бәрімізге аян. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ
ғасыр
қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалды. 1916 жылғы көтеріліс, 1928-
1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген желтоқсан
оқиғасы. Бұның бәрі қазақ жеріне ауыр жара салды. Осы елдігіміз бен егемендігімізді алу
жолында халқымыздың сан перзенті құрбан болды. Ендеше, бұл тәуелсіздік алу жолында
бастан кешірген өткен қиындықтары, Қазақстанның кешегі тарихы.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!.
Бүгін, міне, Тәуелсіздік, ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!…
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алғалы да 30 жыл уақыт өтті. Бұл күнде Қазақстан –
өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Ел өз қалауымен президентті сайлап,
Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз –
қазақ тілі мемлекеттік
тіл болып жарияланды. Мемлекетіміз күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем
таныған елге айналды. Әр таңымыз бейбітшілікпен атып, ақ көгершіндеріміз көк аспанда
қалықтап жүр.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегімді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
Мемлекетіміздің жарқын болашағын бүгіннен бастап ойласақ, көкке қолымыз жететін
күн туады. Ынтымақ пен келісім жарасым тапқан елімізді бүкіл
әлем мойндаған, дамыған,
алпауыт елдермен тереземіз теңесіп, біз қуатты елге айналамыз. Еліміздің ертеңі бүгінгі
күннен де баянды, бақытты болатынына сеніміміз мол.
https://45minut.biz/?p=103940
45
Оқылым
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
«Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін
жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына
назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз. Соның бірі: «Өтікен жерінде
отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ.
Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел
тұтып отырар ең сен», делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін
мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен – түркілердің астанасындай қасиетті жері.
Байырғы
түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға
болмайды. Ол – мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек
боларлық орда керек екен. Ең кереметі – «Мәңгілік Ел» идеясы да Қазақстанның жаңа
Елордасы Астанада паш етілді ғой.
Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық
идеологемасының
жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының,
ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да,
Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының
сабындай қысқа өмірінде адам терең ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік құндылық түзе
алады. Басқасының бәрі – көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі
– толағай интеллектуалдық ізденіс пен серпіліске сүйенген ұлттық идея.
«Мәңгілік Ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың
сан ғасырлық құндылығын
ұлықтауын, көпұлтты, көпдінді ахуалымызды, бірде-бір этносқа қандай ғана болмасын
басымдық берілмейтінін меңзейді. Сөйтіп, жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстанның бағыт-
бағдарын, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында
қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан шыңдалумен бүгінге
жеткен бабалар арманы қаланды.
https://e-history.kz/kz/news/show/303/
1. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі неше рет қолданылған?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5 [1]
2. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының заңды
жалғасы екені қай абзацта айтылған?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 1,3 [1]
3. Күлтегін жазуынан мысал келтірілген жолдар қай абзацта?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 1,2 [1]
4. Мәтін қай стильде жазылған?
А) ауызекі сөйлеу стилі
В) ғылыми стиль
С) көркем әдебиет стилі
D) публицистикалық стиль [1]
5. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) әңгіме
46
В) драма
С) мақала
D) поэзия [1]
6. Мәтіннің стилін айқындап тұрған тілдік ерекшеліктерді теріп жазыңыз.
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [1]
7. Мәтіннің құрылымын талдап жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [1]
8. Мәтін қалай рәсімделген?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [1]
9. Мәтіннің жанрын мәтіннен дәлел келтіре отырып, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [1]
10. Мәтінді 3-5 сөйлеммен қорытындылаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [1]
Достарыңызбен бөлісу: