«Заман шындығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2-нұсқа Оқылатын шығарма Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі
Оқу мақсаты 11.2.1.1
– әдеби шығарманың жанрына қарай
композициялық ерекшеліктерін айқындау;
11.2.2.1 – шығармадағы авторлық идеяның өмір
шындығымен байланысы анықтау;
11.3.2.1 – көркем шығармадағы заман көрінісі мен
қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.
Бағалау критерийі Білім алушы
жанры арқылы композициялық ерекшеліктерін
ажыратады;
авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын
анықтайды;
заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып
бағалайды.
Ойлау дағдысының деңгейлері Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма . Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасының жанрлық
белгісі арқылы композициялық ерекшелігін ажыратыңыз.
Әдебиеттің тегіне қарай
Шағын көлемді эпостың
қай түрі
Жанрлық белгілері
Композициялық
ерекшелігі
2-тапсырма . «Төрт сөйлем» әдісі арқылы Е.Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр
едік» шығармасындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын
анықтаңыз.
1. Пікір. Әңгіме мазмұны бойынша көтерілген мәселені бір сөйлеммен білдіреді.
2. Дәлел. Авторлық идеяны
бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмір шындығымен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Әңгіме бойынша қорытынды шығарады.
3-тапсырма . Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі заман көрінісі
мен қазіргі заман көрінісін салыстып, баға беріңіз.
Әңгімедегі заман көрінісі Қазіргі заман көрінісі
Өзіндік баға