Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет59/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)

Тұжырымдар

Шын/жалған

А

1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 миллионды құрады.




В

Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының азаюына алып келді.




С

Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.




[1]
Оқылым
«Қазақстанда туризм дамуы үшін, айналасындағы елдерде де бұл сала дамуы керек. Еуропаға барған турист бір елмен шектелмейді. Өйткені бәрі бір-бірімен тығыз орналасқан. Аз күн ішінде бірнеше қаласын, тіпті бірнеше елді аралап қайтуға болады. Халық тығыз жерде сервис те жақсы болады. Бізде олай емес, аудан, қалалардың арасы алшақ.
Екіншіден, бізде бар дүние басқа елдерде де бар. Суға шомылу үшін сандалып сервисі төмен Қазақстанға келу маңызды емес. Табиғат тамашалау үшін де Қазақстан таңдаудан тыс қалады. Өйткені тұмса табиғаты таңдай қақтыратын елдер жетіп артылады. Универсиада өткізіп те, ЭКСПО жасап та шетелдіктерді тарту қиын.
Үшіншіден, Қазақстанда музей аралап та ләззат таппайсың. Себебі бізде әлемге қызық болатындай тақырыптар аз. Өзіміз ғана білетін тұлғалар, өзіміз ғана білетін соғыстар, өзімізге ғана таныс тарихтың үзінділері ғана. Туризм, жалпы, бірден дамитын сала емес қой. Кешенді жұмыс жүру керек. Инфрақұрылым, жолдар салыну қажет. Қазақстанда жоқ дегенде «Атлетико Мадрид» деңгейіндегі клубтар болуы қажет. Қазақстаннан мықты ғалымдар шығуы қажет. Қазақстаннан мықты әншілер шығуы керек. Медицина мықты болу тиіс. Тур де франс секілді кемі бір айға созылатын дәстүрлі жарыстар өтуі керек. Арзан әрі оңтайлы ем-домды Қазақстаннан алу қажет. Осылай сабақтасып кете береді. Туризм – өмір бойы дамитын сала. Ертең халық саны арта түссе, бұл сала өздігінен дамиды».

6. «Қазақстанда туризм саласы неліктен жоғары деңгейде дамымаған?» Өз көзқарастарыңды білдіріңдер.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________
[1]

7. Сұрақтарға өз сөзіңмен жауап беріңіз.


1. Еуропаға барған турист не істейді?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Туризм саласы қалай дамиды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
8. Отандық туризмнің дамуы үшін не керек? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, қанат белгісін қойыңыз.



А

медицина мықты болу тиіс




В

шетелдіктерді тарту қажет




С

инфрақұрылым, жолдар салыну қажет




Д

бұл сала дамуы керек




[2]


Жазылым
Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
[10]
1. Жаһандық мәселе: демография
Сіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы зерттеуіңіз туралы шағын мақала жазыңыз.

2. Роботтар мен киборгтер әлемі


Оқушылар арасындағы мектепішілік олимпиадада «Сіздің ойыңызша, болашақта адам еңбегін роботтар толықтай алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Берілген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз.

3. Қазақстандық туризм және экотуризм


Туристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы нұсқаулық мәтінін жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақпарат беріп, туристерді қызықтыруға тырысыңыз.


Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (8-11 сөйлем).
[10]
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Демографиялық жарылыс дегеніміз не?
2. Демографияны не себептен жаһандық мәселе дейміз?
3. Роботтар адам өмірін қаншалықты жеңілдетеді?
4. Роботтардың қандай кемшіліктері мен артықшылықтары бар?
5. Экотуризм дегеніміз не? Қазақстанда экотуризмді дамытудың мүмкіндігі бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет