Оқылым 1-НҰСҚА Тапсырма 1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз.[5]
А мәтіні НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда Keio университеті шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Болашақ бағдарламасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Токиода Қазақстан Тәуелсіздігіне орай 28 шақырымдық жаяу шеру өтті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Императорына көңіл айтты Keio университеті Жапонияда Global Information and Governance Academic Program (GIGA) бағдарламасы бойынша білім алу үшін шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынады. Курсты аяқтаған студенттер Қоршаған орта және ақпараттық зерттеулер саласы бойынша бакалавр дәрежесін иеленеді. Өтініш беру мерзімі: 12 ақпан 2020 ж. Курс деңгейі: стипендия бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға арналған Зерттеу пәні: Стипендиялар Ақпарат және басқару бойынша Жаһандық академиялық бағдарламаны (GIGA) зерттеу үшін беріледі. (https://www.inform.kz/kz/zhaponiya-universiteti-kazakstandyktarga-oku-stipendiyalaryn-usyndy_a3600656)
Ә мәтіні ...Бүгінгі Индия тарихының ең көрнекті және жауапты басшылары бұл үш адамның ауыздарынан естілген сөздер бізге қажет те, қымбат та еді. Әрине, аз кездесу үстінде сыпайылық, құрмет сөзден басталатын мәжілістер, сол сыпайылық түрінде, жалпы ретте ғана кейбір үлкен-үлкен жайларға мегзеп өтті. Мысалы, президент Раджендр Прасад бүгінгі Индияның саясатындағы бір ерекше жол-жөнді түсіндіре сөйледі. Ол кісі Индияның үкіметінің ешбір зорлықты сүймейтіндігін айта келіп, Индияда республика жасау жолында болған өзгерісті айтты.
"Біз көп князьдікке бөлінген құрама Индиядан біртұтас республика жасадық. Сонда қан төкпей, қарулы күрес жасамай, тыныштық жолмен осыған жеттік",— деп, өз партиясының программасынан сәл дерек бере айтты.
Ал президенттің орынбасары Радхакришнан өздерінің осы саясатын бір Индия үшін емес, бейбітшілік пен тыныштық үшін де пайдалы, жемісті саясат деп атады. "Дүниежүзілік бейбітшілікті жақтап-көксеуші есебінде, біздің Индия саясаты сіздің отанның бейбітшілік саясатына да көмек етіп отыр" деген жайды аңғартты.
А мәтіні
Ә мәтіні
Қай жанрдағы мәтін?
Қандай мәселе көтерілген?
Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделу ерекшеліктеріне дәлел
1.
2.
3.
1.
2.
3.
2. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз.