Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет47/66
Дата22.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#150365
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика
Бос уақыт және хобби. Морфология


І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
ЖЖ
1. Мәтінді тыңдап (оқып), оның көтерген басты мәселесін өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. Жұбыңыздың айтқан негізгі және қосымша ақпараттарға келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз.
2. Жұбыңыздың айтқандарын тыңдап, онымен келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз және мәтін бойынша анықтаған негізгі және қосымша ақпараттарды айтыңыз.
[10]
1-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары!
Желтоқсан айының 10-15 күндері аралығында қаламыздағы облыстық қазақ драма театрында көбелектер көремесі өтеді. Онда әлемдегі сирек кездесетін тіпті, қызыл кітапқа енген көбелек түрлері де бар. Тропикалық аймақтарда ғана кездесетін қанатты жәндіктер Филиппин мен Индонезиядан әкелінген. Көрмеге «Алтын құсқанатты», «Желкен палинур», «Көгілдір Морфо» сынды көбелектердің 10 түрі қойылған.
Көрменің жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00. Билеттер құны: Ересек бір адамға 800 тг, балаларға 600 тг. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кіру тегін. 
Облыстық драма театр әкімшілігі

2-мәтін
ХАБАРЛАНДЫРУ!


Ата-аналар назарына!
«Жас ұлан» қоғамдық қоры  оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында тамыз айының 5-10 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласына саяхат ұйымдастырады. Саяхат барысында Нұр-Сұлтанның ең көрікті жерлерін тамашалау көзделіп отыр. Саяхаттау маршруты:

  • «Бәйтерек» монументі;

  • «Думан » ойын-сауық орталығы;

  • «Ханшатыр»;

  • Қазақстан Ұлттық мұражайы;

  • Тәуелсіздік сарайы;

  • «Қазақ елі» монументі;

Орындар шектеулі екендігін ескертеміз!
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 45.
Байланыс нөмірі: 8 7768971223

Оқылым
Тапсырма


1. Екі мәтінді салыстырып, олардың стильдеріндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.
А мәтіні
Айгүл Жексенбайқызы: «Менің хоббиім – менің өмірлік жобама айналды»
Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді?
– Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал, әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда. Ес кіргелі бері танып-білген киізді заттарды жинау – хоббиіме, хоббиім – менің өмірлік жобама ай­налды. 
Сіздер дайындайтын өнімге қаншалықты сұраныс түсуде? Көбінесе, қандай бұйымдарға қызығады?
– Қазіргі таңда киізден дайындалатын өнімдерге сұраныс өте көп. Алғашқы кездері халыққа қажетті деген бұйымдарды жасап, мекемелерге, ауыл-аймақтарға жар­намалаған едік. Енді, біздің өнімді өздері іздей бастады. Өйткені, шеберханамыздағы киізден жасалатын заттардың еш зияны жоқ, сапасы да жоғары.
Компанияда неше адам жұмыс жасайды?
– Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде компаниямызда 15 адам жұмыс жасайды. Негізінде, 13 жыл ішінде 250 келін­шекті осы өнерге баулыппын. Осы күнге дейін олармен бірлесе жұмыс жасап, біршама жетістіктерге жеттік. 
Сұхбатыңызға рахмет. Ұлттық брендіміздің ең үздік үлгісі болыңыздар!
Сұхбаттасқан Мөлдір Нұртай.

Ә мәтіні



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет