97
Қорытынды
«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» атты нұсқаулық білім беру
мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың білімдерін шынайы бағалайды.
«Кеңістік пен уақыт», «Заман шындығы», «Ғасырлық туынды», «Табиғат және
адам» бөлімдері бойынша Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесі,Жарасқан
Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы, Баққожа Мұқайдың «Өмірзая»
романы, Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік»
әңгімесі,
Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы»
роман-эпопеясы, Қадыр Мырза Әлінің «Қызыл кітап»
поэмасы, Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар»
пьесасы
бойынша
берілген жиынтық бағалау тапсырмалары білім
алушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыру мақсатына бағытталған.
Білім
алушылар
«Абай
жолы»
роман-эпопеясындағы
Құнанбайдың,Абайдың,Зере мен Ұлжанның даналық пайымдары арқылы ұлттық
құндылықтарды
қастерлеп, қазақ ұлтының басынан
өткерген әлеуметтік өмір
шындығын, кейіпкер бойындағы адамгершілік
қасиеттерді таразылап, эссе
жұмысы арқылы жеткізеді. Тапсырмаларды
орындау барысында білім
алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.