Жамбыл облысы Қордай ауданы Аухатты тіректі ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары аухатты ауылы



Дата08.07.2018
өлшемі58,42 Kb.
#48577
Жамбыл облыстық мәслихатының

2014 жылғы «___» сәуірдегі

№ ______ шешіміне қосымша

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аухатты тіректі

ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылдарға арналған

КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ

Аухатты ауылы

2014 жыл
Кіріспе
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты тірек ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары (ары-қарай КДЖ) осы жердегі тұрғылықты халық пен іргелес аумақтағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленген.

Ауқатты ауылы аудан орталығынан 50 км шақырым жерде орналасқан және аудан орталығы болып табылады. Халықтың саны 8003 адамды құрады.

Ауқатты ауылының негізгі қызметтік бағыты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен оны өндеу.

Ауқатты ауылының айналасында 50 км шақырым радиусте 12 ауылдық елді мекендер орналасқан. Онда 62 746 адам тұрады. Осы ауылдар Ауқатты ауылымен экономикалық тығыз байланысты, өйткені бұл жерден Қордай-Масанчи-Сортөбе автожолы өтеді. Ауқатты ауылында сүтті өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын «Үміт – Қордай» ЖШС, полиция бөлімі, «Жасыл – Төбе» шекаралық застава, №2038 әскери бөлімі, техникалық қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Ауқатты ауылының КДЖ онда тұрып жатқан халықтың жағдайын жқамтамасыз ету үшін экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға, өткеру рыногына және елді мекендерге транпорттық қолжетімділікті кеңейтуге, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құруға және дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды қарастырады.
Ауқатты ауылының ағымдағы даму жағдайын талдау

Ауқатты ауыл округіне Ауқатты, Қызылсай және Бәйтерек ауылдары кіреді.

Ауылдық округтің жалпы аумағы 34210 га, оның ішінде елді мекен орналасқан жерлер - 1447 га, ауыл шаруашылық жерлері - 33655 га.

Халықтың саны 6061 адамды құрады, оның ішінде ерлер - 2425, әйелдер - 3636, зейнеткерлер - 284 , мүгедектер - 150, 18-29 жас раралығындағы жастар - 958, оқушылар -1167, жұмыс істейтіндер - 477, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар-1283, жұмыссыздар - 59, мектеп жасына дейінгі балалар - 913 адам.

Аула саны - 1048, оның ішінде 2 пәтерлі 18 үй, барақ тәрізді салынған 7 үй. Барлығы жеке меншікүйлер. Апатты жағдайдағы және иесіз үйлер жоқ.

Еңбекке қабілетті халықтың саны – 2119 адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерде жұмыспен қамтылғандар - 1825 адам, соның ішінде « Азия-Ирбис» ЖШС-де – 33 адам, «Үміт – Қордай « ЖШС-де – 37 адам, жеке кәсіпкерлер - 40 адам, мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени нысандарында – 186 (ауылдық округ әкімі аппаратында – 18, № 9 орта мектепте – 132, деңсаулық сақтау саласында – 1, кітапханада – 1, мәдениет үйінде – 3, ауылдық полиция бөлімшесінде – 21). Шаруа қожалықтарында – 158 адам, қызмет көрсету саласында – 28 адам.

Аймақтың 300 адамы басқа елді мекендерде жұмыспен қамтылған, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында – 290, аудан орталығында – 10 адам.

Үй-үйді аралаудың нәтижесінде 1277 өз бетінше жұмыспен қамтылған, 59 жұмыссыз, оның 5-і жұмыспен қамту бөлімінде тіркелгені анықталды.

Жұмыс істейтін мекемелер мен кәсіпорындар – 8, оның ішінде мемлекеттік – 6 («Ауқатты ауылдық әкімінің аппараты» КММ, № 9 орта мектеп, ауылдық аурухана, ауылдық полиция бөлімшесі, кітапхана, мәдениет үйі ) және жеке – 2 («Азия – Ирбис» ЖШС, «Үміт – Қордай ЖШС»).

Әлеуметтік салада ауылда қазақша – орысша тілдерде білім беретін 740 орындық орта мектеп (онда 1167 оқушы білім алады) және 125 орындық шағын орталық жұмыс істейді.

Ауылдық аурухана жылына 24000 адамға қызмет көрсетеді, оның ішінде күндізгі стационарда 1100, науқастар үшін 30 керует орындық, оның 20-ы күндізгі стационарда және 10-ы тәулік бойы қызмет көрсетеді.

6400 кітап қоры бар кітапхана мәдениет үйінде орналасқан, оқырмандар саны – 1040 адам. Мәдениет үйі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Ол жерде жасөспірімдер, балалар өнері орталығы, музыка мектебін ашу жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы мәдениет үйін күрделі жөндеуге 98702 мың теңге қаражат бөлінді.

Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған батырларға арнап 1970 жылы салынған ескерткіштерді жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Жылдан жылға халық саны өсуде, 2 – 6 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балалар саны 913. Осыған орай, Ауқатты ауылында 280 орындық балалар бақшасының құрылысы қажет.

1990 – 2007 жылдары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілмей 243 жер телімі бөлінген: М.Әуезов көшесінде – 114, Т.Рысқұлов көшесінде – 93, Ш.Уалиханов көшесінде – 36. Электрлік желілердің жүргізілген линиялары нормативтік талаптарға сай емес.

Қызмет көрсету саласында 1 пошта бөлімі, 21 дүкен, 2 кафе, 2 дәріхана, 1 автобөлшектер сататын дүкен, 2 техникалық қызмет көрсету стансасы, 1 көлік жуу орны, 1 желімдеу орны, 6 жанар жағар май құю стансасы, 1 жеке қоғамдық монша жұмыс істейді.

Ауыл ішіндегі 33,5 км жолдың 0,63 км асфальтталған. Орталық сумен қамту құбырларын күрделі жөндеу қажет, кәріз жоқ. Бүгінгі күні су құбыры жүйесінің апатты жағдайда болғандықтан, жергілікті тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етілмеуде.

№9 орта мектеп, дүкендер, ескерткіш, кафе орналасқан орталық Абай көшесі жартылай жарықтандырылған. Автобус қатынасы жоқ, халықты тасымалдауға жеке автокөлік жүргізушілері қызмет көрсетеді.

Ауылда сүт өңдейтін «Қордай-Үміт» ЖШС-і жұмыс істейді. «Азия-Ирбис» ЖШС-і жылына 90 тонна лакпен сырланған материалдар шығарады. Ауылшаруашылық өнімдерін, әсіресе дәнді және көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын 103 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Ауылдық округте МІҚ мал саны - 2050 бас, жылқы - 1055 бас, қой мен ешкі - 18942 бас, шошқа - 150 бас құрады. 1048 үйдің 262-і мал ұстамайды. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі көкөніс өсірумен айналысады. Егін суаратын су негізінен Қырғызстаннан келеді. Осы судың жеткіліксіздігінен көптеген тұрғындар маусымдық кезеңде округтан тыс жерлерде жұмыс істейді. Қарақоңыз су қоймасын жаңғыртудың 2-ші кезеңінен кейін ұзындығы 6 км құрайтын Қасқасу суару каналын, ұзындығы 10 км құрайтын Жіңішке Ақтас каналын толығымен жаңғырту қажет, бұл ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға және егістік жерлерді толығымен игеруге мүмкіндік береді.

Ветеринарлық пункт пен ветеринарлық дәріхана, қолмен ұрықтандыру пункті, мал сою және мал өлекселерін тастайтын орындар жоқ.

2013 жылы жасалған Ауқатты ауылының бас жоспарына сәйкес жеке үй құрылысын жүргізуге 1250 жер бөлу жоспарлануда.

Ауылдаң сырт келбеті қанағаттанарлық, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалған.

Ауқатты ауылының бүгінгі таңдағы даму жағдайын талдау қорытындысы бойынша төмендегі жайттарды атап өтуге болады:

- ауыл әкімдігінің әкімшілік ғимараты жоқ;

- тұрмыстық қызмет көрсету орталығы жоқ;

- бала-бақша жоқ;

- ауыл ішіндегі жолдар мен тротуарлар қанағаттанарсыз жағдайда;

- ұзындығы 4 км құрайтын орталық Абай көшесін толығымен жарықтандыру қажет (ЖСҚ бар);

- су құбыры желілерін жаңғырту қажет;

- ұзындығы 6 км құрайтын Қасқасу суару каналын және ұзындығы 10 км құрайтын Жіңішке Ақтас каналын толығымен жаңғырту қажет;

- табиғи газ жоқ.

Елді мекеннің баяу дамуының негізгі себептері: ауыл шаруашылығын техникалық-технологиялық жабдықтау деңгейі төмен, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытудың төмен деңгейі, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейінің және сапасының төмен болуынан білікті кадрлардың тапшылығы.

Сонымен қатар, Ауқатты ауылының бәсекеге қабілетті басымдықтары Қырғызстанмен шекаралас Қордай – Масанчи, Ауқатты – Сортөбе автожолының бойында орналасуымен, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, құнарлы ауылшаруашылық жерлерінің, сүт өндейтін кәсіпорындардың болуымен және өткеру рыногына жақындығымен сипатталады.

Осының бәрі іс-шараларды қабылдап, іске асыруды қажет етіп, Жамбыл облысы Қордай ауданы Ақкөл тірек ауылын дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көрініс тапты.


Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты тіректі елді мекенін дамытудың

2014-2018 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары




п/п

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

Шығындар (млн.

тенге)

Қаражаттандыру көздері

Жұмыс орындарының саны




1. Ұйымдастырылған іс-шаралар

1.1.

Ауылдық аумақтардың дамуы мен кешенді даму жоспарын әзірлеу бойынша аудан әкімінің уәкілетті органын анықтау

Аудан әкімдігінің қаулысы

Аудан әкімі

2014 ж.

қаңтар



-

-

-

1.2..

Ауқатты ауылындағы өндірістік, әлеуметтік, инженерлік, көлік, ШОБ инфрақұрылымдарына түгендеу жүргізу

Мониторинг туралы есеп

Аудан әкімі

2014 ж.

қаңтар



-

-

-

1.3..

Ауқатты а. дамытудың конкурентті басымдылық пен артықшылықты анықтау

Облыс

әкіміне


ақпарат

Аудан әкімі

2014 ж.

қаңтар



-

-

-

1.4

Кәсіпкерлік белсенділікті, өткізу нарығының потенциалды мүмкіндігін бағалау

Облыс

әкіміне


ақпарат

Аудан әкімі

2014 ж.

қаңтар



-

-

-

1.5.

Ауқатты ауылын дамыту жөнінде аудан әкімдігі, ауыл әкімдігі және шаруашылық субъетілерінің басшылары арасында меморандумдар жасау

Меморандум

Аудан әкімі

2014 ж.

қаңтар



-

-

-

1.6.

Ауқатты ауылын әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын ауыл тұрғындарымен өткен жиында талқылау

Тұрғындар жиының

шешімі


Аудан әкімі

2014 ж.

қаңтар



-

-

-

2. Экономика қызметінің дамуы

2.1

Ауылшаруашылығы жерлерін өрттен, зиянкестерден және өсімдік ауруларынан қорғау

Облыс

әкіміне


ақпарат

АШБ,

аудан әкімі




әрдайым

20,0

РБ Агробизнес 2020




2.2


«Әділет» ШҚ сүт бағытындағы малды өсіру мал шаруашылығы кешенін 70 басқа дейін кеңейту

Облыс

әкіміне


ақпарат

АШБ,

аудан әкімі




2014-2015жж

4,8

Жеке қаражат

15

2.3


Ауқатты а. «Әділет» ШҚ мал шаруашылығы кешенін сумен қамтамасыз ету үшін ұңғы қазу

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

1,0

Жеке қаражат

1

2.4

Ауқатты а. 2000 тонна шөпті сақтау қоймасының құрылысы

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2015-2016ж.

3,0

Жеке қаражат, ЖҚЖК-2020

2

2.5


Ауқатты а. 20 бас ет бағытындағы малдарды бордақылау пунктін ашу


Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

3,5

ЖБК 2020

1

2.6

Ауқатты а. «Рахат» ШҚ сүт бағытындағы малды өсіру мал шаруашылығы кешенін 50 басқа дейін кеңейту

Іске қосу актісі

КжИИДБ,

аудан әкімі



2014-2015жж


8,5

БЖК 2020 (субсидиялау)

2

2.7.

Ауқатты а. 200 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы (Садовый №44 бұрылысы)

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

10,0

Жеке қаражат

3

2.8

Ауқатты а. жасанды ұрықтандыру пунктін ашу

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі



2014 ж

0,3

Жеке қаражат

2

2.9

Ауқатты а. 200 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы (Школьный №2А бұрылысы)

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2015 ж.

10,0

БЖК 2020 (субсидиялау), жеке қаражат

3

2.10

Ауқатты а.ветеринарлық дәріханасының құрылысы (84 шаршы м)

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2015 ж.

5,0

Жеке қаражат

1

2.11

Ауқатты а. тәулігіне 400-500 нан-тоқаш өнім беретін шағын наубайхана жаңғырту (Школьный №1А бұрылысы)

Іске қосу актісі

Аудан әкімі


2015 ж.

1,0

Жеке қаражат

3

2.12

Ауқатты а. жылына 2 тоннаға дейін балық шаруашылығын дамыту (Абай көшесі)

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

3,0

Жеке қаражат

2

2.13

Тәулігіне 100 тн тасты қайта өңдеу цехының құрылысы

Іске қосу актісі

Аудан әкімі


2016 ж.

46,5

Жеке қаражат

5

2.14



Ауқатты а. сүт бағытындағы мал өсіру фермасын 50 басқа кеңейту (Абай көшесі)


Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

5,0

Жеке қаражат

2

2.15

Ауқатты а. 20 басқа тұқымды жылқы өсіру үшін жылқы атқорасының құрылысы (Абай көшесі)


Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

15,0

Жеке қаражат

1

2.16

Ауқатты а. 20 басқа сүт бағытындағы малды өсіру фермасын кеңейту (Больничный бұрылысы)

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

3,0

Жеке қаражат

1

2.17

Пластикалық терезелер және есіктерді шығару цехының құрылысы (Абай көшесі)


Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2014 ж.

0,5

Жеке қаражат

1

2.18

3га-ға тамшылап суаруды еңгізу

Іске қосу актісі

АШБ,

аудан әкімі




2015-2016 ж.ж.

1,0

Жеке қаражат




2.19

Ұзындығы 10км құрайтын Жіңішке Ақтас каналын жаңғырту

Іске қосу актісі

Аудан әкімі


2017-2018 ж.ж.

нақтылануда

Жеке қаражат




3. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамуы

3.1

Ауқатты а.о. әкімдік ғимаратының құрылысы

Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2017-2018 ж.

200,0

РБ




3.2

Ауқатты а. мәдениет үйін толық жондеу

Іске қосу актісі

МБ, аудан әкімі

2014 ж.

98,7

88,4


9,8

ЖҚЖК

РБ

ОБ



54*

3.3

Ауқатты а. сумен қамту жүйесін қайта жөндеу

Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2016-2017 ж.

800,0

РБ, ОБ




3.4

Ауқатты а. әмбебап спорт залының құрылысы

Іске қосу актісі

ДШжСБ, аудан әкімі

2016-2017 ж.

135,0

РБ, ОБ

2

3.5

Ауқатты а. шағын футбол алаңы бар балалар ойын алаңын орналастыру

Іске қосу актісі

ДШжСБ, аудан әкімі

2015 ж.

7,4

ЖБ

2

3.6

Ауқатты а. көше жаттығу құралдарын орнату


Іске қосу актісі

ДШжСБ, аудан әкімі

2017 ж.

2,0

ЖБ




3.7

Ауқатты а. 280 орынға балабақша құрылысы

Іске қосу актісі

ББ, аудан әкімі

2017 ж.

608,6

РБ,ЖБ

70

3.8

ҰОС-да қаза болғандарға арналған ескерткішті кайта жондеу

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2018 ж.

10,0

ЖБ




3.9

Ауқатты а. ауылдық аурухананы күрделі жөндеу

Іске қосу актісі

ДСБ, аудан әкімі

2017 ж.

15,0

ЖБ




3.10

Теңгерімнен алынған стационарды бұзу жұмыстары


Орындалған жұмыстар актісі

Аудан әкімі

2015 ж.

0,5

ЖБ




3.11

Ауқатты а. ветеринарлық пункт құрылысы

Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2015-2018 ж.ж.

18,5

ОБ

5

3.12

Ауқатты а. мал өлігін көметін шұңқыр құрылысы


Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2017-2018 ж.

11,5

ЖБ




3.13

Ауқатты а. мал соятын алаң құрылысы

Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2016-2018 ж.

14,2

ОБ

2

3.14


Қызылсай өзенінің арнасынан 5 млн текше метр суға арналған су қоймасының құрылысы


Іске қосу актісі

ТРжТРБ, аудан әкімі

2017-2018 ж.ж.

Нақтылануда


РБ, ОБ




3.15

Ұзындығы 7,5 км құрайтын Қаскасу су каналын жаңғырту


Іске қосу актісі

ТРжТРБ, аудан әкімі

2017-2018 ж.ж.

Нақтылануда

РБ, ОБ




3.16

Ауқатты а. ауыл ішіндегі жолдарды орташа жөндеу

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2017-2018 ж.

100,0

ЖБ




3.17

Ауқатты а. Абай көшесін жарықтандыру бойынша ағымды жөндеу

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2015 ж.

28,0

ЖБ




3.18

Ұзындығы 4 км құрайтын жаңа көшелерге 0,4 Кв электр желісінің құрылысы, 5 транформаторлық станция орнату (ТП-160квт)

Іске қосу актісі

ЭжКШБ, аудан әкімі

2017-2018 ж.

40,0

ЖБ




3.19

Ауқатты а. қатты тұрмыстық қалдық полигонының құрылысы

Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2015-2016 ж.ж.

25,0

ОБ




3.20


Ауқатты а. бас жоспарын дайындау үшін МС мен ЖСҚ әзірлеу үшін:

  1. 1. 24,2 км жол төсеу

  2. 2. ұзындығы 28,28 км құрайтын 0,4 Кв электр қуатымен жабдықтау

  3. 3. сумен жабдықтау (33,8 км)

  4. 4. жарықтандыру (14,5 км)

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2017-2018 ж.ж.

1612,0

РБ,ОБ




3.21


Ауқатты а. газдандыру

Іске қосу актісі

ЭжКШБ, аудан әкімі

2017-2018 ж.

қарастырылған бюджеттік қаражатта

РБ, ОБ




3.22

Объектілерді материалды-техникалық жабдықтау

есеп

Аудан әкімі
















білім беру































2014 ж.

7,9

ЖБ
















2015ж.

0,7

ЖБ
















2016ж.

1,4

ЖБ
















2017ж.

1,3

ЖБ
















2018ж

1,4

ЖБ







денсаулық сақтау































2018 ж.

20,0

ЖБ







мәдениет































2014 ж.

6,5

ЖБ
















2015ж.

0,15

ЖБ
















2016ж.

1,0

ЖБ
















2017ж.

0,08

ЖБ




4. Транспорттық қолжетімділікті өтім рыногына дейін жеткізуін және жабдықталуын дамыту

4.1


Ауқатты-Бәйтерек автомобиль жолының құрылысы – 7,4 км

Қабылдау актісі

ҚЖКжАЖБ, аудан әкімі

2017-2018жж

800,0

РБ,ОБ




5. Мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құру және дамыту

5.1

с.Ауқатты а. поселкілік полиция бөлімінің ғимаратының құрылысы

Іске қосу актісі

ҚЖКжАЖБ, ІІД

2017-2018 ж.

150,0

РБ




5.2

Ауқатты а. өртке қарсы постының құрылысы

Қабылдау актісі


Аудан әкімі

2015 жж.

45,0

РБ,ОБ




5.3

Ауқатты а. ТҚС құрылысы

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2014 ж.

4,0

Жеке қаражат

4

5.4

Ауқатты а. Абая көшесінде тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашу

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2014 ж.

1,0

Жеке қаражат

2

5.5

Ауқатты № 1А школьная бұрылысында 4 компьютерге ғаламтор клубын ашу

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2015 ж.

1,0

Жеке қаражат

2

5.6

Ауқатты а. Абая көшесінде 200 орынға кафе құрылысы


Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2018 ж.

6,0

Жеке қаражат

5

5.7

Ауқатты а. Абая көшесінде жағажайлы мезгілге демалыс орны және 15 орынға финдық монша құрылысы

Іске қосу актісі

Аудан әкімі

2014 ж.

9,0

Жеке қаражат

4

Барлығы

4928,4







РБ

4459,0







ЖБ

302,3







Басқа да көздер

167,1







Жұмыс орындар саны







198

Құрылыс кезеңінде







54

Қолданыс кезеңінде







144

Аббревиатуралардың толық атауы:


ББ - Білім басқармасы

ДСБ - Денсаулық сақтау басқармасы

МБ – Мәдениет басқармасы

ДШжСБ – Дене шынықтыру және спорт басқармасы

АШБ – Ауыл шаруашылық басқармасы

ҚЖКжАЖБ – Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

ЖҚҮжӘББ – Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

КжИИДБ - Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы

ЭжКШБ – Энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы

ЖҚБ – Жер қатынастары басқармасы

ТРжТПРБ – Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ЭжБЖБ – Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ІІД – Ішкі істер департаменті

ТЖД – Төтенше жағдайлар департаменті

БЖК 2020 – бағдарлама «Бизнес жол картасы 2020»

ЖҚЖК 2020 – бағдарлама «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»

ЖБ – Жергілікті бюджет

РБ – Республикалық бюджет



ОБ – Облыстық бюджет

ҚЖТҮ – Қол жетімді тұрғын үй – 2020 бағдарламасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет