Жамбыл облысы Шу қаласы С.Сейфуллин орта мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сариева Жанар Шаймерденқызы
Шебер сыныптың тақырыбы: Оқушыларға эссе жазудың тиімді жолдарын үйрету .
Жалпы мақсат:
Эссе жазудың тиімді жолдарын түсіндіру.
-Эссе жазудың жолдарын меңгерте отырып, мұғалімдедің тәжірибесін жетілдіру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижесі:
Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды;
-эссенің құрылымдарын ұғынады;
-шығармашылық деңгейі шыңдалады;
-эссені бағалау межелерін біледі;
-эссе жазу бөлімдерінің мәнін түсінеді.
-мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде топтық жұмысты тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді.
Түйінді идеялар:
ҰБТ-ға дайындық кезіндегі эссе жазудың тиімді жолдарын түсінеді.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер.
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Әдеби материалдар,әдістемлік ұсынымдама, газет-журналдар.
Тапсырмалар:
Сұрақ- жауап, салыстыру,талдау, сыни тұрғыдан ойлау
Оқуға арналған тапсырма:
Әдістемелік ұсынымдама
Шебер сынып бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (3 мин)
1. Ыммен ән айту арқылы 4 топқа бөлу.
2. Психологиялық тапсырма.
Көз – жанымыздың айнасы. Көзге байланысты психологтар ерекше тест түрін ойлап тапты. Суреттегі 9 көзге қарап, ұзақ ойланбай, біреуін таңдаңыз. Ойланып, таңдаудың қажеті жоқ. Қайсысы сізге көбірек ұнады, соны таңдауыңыз керек.
1. Егер сіз 1-көзді таңдасаңыз, демек басты қасиетіңіздің бірі – көңілділік. Кез келген адамға жүрегіңіздің есігін ашып, жайдары қарсы алуға дайынсыз. Салдарында талай рет қателесіп, қапаланасыз. Өзгелерге қорқышыңыз бен сенімсіздігіңізді білдіртпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шеше алатыныңызға сенімдісіз. Сонымен қатар басқаларға да қол ұшын беруге дайын тұрасыз.
2. Сіздің басты қасиетіңіз – адалдық. Өзгелерге жақсы әсер қалдыру үшін барыңызды салуға дайынсыз. Бәрін дұрыс жасауға тырысасыз. Адамның іс-әрекетіне қарап, оған баға беруге болады деп санайсыз. Күйзеліске түскенде не көңіл-күйіңіз төмен болғанда ешкімге тіл қатпауга тырысасыз.. Өзіңізді өзгелерге арнау үшін өмір сүресіз.
3. Егер 3-ті таңдасаңыз, дәл қазір өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін. Өткеннің
естелігі қазіргі күнге әсер етеді. Өмірді қатігез деп санайсыз. Өзіңізге жайлы орын
іздеумен келесіз. Беймаза ойларыңызды ешкімге айтпауды жөн көресіз. Өйткені ақырында
бәрі өз орнына келетініне сенімдісіз. Бұл өткінші, ауыр кезең екенін жақсы түсінесіз.
4. Сіз – нағыз философсыз. Сіз әлемдегі барлық нәрсенің «түпкі себебін» табуға әуес адамның бірісіз. Басқа ешкімнің мазасын алмайтын сұрақтар жайлы ойланып, әлемнің «құрылымын» түсінуге ұмтыласыз. Бір уақытта бірнеше нәрсе туралы тереңінен ойланып, жауабын табуға тырысасыз. Жауабы табылған сұрақты қойып, жаңа жұмбақты шешуге кірісесіз. Әлем сіз үшін — үлкен жұмбақ. Оның шешімін тауып, не істейтініңізді білмесеңіз де, іздеуді тоқтатпайсыз.
5. 5-көз – ақылға сыймайтын жұмбақ жан. Сіз әлі күнге дейін өмірдегі өз орныңыз бен кім екеніңізді таппадыңыз. Дегенмен, тырысуды тоқтатпайсыз. Көңіл-күйіңіз сағат сайын ауысып тұрады. Өзіңіз жайлы әңгімелегенді ұнатпайсыз. Көп сөйлегенді жақсы көрмейсіз. Бірақ біреудің әңгімесін тыңдағанды қызық көресіз.
6. Басты қасиетіңіз – аса сезімталдылық. Сіз – айналаңыздағы болып жатқан жайттың бәрін бүге-шігесіне дейін байқатын және есіне сақтайтын адамсыз. Мұның арқасында әлеммен үндесе аласыз. Сезімдеріңіз әрқашан терең, әрекетіңіз кейде ақылға қонымсыз болса да, сүйкімді көрінеді. Сізді күлдіру де, жылату да оңай. Дегенмен сіз өзгелерге өз нәзіктігіңізді білдіртпеуге тырысасыз. Оның орнына ақылдылығыңыз бен даналығыңызды көрсетесіз. Жалпы, сіз позитивті тұлғасыз. Сондықтан өмірден тек жақсылықты күтесіз. Өмірде болып жатқан қызықты, ерекше жайттар жайлы бірінші білуге ұмтылатын адамсыз.
7. Энергиясы мол адамсыз. Тұла-бойыңыздағы энергия әлемді ерекше етіп көруге көмектеседі.
Сезімдеріңіз үнемі шектен шығуға жақын тұрады. Шын жүректен сүйіп, шын жүректен жек көре аласыз. Кез келген сұраққа қатысты өз пікіріңіз бар. Энергияңызды уайымдауға жұмсауға үйірсіз. «Бәрі маған қарап тұр, маған сенеді» деген ауыр жүкті арқалап жүргендейсіз.
8. Сіз – ережеге бағынбайтын жансыз. Сіздің қызығушылықтарыңыз бен ұстанымдарыңыз өзгелердікіне ұқсамайды. Басқалар үшін сіз «біртүрлі адамсыз». Бірақ сізді мұндай пікірлер алаңдатпайды. Сіз дәстүр мен ережеге бағынбайсыз. Өз жолыңызды іздеумен боласыз. Егер оны табу үшін талай жерден сүріну керек болса, оған да дайынсыз. Жақындарыңыздан ешнәрсені жасырмайсыз, бірақ өз пікіріңізді де орынсыз айта бермейсіз.
Әркімнің өз жолы бар, әр адам — ерекше тұлға екенін түсінесіз. Сол себепті біреу сізді сынап, мінесе, ойынға айналдырып жіберіп, аса мән бермейсіз. Дегенмен, өзіңізге ұқсас адамды іздейсіз.
9. Ішкі дауысыңызға сенесіз. Сіз — қоршаған орта мен әлемді сезе алатын адамсыз. Адамның сезімі мен ойын сөзіне қарап емес, дауысына, жүріс-тұрысына қарап білесіз. Бала кезіңізден бастап адамдарды жақсы танисыз. Біреудің ойы мен өзгелерге білдіртпейтін қасиеттерін байқай аласыз. Бұл білім сізге өмір жолында да, мансапта да талай рет көмектесті. Біреу біреуді арбаса, алдаса бірден сезіп, білесіз. Сол себепті сізді де алдау өте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |