ТАХМИНА Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер- білім үйреткен
Балабақшаны қимаймыз. (ойыншығын сыйлайды)
АЙШУАҚ Біздер үшін еңбек еткен шаршамай,
Баршаңызға рахмет апайлар.
Балабақша көркі болсын әрқашан,
Кейінгі бүлдіршін балғын балалар. (ойыншығын сыйлайды)
Қыздардан ән шашу: тәрбиеші апайлар (Тахмина, Раяна,Айшуақ,Айсая) Тәрбиеші: Енді балалардың балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.
айшуақ Кем көрмеймін сізді асыл әкемнен
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Директор ағайға мың алғыс
АРЫСТАНБЕК. Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
ДАМЕТКЕН апайға мың алғыс!
ТАХМИНА Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді қарайлап.
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын,
СӘУЛЕ әпкиге көп рахмет!
АЙШУАҚ Денсаулығы болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
САЛТАНАТ әпкеге мың алғыс!
ДІНМҰХАМЕД Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді
Үйреткен Назымбек ағайға мың алғыс!
АРЛАН Күліп қарап ісімізге шаттанған,
Дәмді асымен жайған бізге дастархан.
Анамыздай аялаған біздерді
ҚАРЛЫҒАШ, АЙГЕРІМ әпкелердің мінезі бай дархан.
АЛИШЕР Қызық сабақ тренингтер өткізген,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог АЛЬМИРА әпки жайдары
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.
РАЯНА Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған.