Сурет-25. Жамбас сүйегінің байланысы.
А – ірі қара мал, Б – жылқы, В – іш жаңынан көрініс. 1 – мықын сүйегі, 2 – құйымшақ сүйегінің білікті өсіндісі, 3 – шонданай сүйегінің төмпешігі, 4 – құйымшақ-мықын дорсальды қысқа байламы, 5 - құйымшақ-мықын дорсальды ұзын байламы, 6 - құйымшақ-шонданай байламы, 7 – үлкен шонданай сүйегінің тесігі, 8 - кішкентай шонданай сүйегінің тесігі, 9 - жамбас-ортан жілік буынының дөңгелек байламы, 10 – қосымша байлам, 11 – ойыстың көлденең байламы.
Тобық буыны - articulatio genus – күрделі, бірбілікті буын. Бұл буын өз кезегінде ортан жілік-сирақ, ортан жілік-тобық және проксимальды сирақ сүйектері аралық буындарынан құралады. Ортан жілік-сирақ буыны - articulatio femorotibiaiis – ортан жілік пен асықты жілік айдаршықтарының буындасуы нәтижесінде түзіледі. Бұл сүйектердің айдаршықтарының буын беттері бір-біріне сәйкес келмегендіктен, олардың араларында латеральды және медиальды менискалар бар Буын қапышқ, бүйірлік және крест тәріздес байламдардан тұрады. Латеральды бүйірлік байлам - ligamentum collateralе laterale, медиальды бүйірлік байлам - ligamentum collаterale mediale және крест тәріздес байлам - ligamentum cruciatum. Ортан жілік-тобық буыны - articulatio femoropatellaris - тобық пен ортан жіліктің дистальды эпифизіндегі тобық шығырының буын бетінің жанасуынан түзілген. Тобық сүйегінен асық сүйегіне дейін латеральды бүйірлік байлам - ligamentum femorоpatellare laterale, медиальды бүйірлік байлам ligamentum femoropatellare mediale және түзу байлам - ligamеnta recta өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |