Жарақат алу және биологиялық сұйықтықтармен жанасу кезінде мейірбикеге өзіндік өзара көмек көрсету



Дата20.06.2022
өлшемі257,15 Kb.
#146875
Байланысты:
бик жарақат
daris 2, 14 қанөндіру

Жарақат алу және биологиялық сұйықтықтармен жанасу кезінде мейірбикеге өзіндік өзара көмек көрсету

Кіріспе

  • Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ жара деп атайды.

Жараның белгілері

  • Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы. Тілінген жара. өткір заттармен жараланғанда болады. Мұндай жараныңаузы ашылып тұрады. Қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады. Жарақаттардың белгілері: Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б. Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек

  • Жараланудағы бірінші көмек Жаралануда бірінші көмек көрсетудің негізгі мақсаты қан ағуды уақытша тоқтату ( байлау, таңу, жгут салу) және инфекцияның түсуінің алдын алу (таңбаны қояр алдында жараның шеттерін йод ерітіндісімен тазалау) болып есептеледі. Жараға таңғышты қояр алдында дененің осы жеріндегі киімдерді немесе аяқ киімдерді шешу қажет. Киімдерді қосымша жара түсіріп алмай, абайлап шешу керек. Оларды тігісінен кескен мақұл. Таңғышты қоярда жеке таңғыш пакетін пайдаланған дұрыс. Қан ағуды уақытша тоқтату және тасымалдау иммобилизациясын жасап науқасты емдеу мекемесіне алыа бару керек. Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике немесе фельдшер көрсетеді. Егер бірінші көмек оқиға болған жерде дұрыс көрсетілген болса, онда еш нәрсені қайтадан істеудің қажеті жоқ, науқасты арнаулы емдеу мекемесіне апару қажет.Жәрдем көрсетілмеген немесе дұрыс істелмеген жағдайда, жара бар жерді кең ашып, жараның шетіндегі жүнді қыру және шеттеріне йод жағу, сырттан түскен денелерді алып тастау, жгутты қайталап салу және асептикалық таңғыш қойылуы қажет. Кейін науқасқа сіреспеге қарсы сары су жіберу, оны арнаулы емдеу мекемесіне жөнелту керек.

Жарақат механизмі мен жара алу сипатына байланысты қандай жаралар болады?

  • Жарақат — сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады.

Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:

  • 1) механикалық Жарақат — сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады; 2) термикалық Жарақат — жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен; 3) химиялық Жарақат — қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен; 4) биологиялық Жарақат — бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен; 5) психикалық Жарақат — орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады. Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет