Жаратылыс ғылымдар факультеті


Білім беру жүйесі, оның сипаттамасы



бет4/12
Дата31.12.2019
өлшемі436,41 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Білім беру жүйесі, оның сипаттамасы

Мақсаты: білім беру мазмұнымен байланысты студенттерді теориялық білім жүйесін тәжірибелік тұрғыда қалыптастыруға бейімдеу.

Міндеттері:а) Білім беру мазмұны ұғымның мәнін ашып көрсету.

б) Білім беру мазмұнының компоненттерін негіздеу.

в) Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалатынына сипаттама.

Жоспары


  1. Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау.

  2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.

  3. Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама.

4. Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар.

Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы – тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға, мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процессі (А.Г. Асмолов).

Демек білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.

Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.

Бұған адамды іс-әрекеттің маңызды түріне кірістіру жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан барып білім беру ұғымының астары ұйымдастырылған нормаланған процесс (және оның нәтижесі). Өткен ұрпақтың әлеуметтік мәнді тәжірибесін келесі ұрпаққа үнемі беріп отыру және жеке тұлғаны әлеуметтендіру және генетикалық бағдарламаға сәйкес тұлғаның қалыптасуы.Сонымен білім беру мазмұны жеке тұлғаны дамыту және базалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі құрал болып табылады. Дәстүрлі педагогикада көбінесе мектептің білім беру қызметін бағдарлы жүзеге асырумен білім беру мазмұнын анықтау, білім беруді жүйелеу, іскерлік, дағды, көзін жеткізу.




Білім беру мазмұнының логикалық-құрылымы



Білім беру мазмұнын қалыптастырудың көзі

И.Я. Лернер,

М.Н. Скаткин, В.В. Краевский бойынша білім беру мазмұнының компоненттері



Білім беру мазмұнының принциптерінің құрылымы

Ю.К. Бабанский бойынша білім беру мазмұнының категорияларын таңдау

Білім беру мазмұнын анықтайтын оқу- нормативтік құжаттар






  • қоғам

  • адам

  • табиғат

  • техника

  • ғылым

  • өндіріс орындары

  • (рухани материал-дық) мәдениет



    • бейнесінің тұтастығы

    • ғылымдар негізінің білім беру мазмұнының ғылыми және тәжірибелік мәні;

    • пәнді оқытуға берілген уақытпен сәйкестігі

    • білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру

    • мектептің оқу-әдістемелік базасының материалдық жағдайының сәйкестілігі



    • тұлғаның, қо-ғамның мәдени-етпен ғылым-ның білім беру мазмұнының принциптеріне қоятын талабы-мен сәйкестілігі

    • оқытудың маз-мұнды процес-суалдық бірлікте болу принципі

    • білім беру маз-мұнының әр-түрлі деңгейде қалыптасуының құрылымдық бірлікегі принципі

    • білім беру маз-мұнының гумандық принципі

    • білім беру мазмұнының фундаментал-дық принципі



    • табиғат, қоғам, техника туралы білімдер;

    • іс-әрекет тәжірибені жүзеге асырудағы ойлау қабілеті;

    • шығармашылық тәжірибе өзіңе және басқа адамдарға қарым-қатынас жасауда оқитын объектінің нақтылығының бағдарлы эмоционалдық құндылық тәжірибесі.



    • ҚР-ның жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің мемлекет-тік стан-дарты;

    • базистік оқу жоспары (инвари-анттық, вариатив-тік, құзыр-лық);

    • оқу бағдарла-масы, оқу құралы және оқулықтар

Сурет 1 – Білім беру мазмұнын қалыптастырудың логикалық-құрылымы

Сондай-ақ танымдық күшін дамыту және тәжірибеге дайындау, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінің жеткен жетістігі. Бұл бағдарлы білім беру тұрғысы мазмұнның мәнін анықтайды. Мұндай жағдайда білім – тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.

Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім беру мазмұны үшін құнды болып табылады. Бағдарлы білім беру мазмұны тәртіп белгілеу, идеологияландыру білімнің ғылыми ядросын академизмдеуге алып келеді. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М. Бим-Бад, А.В. Петровский еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының теориялы тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді және қоғамның мәдени-рухани материалдық байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға «жалпыадамзаттық тәрбие» беруде, табиғи құбылыстарды және қоғам өміріндегі жағдайларды олардың өзара байланысын түсіндіруде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруда оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр.

Бұл кіріктіру идеясы басқа әртүрлі елдерде жүзеге асырылған. Совет мектебі ұзақ уақыт бойына оқушылардың жалпы білім беретін дайындығын көтеру міндетін шешуде оң жетістіктерге жеткен.

Ғылым мен техниканың мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім мазмұнын анықтауда жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді камтамасыз ету оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулықтардың жетілдіруі жүргізіледі.

Білім беру мазмұнында жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты, негізгі кемшілігі сол білім мазмұнының жиі өзгеруі эмпирикалық деңгейде қайта құру теориялық негізсіз, ешбір болжаусыз жүзеге асылуы. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұны қазіргі теориялық тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. Нақты тарихи, қоғамдық-экономикалық жағдайда жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады.

Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндылықтармен, сапалы жоғары білімді адамдардың ақыл-ой дене еңбегі жағынан қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру. Білім беру мазмұнын оқыту арқылы игерілген тәжірибені әріқарай дамытып әлеуметтік мәдени мазмұны ересек ұрпақтың тәжірибесін келесі ұрпаққа беруді қамтамасыз ету. Ю.К. Бабанский ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:


  1. Ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі.

  2. Білім беру мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.

  3. Білім мазмұнының күрделігі оқушылардың жас ерекшелігімен оқу мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.

  4. Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен сәйкес болуы.

  5. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру.

  6. Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен білім мазмұнының сәйкес болуы.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.

Білім берудің мазмұнының теориялық негізі XVIII ғ. соңы XIX – басында қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған.

Біріншісін дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп атаған. Оны жақтаушылар оқыттудың мақсаты ғылымның әртүрлі санасынан кең көлемде оқушыларға білім беру деп есептелген. Бұл пікірді XVII ғ. Я.А.Коменский өзінің көп жылдық өмірін арнаған оқулығында оқушыларға кажетті білімді енгізуді көздеген.

XIX ғасырдың белгілі педагогтары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырыдама бүгінгі күнде де өз жақтастарын тапты. Кейбір ақпаратқа толы оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнына талдау жасағанда оқушылардың меңгеруі өте қиын болатындығы айғақталды. Білім беру мазмұны формальдық теория бойынша немесе дидактикалық формализм, оқытудың құралы, оқушылардың танымдық қызығушылық және даму қабілеті ретінде қарастырды. Сондықтан оқу құралын таңдауды негізгі өлшемі классикалық тілдер мен математикада оқу пәнінің дамытушылық құндылығы болып есептеледі. Дидактикалық формализмнің теориялық негізін игерілген іс-әрекет, білім және іскерлік құрайды.

Дидактикалық формализмді жақтаушылар ерте заманнан белгілі, мысалы Гераклиттің ойынша «білімі көптік ақылды емес» Цицеронда осындай пікірде болған. Жаңа кезеңде дидактикалық формализм пайда болды, оның негізі И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы тұрған Песталоцциде жатыр. Оның пікірі бойынша оқытудың негізгі мақсаты «оқушылардың дұрыс ойлауы немесе формальді түрде білім беруді күшейту». Германияда бұл теорияға жақын болған А.Дистервег,ол өзінің «Неміс ұстаздарына басшылық» - деген еңбегінде (1850 ж.) өз көзқарасын білдіреді. Формальдық теорияны жақтаушылардың еңбегі білім беру мазмұны окушылардың танымдық кабілетінің дамуына, ес ойлау тағы басқалар қабілеттеріне көңіл бөлуі. Бұл теорияның әлсіздігі оқу бағдарламаларында тіл, математика пәндері көрініс тапқан. Осыған сәйкес (құбылыстар мен заттардың көріну процесстері) оқушының ойлау қабілетінің дамуына, қалыптасуына, білімді игеруіне әсер етеді. Бұл екі жақты диалектикалық тәуелділік энциклопедизмді жақтаушыларға түсініксіз болды. Оқытуды анықтау оның мазмұны арқылы формализмді жақтаушылар арқылы емес, оқытудың мәнін субъективті процессуальды жағынан жоғары бағалауы жеткіліксіз еді. Екі теория да К.Д.Ушинскийдің ғылыми сынына ұшырады. Ол кісінің айтуынша «парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» - сондай-ақ мектеп адамды біліммен қаруландырып, сол байлықты қалай колдануды үйретеді дейді. Орыс педагогикасында К.Д.Ушинскийден бері карай материалдық және формальдық тұрғыдан идеямен қамтамасыз ету бірлігі білім беру мазмұнын таңдауда қарастырылған.

Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады. Қазіргі заманда білім берудің мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс- әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай максат қою тұлғаның іскерлік, білім дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Сондықтан да білім ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту өз мүддесі үшін емес, нағыз әдемілікті танып білуге үйрететін құрал. Адам – қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып калыптасатын динамикалық жүйе. Тұлғаның күштілігі уақыт өзгеруіне байланысты және субъектінің қасиеті адамның (онтогенетикалық) организмінің дамуына сәйкес. Ол іс-әрекет жүйесінде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда субъектінің дамуы іс-әрекеттің жемісі. Іс-әрекет түрлері (еңбек, ойын, қоғамдық) тұлғаның дұрыс дамып жетілуі үшін жағдай жасау туралы сөз болып отыр.

Осыдан барып білім берудің мазмұнын анықтайтын тұлғаның іс-әрекеті болып табылады. В.С.Ледневтың тәжірибесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мазмұнын анықтауға болады дейді. В.В.Краевскийдің – педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру принципі қарастырылған. Ол принцип білім берудің барлық элементтерімен барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол – тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі ушін дәстурлі білім, іскерлік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына ендіру қажет дейді.

Оқытудың процессуалдық және мазмұндық бірлігі принципі жалпы білім беру мазмұнын тандағанда бір жақты пәндік – ғылыми бағдарлы болып келеді. Ол білімнің мазмұнынсыз нақты оқу процессті жүзеге асыра алмайды. Жалпы білім беру мазмұнын құрастырғанда қажетті принциппен технологияны енгізуі қажет. Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейде окушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекетті оқу материалы, оқу пәнін теориялық жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда гуманитарландыру және негіздеу бағдарлы білімнен тұлғалық бағдарлы білімге көшу тенденциясы байқалды. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі жалпы адамзаттың мәдениетті, оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип оқушылардың көз-қарасын қалыптастыруға дайындаумен байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Мазмұнын терең негіздеу арқылы жалпы білім беруді дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады.

Пәнаралық байланыста, сабақтастығын гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім алудың тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқушыларды жаңа біліммен қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің кұралы болып табылады.

Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылыкпен оқу ақпарат құралдарын шамадан тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады.

Жалпы білім беру мазмұнның компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық әрекет белгілі білімнің іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде калыптасады.

Білім мазмұнының компоненттеріне сипаттама. Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады.

Білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында оқушылар меңгеретін білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады.

Оқыту барысында оқушылар міңдетті түрде білім мазмұнының астары ретінде ғылыми білімдер жүйесін тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет (И.Ф.Харламов). Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын аша алмайды. Негізгі біліммен ғылымды меңгеру адамға қалыптасқан қоғам кұрылысының ішкі жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не істеу керек екенін талап ету жеткілікті. Бұл жағдайда білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика т.б.) оқу пәндеріндегі білімді және дағдыны жеткілікті жеткізілуі қажет. Қазіргі даму жағдайында Қазақстаңдағы жалпы білім беру мектептерінде мұның барлығы жеткіліксіз.

Қоғам өмірінің кеибір салаларына байланысты мәселелерін шешу, оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері, қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған ортаны қорғау, қатыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық және қоғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзқарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, құндылық мәні бар сұраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат-гумаңдық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған әлеуметтік тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі:

1. Табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру . Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде дұрыс әдіснамалық тұрғыдаан қамтамасыз етеді.

2. Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік ілімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды; іскерлік осы тәжірибенің мазмұнын құрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесіңде халықтардың әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

3. Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді.

4. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.

Қоршаған дүниеге катынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке іс-әрекетте көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік тәжірибеде оның жеке басының тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. Барлық білім мазмұнының аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлікті тәжірибесінен көрінеді. Қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеруде адам қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы, жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында, екінші жағынан іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Адамды оқытуда тұлғаның қажеттіліктерін өтеу оқу мазмұны болып табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мектепте білім беру мазмұнын қалыптастырудың жолы әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен, таныстыру.

Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысыда танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құңдылық, көркемдік іс-әрекет. Білім мазмұны оқу материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық өндеуден өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді араласуын, құндылықтар мен қажеттіліктер тұрғысынан және тұлғаның санасымен және психологиялық қасиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмұнын қалыптастыру барысында баланың жеке басының дамуы, қызығушылығы, дарыны ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) өз қалауы бойынша оқу пәндерінің жалпы білім беру мазмұнының мақсатын белгілеу. Мектептегі білім беру мазмұнына әсер ететін фактор ретінде қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы мақсаты, өзінің тарихи даму жолындағы оқу процесінің, окушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке тұлғаның білім алудағы талап тілегі. Ñîíäûºòàí îку процесінің өзінде қоғамның жеке бастың талап тілегі мен қызығушылығына сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне байланысты білімнің мазмұныда өзгереді.



Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар.

Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.

Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.

Жалы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:



  • Қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;

  • Соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;

  • Білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;

  • Мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • Білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;

  • Оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;

  • Оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;

  • Тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.

Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі мемлекет, республикадағы мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы білім ьеру саясатын сақтай отрып мемелекеттің қызығушылығы негізінде дамуы тиіс. Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті түрде қарастырылады. Міндетті оқылатын пәндер мазмұнында республиканың кейбір аймақтарының экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.

Кейбір арнайы курстарда «Туған өлкенің мәдениеті мен тарихы», «Регионның экономикасы және экологиясы» т.б. жоғарыда айтылған регионның ерекшеліктері білім мазмұнында ескеріледі. Оқу жоспарындағы жалпы білім мазмұнында көрініс табады. Базистік оқу жоспары білімнің сатылық жүйелі принципіне негізделіп құраған.

Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:


  • Негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан кейін өз қалауы бойынша оқуды профильдік мектпте, гимназияда, әртүрлі орта, арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;

  • Мектепті гуманитарландыруға байланысты міндетті оқу жүктемесін қысқарту;

  • Бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;

  • Республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;

  • Жеке тұлғаның қажеттілігіне байланысты қоғамда үш бағытта ұйымдастырылған: ғылыми, жаратылыстану, гуманитарлық-эстетикалық және кәсібі-техникалық профильді-дифференциацияланған оқытуды енгізу

  • Білім беру мазмұнында көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.

Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:

  • барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық мәдениет компоненттерін енгізу;

  • білім беруді гуманитарландыру;

  • білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени бағытты күшейту;

  • әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;

  • оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша құру.

Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады – инварианттық және вариативтік. Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.

Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз таңдауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.

Бастауш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.

Инварианттық және вариативтік бөлігі I-II сатыда 85% және 15%, 44,8% және 55,2%. Жалпы білім беретін мектептердің сатылық ерекшелігі базалық куспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және инварианттық қатынасы және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен таңдауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп ғылыми-жаратылыстану (лицей бағдарламасы бойынша) гуманитарлық-эстетикалық (гимназия бағдарламасы) және кәсіби-техникалық багытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға жағдай жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын міндетті емес болып есептеліп келген (Өнер) блогы құрайды. Бұл блок «Өнертануға кіріспе» деп аталады.

Алтаншы білім беру блогына дәстүрлі денешынықтыру, еңбек, бастауыш әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр блоктың ішкі құрылысын ашып көрсету қажет. әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін қажет етеді. Білім берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курсатрдан тұрады. Көпқырлы пәндерге негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге және тәжірибеге дайындайды. Таңдаған курсы бойынша тек факультатив қана емес, басқа да көпқырлы пәндердің нақты саласы бойынша басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды.


  • оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша);

  • республикалық және мектеп компоненты мен білім стандартының өзара қатынасы;

  • жалпы орта білім берудегі вариативтік және инварианттық бөлігінің дара қатынасы;

  • базалық мектептер үшін міндетті факультатив сабақтарының апталық жүктемесі;

  • оқушылардың апталық жүктемесі;

  • жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру.

Оқу жоспарын – Қазақстан Республикасының Білім министрлігі бекітетін құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді жүйелі ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді. Қазіргі кезде оқу жоспарында оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді. Міндетті түрде оқылатын (базалық компонент) оқушылардың таңдауы бойынша (дифференциациялық компонент) және мектептің кеңес беруі бойынша оқылатын пәндер, (мектеп және регионалдық компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип қалыптасты. Бірі – концентрлік, екіншісі – линейный. Біріншісінде бағдарлама анағұрлым күрделі. Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш жағдайын (сұйық, газ тәрізді, қатты) түрін оқытса, ал 7 мен 9 – сыныпта судың қайнауын молекула – кинетикалық қозғалыс түрінде түсіндіреді. Екінші прицип бойынша уақытты үнемді пайдалану, қайталау өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б.

Нақты оқу бағдарламасындағы материалдық мазмұны әрбір оқу пәндердің бойынша және барлық оқытылатын тақырыптары оқулықтармен оқу құралдарында берілген.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Білім беру мазмұнының мәні неде?

  2. Білім беру мазмұнына тарихи сипаттама беру.

  3. Білім беру мазмұнының негізгі териясын қалыптастыруды атаңыз және оған сипаттама беру.

  4. Білім беру мазмұнының атқаратын қызметі.

  5. Жалпы білім беру мазмұнының принциптерін таңдауға сипаттама беріңіз.

  6. Білім беру мазмұнын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың ролі мен қызметі.

Әдебиеттер



  1. Бейсембаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. – Алматы, 1998.

  2. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. – Алматы, 2000.

  3. Дидактика средней школы. (Под ред. М.Н. Скаткина. – М, 1982.

  4. Жампеисова В.В. Формирование основ педагогической культуры старшеклассников. Дисс. ... д-ра пед. наук. – Алматы, 1996.

  5. Педагогика: Большая современная энциклопедия (сост. Е.С. Ропацевич). – М.: «Современное слово», 2005.

  6. Леднев В.С. Содержание образования. – М., 1989.

  7. Сериков В.В. Образование и личность. Теория и практика проектирования педагогических систем. – М., 1999.

  8. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. – М., 1984.

  9. Теоретические основы содержания общего среднего образования /под ред. В.В. Кравского, И.Я. Лернер. – М., 1983.

  10. Педагогика: учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н. Шиянов. – М.: Школа-пресс, 1997.

Тақылып: Жеке тұлғаны дамыту процессі



Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы бiлiм жүйесiн қалыптастыру.

Мiндеттерi:

а) жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi және қалыптасуының өзара байланысының негiзгi ұғымдарын ашу.

ә) жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негiздерiн сипаттау.

б) жеке тұлғаның дамуына әсер ететiн факторларды анықтау.

в) субъектiнiң іс-әрекетi рөлiн жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекшi факторы ретiнде негiздеу.

Жоспар


  1. Жеке тұлға туралы түсiнiк.

  2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық- әдіснамалық негiздерi.

  3. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы.

  4. Субъектiнiң іс-әрекетi – жеке тұлғаның дамуының факторы.

Жеке тұлға туралы түсiнiк. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан жақты үйлесiмдi дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектiлi және әр түрлi ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етедi деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесi дәуiрлердiң прогрессивтi философиялық және психологиялық-педагогикалық пiкiрлерiнде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Адам – өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруi адам өмiрiнiң әлеуметтiк жағдайларының әсерiнен болады, адамның тектiлiгi тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесiнде де пайда болады. “Әлеуметтiк мұрагерлiк” адамның қоғамдық тәжiрибеге ие болуы нәтижесiнде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтiк бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлi түсiндiрмелерi бар, бiрақ олардың көбiсi мына түсiнiкке келiп тiреледi: жеке тұлға дегенiмiз әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, әлдебiр ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегi” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке тұлға туралы түсiнiк жалпылама ұғым болып табылады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi – оның саналылығы, жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттерi мен іс-әрекеттерiнде қоғамдық прогрестiң тенденцияларының, әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң деңгейi арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Даралық бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. Осылайша, мұғалiмнiң даралығы оның терең бiлiмдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниетi, т.б. арқылы көрiнедi. “Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады.

Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Ұғым ретiнде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн бiлдiредi. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi осында.

Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегенiмiз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секiрiс түрiнде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесi. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бiр сапаның басқа бiр сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі,терiске шығарылуы мүмкін).Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.

Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер процесi. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен нерв жүйесi өседi. Оның тiлi шығып, сөздiк қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтiк-тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерiстер (танымдық, сезiм, моральдық-жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттiлiкке айналады, дербестiк пен өз мiнез-құлқын билей алу қабiлеттiлiгi артады. Осы және басқа да өзгерiстер адамның жеке тұлға ретiнде даму процесiн сипаттайды.

Сондықтан, даму дегенiмiздi адамның анатомиялық-физиологиялық жетiлуiндегi, оның жүйке жүйесi мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетiндегi дүниетанымы, өнегелiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенiмдерiнiң кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi деп түсiнген дұрыс. Адамның дамуына iшкi және сыртқы, меңгерiлетiн және меңгерiлмейтiн факторлар әсер етедi, олардың арасында мақсатты тәрбие мен бiлiм беру жетекші рөл атқарады.

Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” терминi жиi қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесi дегендi және оның пайда болып, тұтастыққа, бiр қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын бiлдiредi. Қалыптастыру (қалыптасу) дегенiмiз – бiр нәрсеге пiшiн (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бiр түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәнi өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшелiктердiң жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетiндегi тiршiлiктiң тарихы және белгiлi бiр түрдiң (бiздiң жағдайымызда – адамның) өмiрiнiң тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екi түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тiк жүру бейiмдiлiгi, сана, ақыл, сезiм мүшелерi дамуының бейiмдiлiгi, шартсыз рефлекстер, нәсiлдiк және ұлттық белгiлер) және даралық (жүйке жүйесiнiң түрi, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).

Ағзаның тектiлiк негiзi немесе генотипi төмендегi суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта: адам және қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Қоршаған орта макро және микро болып бөлiнедi. Макро-орта бұл – адамға қажетті әлеуметтiк-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар деңгейi, өмiрдiң қаржы жағдайлары, мәдениеттiң даму деңгейi, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететiн өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемi. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгiлi бiр мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етедi. (Кесте 1).
Кесте 1. Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері




Орта компоненттері

Олардың бала дамуына әсері.


1.

Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары)

Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.

2.

Әлеуметтік орта (макро-орта)

а) өндіріс күштерінің деңгейі;

б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;

в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;

г) мәдени даму дәрежесі;

д) көпшілік ақпарат құралдары;

е) техникалық құралдар.


Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, белгілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.

3.

Микро –орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері.

Талап-тілектерді анықтайды, құндылықтырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегенiмiз – өсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң педагогикалық процесiн ұйымдастырады.




Морфологиялық белгілер (сыртқы бет-әлпет көрінісі




Функциональдық ерекшеліктер (қан тобы т.б.)




Анатомиялық-физиоло-иялық тума қабілеттер (сезім мүшелері, ойлау тұрпаты, есту мүшелерінің орналасу ерекшеліктері)




Адами (нышан) тума қабілеттер тік жүруі,сөзі т.б.





Семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Пән туралы мәліметтер
Жеке тұлғаның тұқым қуалаушылық негізінің генотипі
Тәрбиенің мақсаты және оның әлементтік маңыздылығы
Білім берудің мазмұны.
Оқушылардың танымдық әрекеттерін белсенді ету және оларды оқыту әдістері.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет