Жаратылыстану ғылыми сауаттылық



бет11/19
Дата20.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#181755
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
ответымен жаттау (14)

Қант пен Тас


Кішкентай Болаттың қолындағы бір шақпақ Қант байқаусызда жерге түсіп кетті де, домалап барып, сонадай жерде жатқан Тасқа соғылды.

  • Шекең ауырды ма?- деді Тас масаттанып.- Өзің келіп соғылдың ғой.

  • Ауырған жоқ,- деді Қант ақырын ғана. – Мен байқаусызда саған соқтығып қалдым. Оған да мақтанасың ба?!

  • Мақтанбағанда ше! Бұдан былай байқап жүр. Менің денемнің шойындай қатты екенін біліп қой.

  • Оның несін айтасың? – деді Қант. – Әркімде бір қасиет бар. Сен қатты болсаң, мен тәттімін.

  • Ендеше, білсең айта қойшы,- деді Тас, - Қатты жақсы ма, тәтті жақсы ма?!

Бұл екеуінің сөзін тыңдап тұрған Болаттың атасы күліп жіберді де:

  • Негізінен тәтті жақсы. Бірақ реті келгенде қаттының да қажеті бар, - деді.

5. Мәтіндегі Тасқа тән қасиет мақтаншақтық
6.Болаттың атасы неге күлді? Қант пен Тастың сөзіне
7.Мәтінде кездеспейтін сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. Сен неге сонша қаттысың?

  1. «Қатты, тәтті» сөздерінің антонимі жұмсақ, ащы

  2. Мәтіннің қай түріне жатады? әңгімелеу мәтіні

  3. Мәтіндегі қарамен жазылған сөз қай сөз табына жатады? сын есім

Жомарт
Өте бай және жомарт бір кісі құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір жалшы адам бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ алып келеді. Сол сәтте бір күшік жалшының қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден деп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған жомарт кісі жалшының қасына жақындап сұрайды:

    • Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның барлығын күшікке бердің?

    • Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.

    • Жарайды, ал өзің не жейсің?

    • Аш жүріп, ... сақтаймын.

1.Мәтіндегі жалшыға тән емес қасиетті табыңыз. қомағайлық
2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. сабыр
3.Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болмайды? Адам ең алдымен өзін ойлау керек.
4.Жалшы қайда жұмыс істеді? бақшада

Аққу
Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 килограмға дейін жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз,тәкаппар сұлу құс. Халық оны «құс падишасы» дейді. Қазақ халқы аққуды қасиетті құс деп, оған тимей, қайта оның маңында, көбірек жүруді ұнатады. Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдын көлде кербездене жүзгені, кіршіксіз денесімен маң- маң басқан сазды қимылы- бәрі сұлу көрінеді. Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35 -40 күнде басып шығарады. Балапандары ширақ келеді.
5.Төменде берілгендердің қайсысы аққудың қорегіне жатпайды? ұсақ балықтар
6.Мәтінде айтылмаған мәліметті көрсетіңіз. аққудың жылдам құс екендігі
7.«Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады» сөйлемнен тәуелденіп септелген сөзді табыңыз. жиегінде
8.Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты қандай түрі кездеседі? сұқылдақ, сыбырлақ

  1. «Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді» сөйлемінен шылауды табыңыз. мен

  2. «Аппақ» сөзінің құрылымы қалай жасалаған? күшейткіш буын арқылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет