Жаратылыстану ғылыми сауаттылық



бет8/19
Дата20.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#181755
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
ответымен жаттау (14)

Саясаткер патша
Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың»,- деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұтаздык құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді.
Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері адақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді.
Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.
1. Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?
Балаға барлық адамдарға тәртіп бірдей екендігін ұғындыру
2. Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? Әке балаға сыншы
3. Мәтіннің стилі қандай? Ауызекі сөйлеу стилі
4. Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді? Ұстазды патша да сыйлайтынын
5. Патша баласы қандай еді? Ашуланшақ
6. Патшаның кұлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі
Патша ұсынысынан қорқып кетті
7.Омоним сөздер дегеніміз не? Айтылуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер.
8.Синоним сөздерді табыңыз. Жайлы,ыңғайлы
9.Архаизм сөздер дегеніміз не? Мағынасы көнерген сөздер.
10.Термин сөзді табыңыз. Синоним
Қамқорлық
Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады.
Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.
Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.

  1. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз. Жағдай

  2. Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз. Мейірімділік

  3. Мәтіннің идеясын анықтаңыз. Қамқорлыққа баулу

  4. Жолаушы итке суды неге құйып берді? аяқ киіміне




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет