127
2 тапсырма:
Лейкоциттердің түрлерін ақпаратты блоктан оқып,
оларға
сипаттама беріп, суреттерін № 2 кестеге салыңдар.
№ 2 кесте
№
Лейкоциттердің тҥрі
Сипаттамасы
Суреттері
1
Агранулоциттер
Гранулоциттер
Микроскоппен студенттердің өзіндік жұмыс істеуі:
1.
Препарат:
Адам қанының жағындысы.
Бояуы: Романовский әдісі бойынша.
Бірінші қан жағындысының суретімен толық танысып алыңдар да,
ондағы жасушалар суретін альбомға салып, белгілеңдер. Одан кейін қан
жағындысы бар препаратты микроскоптың
зат столигіне қойып,
иммерсиялық жүйе бойынша микроскоптау ісін жүргізіңдер. Препаратқа
май тамызып, конденсорды соңына дейін жоғары кӛтеріңдер. Диафрагманы
ашыңдар да, 90 объективті майға батырып, препаратқа тиейін дегенше
жақындатыңдар.
Содан кейін, қан элементтері кӛрінгеше микровинттің
кӛмегімен тубусты баяу кӛтеріңдер. Препараттағы қан жасушаларын
ажыратуды үйренугелерің қажет.
Эритроциттер.
Олар басқа жасушалардан кӛп. Пішіні домалақ, ядросы
жоқ.
Нейтрофилдер.
Олардың мӛлшері 1,5 - 2,0 эритроциттей.
Цитоплазмасында сиякӛк түйіршіктер болады. Жас нейтрофилдердің
ядросы
бұршақ тәрізді, таяқша және ілгек тәрізді, таға немесе S әріпі
сияқты, сегментті ядро – сегменттерге бӛлінген арасында ілмешегі бар.
Эозинофилдер.
Нейтрофилдерден ірілеу. Цитоплазмада ірі қызыл дән
сияқты, ядросы сиякӛк, жиі екі сегменттен тұрады.
Базофилдер
. Мӛлшері нейтрофилдер сияқты.
Ядросының пішіні
әртүрлі. Ең бастысы сиякӛк түйіршіктер ядро маңына жинақталған.
Лимфоциттер.
Мӛлшері 1, 0-1, 5 эритроциттей. Жасушаның кӛп
бӛлігін дӛңгелек келген қою сиякӛк ядро алып жатыр. Цитоплазма ядроны
жіңішке сақина тәрізді ораған. Осы белгісі лимфоциттерді тануға мүмкіндік
береді.
128
Моноциты.
Ең ірі жасушалар Мӛлшері - 4 эритроциттей. Ядросы
бұршақ пішінді. Цитоплазмасы – ашық кӛкшіл.
Тромбоциттер
(қан пластинкалары). Пішіні әртүрлі, кішкентай
базафилді денешік. Бір жерге жиналғыш.
Қанның формалық элементтерін
зерттеп болған соң, лейкоцитарлық
формуланы шығару қажет, яғни лейкоциттер түрлерінің проценттік ара-
қатысын табасыңдар. Оларды санау үшін, альбомда 100 квадраттан тұратын
(10х10) кесте сызыңдар. Жоғарғы 5
қатары сегментті ядролы, алтыншы
қатар таяқша ядролы нейтрофилдерге арналады. Келесі 3 қатар
лимфоциттерге арналып, соңғы қатар эозинофилдер мен моноциттерге
арналады. Лимфоциттердің
кездескен формаларын, олардың басты
әріптерімен белгілеп, кестеге ендіреміз. Есептеу бірқалыпты болу үшін,
препаратты зигзаг тәрізді қозғай отырып санау жүргізіледі және әр-бір
зигзагтың екі-үш кӛрініс алаңындағы жасушалар саналады.
Алынған
нәтижені тӛменде келтірілген № 3 кестесіне енгізіп, ондағы берілген қанның
қалыпты формуласымен салыстырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: