Жаратылыстану-математика факультетінің деканы



бет10/12
Дата29.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#12443
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Андроцей

Бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде- бірден бірнеше жүзге дейін ауытқып отырады. Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, аталықтардың біреуі бос қалып, қалғандары біріккен болса- екі ағайынды, ал егерде аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса- көп ағайынды аталықтар деп атайды. Аталықтардың биіктіктері бірдей болуы да немесе әртүрлі болуы да мүмкін. Биіктіктері әртүрлі болып келетін аталықтарды мынадай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш жақсы жетілген аталығы болатын және т.б. Екі жақсы жетілген аталығы болған жағдайда, аталықтың екеіу басқаларынан биік болады, ал үш жақсы жетілген аталығы болғанда, аталықтың үшеуі басқаларынан биік болады.

Аталық. Қалыпты жағдайда аталықекі бөліктен тұрады- аталық жіпшесінен және тозаңқаптан.

Аталық жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапайым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер жетіледі. немесе бұтақтанады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталық деп атайды.

Тозаңқап әдетте “текалар” деп аталатын екі жартыдан тұрады, ал ол жартылары бір-бірімен дәнекер арқылы біріккен. Кейде дәнекерді аталықтың жеке бөлігі ретінде қарастырады, бірақ та микроскоппен қарағанда оның ұлпасының тозаңның ұлпасынан айырмашылығы болмайды. Әрбір тека екі ұядан немесе тозаңқаптан тұрады. Тозаңқаптың сыртын бір қабат эпидермис қаптап тұрады. Бұл микроспорофилдің қалдығы болып табылады. Тозаңқаптың тереңдеу орналасқан ұлпалары микроспоранияға жатады. Эпидермистің астында жатқан қабатты эндотеций деп атайды. Эндотецийдің клеткалары, клетка ішілік тірі заттарын ерте жоғалтады, олардың қабырғаларынан тозаңқаптың жарылуына мүмкіндік жасайтын фиброзды белдікшелер бөлінеді. Эндотецийдің астындағы, жас тозаңқапта, ортаңғы қабат және төсеніш қабат орналасады. Төсеніш қабаттың клеткалары ірі, цитоплазмасы қою және бірнеше ядросы болады. Әрбір ұяның ортасында спора түзетін ұлпа болады, оның клеткаларынан алдымен микроспоралар, содан соң тозаң түзіледі. Тозаңқап піскен кезде төсеніш қабат пен ортаңғы қабаттың клеткалары жойылады, өйткені олар клетка ішілік заттарының барлығы өсіп келе жатқан микроспоралар мен тозаңдардың түзілуіне жұмсалады. Тозаңдардың құрылысы бірдей, бірақ оның жабынының морфологиясы алуан түрлі болып келеді. Өсімдіктердің кейбір түрлерінің аталықтарының бір бөлігінің, тозаңдығы болмайды және олар жіпшелер түрінде ғана беріледі. Мұндай стерилді аталықтарды стаминодийлер деп атайды, олар көп жағдайда шірнеліктерге айналып кетеді.

Гинецей

Бұл бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді, бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді көп мүшелі деп атайды. Егерде көп мүшелі гинецейдің жеміс жапырақшалары бір-бірімен бірікпеген болса және көп аналық түзсе онда мұндай гинецейді апокарпты деп атайды, ал егер жеміс жапырақшалардың бір-бірімен бірігуінің нәтижесінде бір ғана аналық түзетін болса, онда мұндай гинецейді ценокарпты гинецейді деп атайды. Ценокарпты гинецейдің гүл түйінінде қанша бағана болса, оның сонша жеміс жапырақшасы болады. Гүл түйінінде қанша ұя немесе тегіс болса, аналықтың аузының сонша жақтауы болады.

Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген белгілердің барлығын ескеріп отыру керек, өйткені олардың белгілерінің біреуі жеміс жапырақшаларының санын барлық уақытта дәл көрсете бермеуі мүмкін.

Аналық. Бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалардың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс. Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойынынан және аналықтың аузынан тұрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді.

Гүл түйіні гүлдің басқа бөлітеріне қатынасына қарай жоғары және төменгі болып бөлінеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл тұғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапырақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жоғары болып келеді. Мұндай үгл түйінінің препаральды инемен оңай бөліп алуға болады. Төменгі гүл түйінінің түзілуіне, жеміс жапырақшалармен қатар, гүлдің басқада бөліктері қатысады. Яғни гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері жеміс жапырақшаларымен бірге гүл түйінімен бірігіп кетеді. Сондықтан да мұндай гүл түйінінің гүл тұғырынан препаральды ажырату мүмкін емес. Гүл түйіні жартылай төменгі болып келген гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері гүл түйінімен, кем дегенде түп жағымен біріккен болып келеді.

Бір-бірімен қарым-қатынаста болатын ұялардың санына байланысты, гүл түйіні бір ұялы, екі ұялы, көп ұялы болып келеді.

Гүл түйінінің ішінде тұқым бүршігі пайда болады. Тұқым бүршігінің гүл түйінінің қабырғасына бекінетін жерін “плацента” деп атайды. Тұқым бүршігі плацентаға тұқым аяқшасы арқылы бекініп тұрады. Тұқым бүршігін сыртынан екі жабындық қабат жауып тұрады. Сыртқы қабаты “интегумент” деп аталынады, оның жоғарғы жағы қосылмай тозаң кіретін тесік қалдырады. Тұқым бүршігінің түп жағы “халаза” деп аталынады, ол тұқым бүршігінің тозаң тесігіне қарама-қарсы ұшында орналасады. Жақсы жетіліп қалыптасқан тұқым бүршігінің интегументінің астында көп клеткалы ұлпа “нуцеллус” орналасады. Оның клеткаларының біреуі археоспоральды клеткаға айналады. Одан төрт мегаспора түзіледі. Оның біреуі өсе келе сегіз ядролы ұрық қалтасына айналады.

Гүлдің формуласы мен диаграммасы

Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану керек: тостағанша жапырақша (Calex)- Ca, күлте жапырақша (Corolla)- Co, аталықтары (Androeceum)- A, аналықтары (Gynjtceum)- G, қарапайым гүлсерігі (Perigonium)- P. Гүлдің типтерінің де шартты белгілері болады: қос жынысты- о, аналық гүл- n, аталық гүл- о, дұрыс гүл-*, бұрыс гүл-↑ немесе ↓, ассимметриялы- ↓.

Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5- жапырақшалы күлте- Со5, 6- мүшелі андроцей А6), егерде олардың саны бір түрдің әртүрлі особьтарының гүлдерінде тұрақты болмаса (әдетте 12- ден көп болса)- шексіздікпен белгілейді.

Гүлдің жапырқшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5- мүшелі күлте- Со(5), екі ағайынды андроцей- А(9)+1). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше шеңбер түзіп орналасса, онда жекелеген шеңберлердің мүшелерінің санын көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).

Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшаларының саны көрсетілуге тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір-бірімен біріккен бе немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық түземе, гүл түйінінің орналасуы қандай- жоғарғы ма немесе төменгі месоларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу керек. Сонымен қалтагүлдің формуласын былай жазуға болады: * Р5 А∞ G∞-, алманың формуласын- *Са(5) Со(5) А∞ G(5), асбұршақтың формуласын: ↑ Са(5) Со3+(2) А(9)+1 G1.

Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санынкөрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың олардың орналасу ерекшеліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолданылады: гүл шоғының өсін жоғары жағына, ал жабындық жапырақты төменгі жағына орналастырады. Гүлдің жекелеген мүшелері бір-бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Гүлдің атқаратын қызметі не?

  2. Гүлдің қандай бөліктері сабақтан, қандай бөліктері жапырақтан пайда болады?

  3. Циклдық, ациклдық және гемициклдық гүлдердің принциптік айырмашылықтары неде?

  4. Жыныс мүшелеріне қарай қандай гүлдер болады?

  5. Қандай өсімдіктерді бір үйлік, ал қандай өсімдіктерді екі үйлікке жатқызады?

  6. Қосарланған гүлсерігімен қарапайым гүлсерігінің айырмашылығы неде?

  7. Қандай күлте жапырақшаларды актиноморфты, қандай күлте жапарақшалары ассимметриялы деп атайды?

  8. Андроцейлердің қандай типтері бар?

  9. Аталықтардың құрылысы қандай?

  10. Гинецейлердің қандай типтері бар?

  11. Төменгі, жоғарғы және жартылай төменгі гүл түйіндері айыпмашылықтары неде?


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс №11

Дәрістің тақырыбы: Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Микро және мегаспорогенез.

  2. Тозаңдату.

  3. Ұрықтану.

  4. Микроспорогенез және тозаңның түзілуі

Дәрістің мақсаты:

Тозаңқаптың ұясының ортаңғы бөлігін спора түзетін ұлпа алып жатады. Оның диплоидты клеткалары мейоз жолымен бөлінеді, нәтижесінде әрбір аналық клеткадантөрт-төрттен гаплоидты микроспора жетіледі. Микроспораның цитоплазмасы тығыз, ал ядросы үлкен болып келеді.

Микроспора әдеттетозаңқаптың ішінде жатып-ақ өсіп аталық гаметофит – тозаң түзеді. Микроспора өсе келе митоз жолымен бөлінеді. Нәтижесінде кішкентай генеративтік клетка және үлкен түтікше клеткасы түзіледі. Тозаң дәні сыртынан, екі қабаттан тұратын спородермамен қапталады: сыртқы- экзиннен және ішкі- интиннен. Экзиннің бойына сіңген және бір немес бірнеше өскіндік поралары болады. Интин целлюлозадан тұрады, жұқа, майысқақ болып келеді жәнепоралары болмайды.

Мегаспорогенез және ұрық қалтасының түзілуі

Нуцеллустың клеткасының біреуі, археспоральды деп аталынады, ол мейоз жолымен бөлініп төрт гаплоидты мегаспора береді. Келешегінде мегаспораның үшеуі өліп, тек біреуі ғана, әдетте халазаға қарағаны ғана сақталады. Мегаспора, микроспора секілді барлық уақытта бір ядролы. Оның көлемі ұлғайып өседі. Ядросы үш еет, бірінен соң бірі методикалық жолмен бөлінеді. Бірінші бөлінуден кейін екі ядро түзіледі, олар қарама-қарсы полюстерге жылжиды, сол жерден келесі екі бөлініс жүрді. Нәтижесінде полюстердің әрқайсысында төрт-төрттен ядро болады. Сегіз ядроның бәрі де алғашқы ядро секілді гаплоидты болып келеді. Әр полюстен үш ядро клетка болып қалыптасады. Микропилярлық полюсіндегі клеткалардың біреуі аналық гаметаға, яғни жұмыртқа клеткасына, ал қалған екеуі серіктік клеткаларға айналады. Халазалық полюстегі үш клетканы антиподтар деп атайды. Қалған екі ядро орталыққа қарай жылжиды да, біраз уақыт өткен соң қосылып, диплоидты орталық ядроны (2n) түзеді. Осылайша ұрық қалтасы деп аталынатын құрылым, аналық гаметфит жетіледі.

Дәріс № 12

Дәрістің тақырыбы: Тозаңдану

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Ұрықтану

  2. Апомиксис


Дәрістің мақсаты:

Тозаңдану, ұрықтану. Тозаңдану туралы жалпы түсінік. Айқас және өздігінен тозаңдану олардың айырмашылығы, айқас тозаңданудың түрлері, биологиялық артықшылығы туралы айту. гүлді өсімдіктердің жәндіктермен тозаңдануға бейімделушілік қасиеті. клестогамды, гетеростилді гүлдер. ұрық қайысының дамуы, қосарланып ұрықтану процесі, оның биологиялық маңызы жемістің пайда болуы түрлері, таралуы, шырынды және құрғақ жемістер олардың алуан түрлілігі, биологиялық маңызы.


Тозаңдар пісіп-жетілген соң, тозаңқап қақырап ашылады, одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі түрлі жолы бар: өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану.

Өздігінен тозаңдану тек қос жынысты гүлдерге ғана тән. Бұл жағдайда бір гүлдің өзінің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына барып түседі. Ол ашылмайтын гүлдерде айқын байқалады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық өсімдіктер деп атайды.

Ч.Дарвиннің айтуы бойынша, айқас тозаңдану эволюцияның барысында біршама алға басқандықты көрсетеді. Айқас тозаңданғанда жаңа пайда болатын ұрпақ атасы мен анасының екеуінің де кейбір қасиеттерін бірдей қабылдауы мүмкін, ал оның өзі осы ұрпақтың әртүрлі ортаға өмір сүруге бейімделушілік қабілетінің артуына мүмкіндік береді. Өсімдіктердің басым көпшілігі айқас тозаңданады. Тозаңның бір гүлдің аталығынан екінші гүлдің аналығына келіп түсуінің мынадай жолдары бар: анемофилия (жел арқылы), гидрофилия (су арқылы), энтомофилия (насекомдар арқылы), орнитофилия (құстар арқылы), мирмекофилия (құмырсқалармен) және т.б. Гүлдердің өзін тозаңдандыратын белгілі бір насекомдарға бейімделушілігі жиі байқалады. Мысалы, беденің түрлерінің ұзын түтікке біріккен күлте жапырақшалары болады, бұл жағдайда тек түкті аралармен кейбір ұзын тұмсықты аралар ғана одан шірнеліктерді ала алады және айқас тозаңдандырады. Бұл жағдайда беденің және оларды тозаңдандыратын насекомдардың белгілі бір территорияда табиғи жағдайда таралуы сәйкес келуге тиісті. Бедені алғашқы еет ауыл шаруашылығы дақылы ретінде Австралияға және Жаңа Зеландияға апарып сепкенде бұл жерлерде жоғарыда айтылған насекомдардың болмауына байланысты тозаңдану процесі жүрмеген, дәнде байланбаған. Бедеден жеткілікті мөлшерде дән алу үшін, бұл жерлерде жоғарыда айтылған насекомдарды әкелуге тура келген.

Айқас тозаңданудың екі түрі бар: гейтеногамия (көрші гүлден тозаңдану), бұл жағдайда тозаңдану бір өсімдіктің деңгейінде жүреді, бірақ бір гүлдің тозаңы екінші гүлдің аналығының аузына келіп түседі; және ксеногамия (нағыз айқас тозаңдану), бұл жағдайда бір особьтың гүлінің аналығының аузына келіп түседі.

Өзін-өзі тозаңдандыруды болдырмау үшін өсімдіктерде әртүрлі бейімделушілік қалыптасады. Олардың ең көп таралғандары дихогамия және гетеростилия. Дихогамия деп қос жынысты гүлдердің аталықтары мен аналықтарының әр уақытта пісіп жетілуін айтады. Гетеростилияда қос жынысты гүлдердің бір экземплярында аналықтың мойны ұзын, аталықтарының жіпшелері қысқа болады, ал екінші біреулерінде бұл жағдай керісінше болады. Яғни соңғысында аналығының мойны қысқа, ал аталықтарының жіпшелері ұзын болып келеді.

Жақсы жетіліп қалыптасқан дән мойыны ұзын аналықтың аузына, жіпшесі ұзын аталықтың тозаңы, ал мойны қысқа аталықтың тозаңы түскен жағдайда ғана пайда болады.



Ұрықтану

Бұл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық пен аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын – жұмыртқа клеткасы деп атайды. Тозаңның клеткасының біреуі, аналықтың аузына түсіп, экзиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады. Кейде мұндай түтіктің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Онда генеративтік клетканың бөлінуінің нәтижесінде екі спермия түзіледі. Тозаң түтігі аналық аузы мен мойынының борпылдақ ұлпасын жарып өтіп, гүл түйініне қарай өседі, одан әрі тозаң тесігі арқылы тұқым бүршігіне өтеді немесе жабындықтарды жарып өтіп ұрық қалтасымен тікелей түйіседі. Ұрық қалтасының тозаң түтігімен түйіскен жеріндегі қабықшасы шырыштанады, нәтижесінде тозаң түтігі қалтаның ішіне енеді. Ол жұмыртқа клеткасына жеткен соң жарылады нәтижесінде одан спермиялар босап шығады. Оның біреуі жұмыртқа клеткасымен қосылып зигта түзеді, ал екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен (2n) қосылып триплоидты клетка түзеді. Осылайша қосарланып ұрықтану жүреді. Ол тек жабық тұқымды өсімдіктерге тән.

Қосарланып ұрықтануды алғашқы рет белгілі орыс ғалымы, академик С.Г.Навашин ашқан.

Қосарланып ұрықтанғаннан кейін зиготадан ұрық (2n), триплоидты клеткадан эндосперм, интегументтерден спермодерма, ал бүкіл тұқым бүршігінен дән пайда болады. Серіктік клеткалары мен антиподтары әдетте еріп кетеді, ал нуцеллус ұрық түзілген кезде, қор заты ретінде пайдаланылады, сиректеу ол қор жинайтын ұлпаға – периспермге айналады.



Апомиксис

Апомиксис деп ұрықтың әртүрлі жағдайларға байланысты ұрықтану процесінсіз пайда болуын айтады. Апомиксис құбылысы қос және дара жарнақты өсімдіктерде кездеседі. Олардың ішінде, әсіресе эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген топтарда, мысалы, астық тұқымдасында, сарғалдақтар тұқымдасында жиірек кездеседі.

Апомиксистің көптеген варианттары бар. Тұрақты апомиксисте ұрық қалтасы диплоидты және ұрық жұмыртқа клеткасынан, ұрық қалтасының жұмыртқа клеткасынан басқа кез-келген клеткасынан, нуцеллустың, интегументтің, халазаның клеткасынан пайда болуы мүмкін. Апоспориялы ұрық қалтасы, дұрыс жетіліп қалыптасқан ұрық қалтасы секілді. Әдетте 8-ядролы болады, бірақ олардың полярлылығы бұзылады және әртүрлі ауытқушылықтарға ұшырайды. Апоспория мен полиэмброния байланысты болады. Қосымша ұрықтар лимонда және де басқа да цитрус тектестерге жататын өсімдіктерде жиі кездеседі.

Кейде апомиксиске гүлді алмастыратын пиязшықтарды немесе басқа да вегетативтік көбеюге арналған құрылымдарды жатқызады.

Апомиксисті өсімдіктер көп жағдайда морфологиялық ауытқушылықтарға ұшырайды. Олардың тозаңы көптеген жақсы қасиеттерін жоғалтып, бұрынғы қабілетінен айырылады, яғни дегенерацияға ұшырайды, ал тозаң қабы редукцияға ұшырайды. Табиғатта осындай морфологиялық ауытқушылықтарғаұшыраған өсімдіктерді анықтаудың “анатомоморфологиялық” тәсілі осыған негізделген.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ұрық қалтасы дегеніміз не?

  2. Оның құрылысы қандай?

  3. Қосарланып ұрықтану қалай жүреді?

  4. Ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуының қандай жолдары бар?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс № 13

Дәрістің тақырыбы: Тұқымның дамуы

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тұқымның классификаициясы

  2. Тұқымның дамуы

  3. Ұрық пен эндоспермнің дамуы

Дәрістің мақсаты:

Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралған мүше. Ол сырты жемісқаппен қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшердекеліп тұрса ісініп өтеді.



Тұқымның классификациясы

Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және периспермде, эндоспермде және ұрықта тұқымның бес типі болады.



Эндоспермі бар тұқым

Сұлының дәнінің сыртын біршама жарғақ қабат тығыз болып жауып тұрады. Оны дәннің ішкі бөлігінен ажырату қиын. Бұл дәннің қауызымен бірігіп кеткен жемісқап болып табылады. Дән бір тұқымды жеміс болып саналады. Оның ішінде кішкентай ұрық пен эндосперм болады. Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда болашақ өсімдіктің вегетативтік бастамасы болады: ұрықтық тамырша тамыр оймақшасымен, тамырдың қынапшасынемесе колериза, ұрықтық сабақша және бүршікше. Онда ұрықтық жапырақшалармен қоршалған сабақтың өсу конусы жақсы байқалады. Сыртқы ұрықтық жапырақша колеоптиле деп аталынады. Ол бүршікшені топырақ арқылы өткенде қорғап тұрады. Жалғыз тұқым жарнағы эндоспермге жанасып жатады, оны қалқанша деп атайды. Сабақшаның қалқаншаға қарама-қарсы жағында эпибласт орналасады. Ол редукцияға ұшыраған екінші тұқым жарнағы болса керек. Эндоспермнің шет жағында алейрон дәндері деп аталынатын белоктың түйіршіктерінен тұратын клеткалардың қатары болады. Бұл алейрон қабаты, оның астындағы клеткаларкүрделі крахмал дәндерімен толтырылған болып келеді.



Ұрығында қор заттары жиналатын тұқым

Ұрығында қор заттары жиналатын тұқымға фасолдың дәні мысал бола алады. Оның сыртында біршама қалың болып келеген жеміс қабы болады. Дәннің жіңішке ойыс жағында тұқым дағы болады. Ол тұқымның сағаққа бекінетін жері болып табылады. Тұқым дағы мен бір түзудің бойында тозаң тесігі орналасады, сол арқылы тұқымның ішіне су мен газ өтіп отырады. Тозаң тесігінің үстіне ұрықтық тамыршадан пайда болғанкішкентай төмпешік болады. Тозаң тесігіне қарама-қарсы жақта, тұқым дағына тұқымның тігісі жанасып жатады. бұл тігіс тұқым бүршігімен тұқым сағағының жапсарласып біріккен жері болып табылады. Жеміс қаптың астында екі үлкен бүйрек тәрізді тұқым жарнағынан тұратын ұрық, ұрықтық тамырша, ұрықтық сабақша және бүршікшелер орналасады. Тұқымда эндосперм болмайды. Эндоспермнің қоректік заттарын ұрық сорып алады. Тұқым жарнағының клеткалары крахмал және алейрон дәндерімен толтырылған болып келеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Тұқымның көп ұрықтылығы қандай процестің нәтижесінде түзіледі?

  2. Тұқымның құрылысы қандай және ол не үшін қажет?

  3. Тұқымды классификациялағанда қандай белгілер негізге алынады?

  4. Даражарнақты және қосжарнақтылардың тұқымның құрлысы және ерекшеліктері.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс №14

Дәрістің тақырыбы: Жеміс
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жемістердің биологиялық маңызы

  2. Жеміс серігінің құрылысы

  3. Құрғақ және шырынды жемістер

Дәрістің мақсаты:

Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі ролді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтанупроцесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды. Жай жемістерден біріккен жемістердің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен, бірнеше гүлденнемесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады



Құрылысы. Жеміс перикарпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа да бөліктерінен- аталық негізнен, күлте жапырақшалардан, тостағанша жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. перикарпий үш қабаттан: сыртқы- экзокарпадан, ортаңғы- мезокарпадан және ішкі- эндокарпадан тұрады.

Жемістің квалификациясы

Жемістер алуан түрлі болып келеді. Оның өзі жабық тұқымды өсімдіктердің систематикалық топтарының ұшы – қиыры жоқ көп түрлілігімен және жемістердің өздерін тарататын агенттерге бейімделушілігімен байланысты болады. Бұл жемістердің филогенетикалық классификациясын жасауды қиындатады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген филогенетикалық классификация гинецейдің типіне негізделген. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Алайда, осы екі топтың одан арғы классификациясы өте күрделі және өсімдіктерді анықтау практикасында қолдануға келмейді. Сондықтан жемістердің айқын жасанды морфологиялық классификациясына сүйенуге тура келеді.

Жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс тек гүлдің бір аналығында ғана дамыса- ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса күрделі болып табылады. Кейде жай жеміс ұяларға ыдырайды, немесе бір тұқымды бөліктерге яғни бунақтараға көлденең перделер арқылы бөлінеді. Күрделі жемістерді біріккен жемістер деп атайды.

Жай және күрделі жемістердің одан арғы классификациясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпийдің консистенциясын, тұқымның санын, перикарпийдің қақырауын, жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады. Сонымен, жабық тұқымды өсімдіктердің шырынды және құрғақ жемістер деп, екі топқа айырады. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол клеткалардан түзілген мезокарпиі жақсы дамыған. Экзокарпиі мен эндокарпиі кейде тек сыртқы және ішкі эпидермис түрінде ғана болады. Көбіне олар көп қабатты.

Құрғақ жемістерде шырындыларға қарағанда, мезокарпиі нашар дамыған. Кейде ол тіпті бір қатар клеткалардың тізбегінен ғана тұрады. Құрғақ жемістердің көпшілігінің мезокарпиі көп қабатты болады. Мұндағы мезокарпий клетка ішілік заттарын жоғалтқан парехималық, склеренхималық және қабыршық клеткаларынан түзілген.

Тұқымдардың жемістерден босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі учаскелерінде арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көп тұқымды, қақырақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикарпилері механикалық жолмен немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады.

Құрғақ жемістің перикарпиі сүректелген болып келеді. Құрғақ жемістер: қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер: шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.

Жемістерді құрғақ және шырынды деп бөлу тек қана олардың морфологиялық белгілеріне негізделген. Бұл практикада жиі қолданылатын, жемістердің сыртқы морфологиялық белгілерді жақсы көрсететін, пайдалагуға ыңғайлы жемісьердің морфологиялық классификациясы. Бірақ мұндай классификация жемістердің эволюциялық даму сатыларын көрсетпейді, сондықтан да оның ғылыми тұрғыдан маңызы шамалы.

Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды қорапша тәрізді жемістер деп атайды. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді:


  1. Таптама – бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс; апокарпты гинецейден біріккен таптама түзіледі.

  2. Боб- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды, екі жағынан қақырайтын жеміс. Бобтар спирал тәрізді бұралған, бір жемісті, бунақты болып келеді.

  3. Бұршаққын, бұршаққынша – екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, қос ұялы, тұқымы тік орналасқан, жалған пердесінің ұзына бойындағы рамкелерге бекініп тұратын, екі жағынан қақырайтын жеміс. Бұршаққынша бұршаққыннан ұзындығы мен көлденеңінің арақатынасына қарай ажыратылады. Бұршаққынның ұзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 есе, кейде одан да артық болады. Егерде осы тәрізді жемістің ұзындығы көлденеңінен 2,5 еседен аспаса, оны бұршаққынша деп атайды. Бұршаққынша бунақты болып келуі де мүмкін.

  4. Қорапша – екі немесе одан көп жеміс жапырақшасынанпайда болған, көптұқымды, бір немесе көп ұялы болатын жеміс. Қорапшаның ашылуының әртүрлі жолдары бар: тесіктері, қақпақшасы, тістері, жақтаулары және т.б. арқылы ашылады.

Қақырамайтын құрғақ жемістердің перикарпиі құрғақ, бір тұқымды болып келеді. Бұларды жаңғақ тәрізді жемістер деп те атайды.

Бұған жататындар:



  1. Жаңғақша – перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейдентоптасқан жаңғақша пайда болады. Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің редукцияға ұшырауының нәтижесінде пайда болған.

  2. Жаңғақ – перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапырақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосымшамен қапталған болып келеді.

  3. Шошқа жаңғақ – перикарпиі сүректенген, бірақ онша қатты болмайтын, бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған жеміс. Оның түп жағы тостағанша тәрізді қосымшамен қапталған болады.

  4. Тұқымша – екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болған, қауыз тәрізді перикарпиі тұқыммен тұтаспаған, бір тұқымды құрғақ жеміс.

  5. Дән – құрғақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан тұратын, жоғарғы гүл түйінінен пайда болады.

  6. Қанатты жеміс – екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, перикарпиі тұқыммен бірікпеген, қауыз немесе жарғақ тәрізді қанатшаға ұқсас өскін беретін, екі ұялы құрғақ жеміс.

Шырынды жемістер жоғарыда айтылғандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.

Жидекті жемістерге перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады.



Бұған жататындар:

  1. Жидек – перикарпиінің жұқа экзокарпасынан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді болып келетін жемыс (картоп, банан, жүзім, помидор).

  2. Алма – бұл жемістің дамып жетілуіне гүл түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл тұғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).

  3. асқабақ – гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдің, үш жеміс жапырақшасынан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңдаған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен тұқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыатасады (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр).

  4. Гесперидий, немесе померанц- экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).

  5. Гранат – бұл екі қабат (ярус) түзіп орналасатын, төрт жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болатын жеміс. Жемістің сыртқы қабығы көн тәрізді, ал тұқымның сыртқы жабыны әрі етженді, әрі шырынды болып келеді.

Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады:

Сүйекті жемістер (костянка) – көп жағдайда төменгі бір немесе көп ұялы гүл түйінінен пайда болған, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қалың, сүректенген эндокарпигедифференциацияланған жеміс. бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхары, шабдалы және т.б. мысал бола алады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай жатады, ол апокарпты гинецейден пайда болады. Сонымен бірге апокарпты гинецейден, сиректеу құрғақ сүйекті жеміс пайда болады.

Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жемістер деп атайды. Бұларға көп таптама (шөмішгүл), көп жаңғақша (сарғалдақ), көп сүйекті жемістер (таңқурай) жатады.

Бөлшекті жемістер (дробные плоды)

Бұларға пісіп жетілген кезінде жеміс жапырақшаларына, немесе олардың тікесінен алғандағы жартысына дәл келетін кейбір тұқымдастардың құрғақ ценокарпты, көп тұқымды жемістері жатады (шатыршагүлдер тұқымдасына жататын вислоплодник, төрт жаңғақшаға бөлініп кететін еріндігүлдердің жемістері, үйеңкінің – кленнің екі қанатшалы жемісі).



Бунақты жемістер (членистые плоды)

Бұларға пісіп жетілген кездерінде, көлденең перделері арқылы бір тұқымды бунақтарға бөлініп кететін жемістер жатады (жабайы шомыр, тиынды).

Кейде жалған жемістер деп бөледі. Оларға жемістерінің түзілуіне гинецей ғана емес, сонымен бірге гүлдің басқада бөліктері қатысатын (мысалы, гүлтұғыры) жемістерінің барлығын жатқызады (бүлдірген- земляника, алма).

Табиғатта мұндай жемістердің көп кездесетіні сонша, оларды жеке топтарға бөліп қарауға тиістіміз.



Біріккен жемістер

Бұларға бір-бірімен біріккен бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүлшоғынан пайда болатын жемістерді жатқызады (тұт, инжир, ананас).



Жемістер мен тұқымдардың таралуы

Көптеген өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымдары жел, су, жануарлар, адам арқылы алысқа таралады. Себебі эволюцияның барысында жемістер мен тұқымдар көптеген бейімделушілік қасиеттеріне ие болған. Оларға жемістердің қанатша тәрізді өскіншелері (үйеңкі, қайың), түкті талшақтары (тал, терек, мақта), желайдары (бақбақ), қармақша тәрізді қайтарылған тікенектері (сарысояу), ұсақ тікенекшелері (итошаған), сояу тікенектері (теміртікен) және басқалар жатады.

Қабықшалары шырынды болып келетінжемістерді жануарлар, әсіресе құстар жақсы жейді. Бірақ бұл жемістердің дәндерін құстар саңғырықтарымен бірге сыртқа шығарып тастайды. Көптеген өсімдіктердің (сиыржоңышқа, шытырлық) жемістері қақырап ашылған кездерде дәндері шашылады. Бірақ олар аналық өсімдіктің айналасында 15 см жерге ғана шашылады. Сондықтан да тұқымның таралуының мұндай жолыәдетте шектеулі болады.

Жемістер мен тұқымдардың көп жерлерге таралуы түрдің тіршілік етуі мен жер бетінде шарықтап өсуін қамтамасыз етеді.



Гүл шоғы (гүл шоғыры)

Гүл шоғыры деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буындарында жапырақтар орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуы да, немесе түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуы да мүмкін. Бұларға гүлдің жабындық жапырақтары (перицветники) және гүл сағағының жабындық жапырақтары жатады.

Гүл шоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:


  1. гүл шоғында тозаңданудың жүру мүмкіндігі бірден-бір арта түседі;

  2. гүл шоғындағы гүлдердің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.

Гүл шоғының классификациясы

Гүл шоғының екі типі болады: күрделі гүл шоғы, бұл жағдайда гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүл шоғы, бұл жағдайда гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады.

Күрделі гүл шоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподиальды (шектеусіз) болып екіге бөлінеді.

Күрделі симподиальды, немесецимозды (шектеулі) гүл шоғы

Күрделі симподиальды гүл шоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бұтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді. Күрделі симподиальды гүл шоғына мыналар жатады.



Монохазий – негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда болған гүлдер де осы ретпен бүйірлеп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді. Монохазий бұйра және ирек гүл шоқтары болып екіге бөлінеді.

Гүл шоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағында, болмаса тек сол жағында бірыңғай орналасса, онда мұндай гүл шоғын бұйра гүл шоғы деп атайды.

Гүл шоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүл бұтақтарының бірі оның оң жағынан, екінші сол жағынан кезектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүл шоғын ирек гүлшоғы деп атайды (гладиолуста, гравилатта және т.б.)

Дихазий - негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүл шоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса береді. Бұл жағдайда жаңа остер аналық өстен біршама биік тұрады. Соның нәтижесінде төменгі реттік гүлдері– гүл шоғының төменгі жағында, ал жоғарғы реттік гүлдері- жоғарғы жағында орналасады (қалампырда- гвоздика, тенге жапырақта- манжетка және т.б.).

Плейхазий – негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп орналасқан өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді (сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда және т.б.)

Тирс. Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүл шоғын атайды. Көпшілік жағдайдатирсті қосарлы ирек (сабынкөк-норичник), немесе қосарлы бұйра гүл шоғы ретінде (шайқурай-зверобой) қарастырады.

Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы

Күрделі моноподиальды гүл шоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүл шоғына мыналар жатады.



Сыпыртқы гүлшоғы. Сыпыртқы гүл шоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарыларына қарағанда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.

Қалқанша гүлшоғы. Қалқанша гүл шоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғары гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүл шоғындағы гүлдердің барлығы бір деңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен).

Күрделі масақ. Күрделі масақтың негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып, бүйірлік тармақтар береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналасады. Оларды масақшалар, ал тұтастай гүл шоғын күрделі масақ деп атайды.

Күрделі шатыр. Гүл шоғының қысқарған негізгі өсінен ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (общая обвертка), ал гүл сағағтарының түп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі.

Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүл шоқтары дер әртүрлі гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүл шоғын түзуін айтады.



Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқтары

Гүлшоғының бұл түріне жататындар:



Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.

Масақ гүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағағтары жоқ, отырмалы болып келеді.

Сырға гүл. Негізгі өсі жұмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұндай гүлшоғы әдетте түсіп қалып отырады.

Собық гүл. Негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысы жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұратын собық.

Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары.

Бұларға жататындар:



Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағағтар кетеді. Олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз).

Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нәтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі.

Себет гүл. Негізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстіңгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астыңғы жағынан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекре – василек, ромашка, күнбағыс).

Бақылау сұрақтары:

  1. Жеміс деген не?

  2. Жеміс классификация.

  3. Құрғақ және шырынды жеміс деп нені айтамыз?


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.


Дәріс № 15

Дәрістің тақырыбы: Өсімдіктердің экологиялық топтары
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Өсімдіктердің экологиялық топтары

  2. Ылғалға байланысты өсімдіктердің топтары

  3. Өсімдіктерде болатын маусымдық өзгерістер

Дәрістің мақсаты:

Өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің өскен ортасынабейімделушілік қасиеті. Сулы ортада далалы, шөл далалы, таулы жерге өсетін өсімдіктер ксеридті, мезофит, гидрофит, псамофит өсімдіктер. оларда кездесетін морфологиялық өзгешеліктер өскен ортаға бейімделушілік қасиеттері. Оларда болатын маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру.


Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері. Сыртқы орта тірі организдерге және олардың бірлестігіне әсер етушілердің жиынтығынан тұрады. Тірі организмдер мен оларды қоршап тұрған орта арасындағы өзара әсер және организмдердің үнемі меңгеріп отыратын тіршілік жағдайларына бейімделуі жалпы жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу экологиясының негізгі міндетіне жатады. Экологиялық топтары әдетте ортаның форма түзетін және физиологиялық маңызы бер, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшін өте қажетті, олардың құрылымына әсер етуші экологиялық факторлар топырақ және ауа ылғалдылығы, жарық. Сондықтан да көптеген экологиялық топтардың ішінде, сыртқы бейнесі және анатомиялық құрылымы жағынан бір-бірінен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың тіршілік формалары әр түрлі.

Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарға ажыратады:



  1. Ксерофиттер – топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер.

  2. Мезофиттер – орташа ылғалдық жағдайына тіршілік ететін өсімдіктер.

  3. Гигрофиттер – көбінесе атмосфералық ылғал мол жерде тіршілік ететін өсімдіктер.

  4. Гидрофиттер – суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі.

  5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер деп атайды.


Гидатофиттер – су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валиснерия, көптеген шыландар, егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп (тұңғиық), біразы су қабатында (балдыршөп, суөрік) бос жүреді.

Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, су жапырақ клеткалардың екі қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлемді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетімпейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.



Гигрофиттерылғалды ормандар, мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғарғы ағыс жолымен минеральдық заттардың қозғалуы баяулайды. Басым көпшілігінің жапырағы жұқа, жалаңаш (түксіз), кутикуласы жұқа, устьицелері жабылмайды жапырақтың екі бетінде де орналасады. Орталық цилиндрі нашар жетілген, түтікшелері аз, тамыр жүйесі бетіне жақын орналасқан және аз бұтақтанған. Гигрофиттерге көптеген аройниктер, көкбұталар (верескілер), кейбір қырық буындар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.

Мезофиттер – орташа ылғалды ортада тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштары мен бұталары: шалғын және орман шөптесін өсімдіктерінің басым көпшілігі (қызылбас беде, шалғын атқонағы, меруертгүл, сныть), егістік дақылдардан – қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдардың пыстадан басқасының бәрі; Көкөніс дақылдарының көпшілігі; сәбіз, қызанақ, қырыққабат т.б. жатады.

Ксерофиттер – ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су теңдестігін (балансын) әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады, олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер (кактустер, агава) сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы (дрок, қылша). Бейімделу белгілеріне жапырақ тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы (жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып кетуден сақтатын белгілер жатады. Ксерофиттердің құрғақшылыққа бейімделу белгілері (ксероморфты) анатомиялық құрылысында да анық байқалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктердің қандай экологиялық топтары бар?

  2. Ылғалға байланысты өсімдіктердің топтары қандай?

  3. Өсімдіктерде болатын маусымдық өзгерістер

  4. Ксерофиттер дегеніміз не?

  5. Мезофиттер дегеніміз не?

  6. Гигрофиттер дегеніміз не?

  7. Гидатофиттер дегеніміз не?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агелеуов Е.А. «Ботаника», Алматы «Санат», 1998 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. «Ботаника» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 2000 ж.

  3. Васильев А.Е. и др. «Ботаника» Москва «Просвещение», 1988 г.

  4. Хржановский В.Г. «Основы ботаники», 1969 ж.

  5. Мұсақұлов Т.М. «Ботаника», 1975 ж.

  6. Кудрявцев А.В. и др. «Ботаника с основами экологии», 1979 ж.

  7. Генкель П.А. «Ботаника» Москва «Учебно-педагогическое издательство Министерства просвещения РСФСР», 1952 ж.

6-7. ПРАКТИКАЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Лабораториялық жұмыс №1

Өсімдік клеткасының құрлысы:

Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Микроскоп. Микроскоппен жұмыс жасау тәртібі. Препараттарды дайындау. Хлоропласт, хромопласт және лейкопласт пластидтерінің құрылысының ерекшелігімен түрлі өсімдік мүшелерінен таныс. Өсімдік жасушасындағы қор заттары. Пияз қабығындағы кристалдармен танысу. Портулак тәрізді кактус жапырағындағы кристалдарды қарап, құрылысымен танысу.


  1. Пияз бетіндегі үлпек қабатын, қарбыз бен томаттың жұмсағын мысалға ала отырып, клетка құрлысымен таныс (суретін сал)

  2. Пияз бетіндегі үлпек қабатынан плазмолиз және деплазмолизбен таныс. Суретін сал.

  3. Пияз бетіндегі үлпек қабатынан клеткаларын эозин және қоғашпен боя.

  4. Георгин мен петуньяны мысалға ала отырып, жұқа кесінді дайында.

  5. Традесканция жапырағының қабығынан лейкопласты қара, суретін сал.

  6. Валиснерия жапырағын мысалға ала отырып, хлоропластпен таныс, суретін сал.

  7. Итмұрын жемісінің жұмсағын қарап, хромопластпен таныс.


Бақылау сұрақтары.

  1. Өсімдік клеткаларының бөліктері.

  2. Ә рбір бөлігінің функциясы.

  3. Протоплазма мен ядроның құрлысы.

  4. Вакуоля және клетка шырыны.

  5. Клетка қабықшасы.

  6. Клетка бөліктенінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері (протоплазма, ядро, клетка қабықшасы).

Оқулықтар:

  1. Ағелеуов Е.А. «Ботаника» 72-73 беттер, 6 сурет.

  2. Әметов Ә.Ә. »Ботаника» 7216-24 беттер.

  3. Мұхитденов Н. 60-65 беттер.

  4. Чижевская «Практикум по общей ботанике» 36-39, 13-14 сурет, 42-45 беттер, 16 сурет /1,2/

  5. Гашкова Практикум по общей ботанике» 30-31 беттер.

  6. Мусақұлов Т. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» 16-39 беттер, 2-7 сурет.


Сабаққа қажетті материалдар: пияз, томат, қарбыз, валлиснерия, традесканция, георгина немесе петунья өсімдіктерінің жемісі мен жапырағы.

Реактивтер: 10% NaCl ерітіндісі, эозин немесе метилен синькасы.

Дайын препараттар: Өсімдік анатомиясы деген сериядан №1 препарат.
Лабораториялық жұмыс №2

Клеткадағы запастық қоректік заттар.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Астық тұқымдастары: бидай, арпа, жүгерідегі және картоптағы крахмал дәндерін зерттеу. Микроскоп арқылы бидай дәнінен жасалған дайын препараттарды қарау. («Строение зерновок хлебных злаков» препаратының 1-10 аралығындағы препараттарды қарау)


  1. Бұршақ пен фасоль тұқымдарын мысалға ала отырып, алейрон дәндерін зерттеңдер /микроскоппен дәннің жұқа кесіндісін қарап, суретін сал/.

Т. Мұсақұлов, 43-45 беттер.

Чижевская 56-58 беттер, 22 сурет.



  1. Микроскоппен бидай дәнінен жасалған дайын препаратты қара.

Вальтер және Чижевская, 36 бет.

  1. Арпа, жүгері, бидай, бұршақ және картофельді мысалға ала отырып, крахмал дәндерін зерттеңдер/аты аталған өкілдердің ісінген тұқымын микроскоппен қарап, оның суретін сал және мына схемамен қысқаша анықтама бер: пішіні, ядросы; құрлысы: жай, күрделі және шала күрделі дәндер/.

Т. Мұсақұлов, 39-41 беттер.

Вальтер және Чижевская, 32-40 беттер.

Гашкова, 33-35 беттер.

Чижевская 56-58 беттер, 22 сурет.



  1. Пияз қабығы мен традесканция жапырағының қабығын мысалға ала отырып, кристалды қара.

Гашкова, 37-38 беттер.

Чижевская 59-62 беттер.



  1. Бальзамин сабағындағы рафидтер.

Гашкова, 37-38 беттер.



  1. Герань сабағындағы друздер.

Гашкова, 37-38 беттер.
Бақылау сұрақтары:

Сабаққа қажетті материалдар:



  1. Түрлі астық тұқымдас өсімдіктердің дәндері мен ұндары: бидай, сұлы, арпа, жүгері, тары.

  2. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерден: бұршақ пен лобияның дәндері мен ұндары.

  3. Картоп түйнегі мен крахмалы.

  4. Пияздың құрғақ қабықшасы.

  5. Традесканция немесе кактус өсімдіктері, бальзамин және герань өсімдіктерінің сабақтары.

Реактивтер: глицерин,йодты калий, су.
Лабораториялық жұмыс №3

Жасуша және жабын ұлпалары.

Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Дайын препарат арқылы сабақ пен тамырдың өсу конусынан жасаушы ұлпаны қарау (Серия препаратов по Анатомии растений №3 препараты). Герань өсімдігінің эпидермисін, ырғай бұтағын, картоп түйнегін мысалға ала отырып, жабын ұлпасынынң түрлерін қарау. Ондағы өзгерістерге көңіл бөлу.



  1. Сабақтың ұшын мысалға ала отырып, жасуша ұлпаны қара: дерматоген, плерома, периблема.

Мусақұлов, 64-68 беттер, 13 сурет/1/

Ағелеуов Е. 129-150 беттер, 29,30,35,37 с.



  1. Герань өсімдігін мысалға ала отырып, жабын ұлпасын қара.

Чижевская, 80-81 беттер, 31 сурет

Мусақұлов, 68-76 беттер, 16,17 сурет



  1. Крапива мен жиде түктерін қара.

Комаров, 70-75 беттер.

Мусақұлов, 74 бет, 18 сурет



  1. Картоптың түйнегін мысалға ала отырып, тозбен таныс.

Чижевская, 82-83 беттер, 32 сурет

Мусақұлов, 77-78 беттер.

Мұхитденов, 52-81 беттер.


  1. Ырғайдың бұтағынан жасмықшаны қарап, суретін сал.

Мусақұлов, 79-80 беттер, 20 сурет.

Әметов Ә. 66-78 беттер, 35,36 суреттер.



Бақылау сұрақтары:


  1. Ткань деген не?

  2. Алғашқы және соңғы меристемалар.

  3. Жабын ұлпаларының классификация.

  4. Жасмықшаның құрылыс ерекшеліктері.


Лабораториялық жұмыс №4

Механикалық және өткізгіш ұлпалар.

Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Дайын препараттардан механикалық ұлпаларды («Өсімдіктердің анатомиясы» деген дайын препараттардан №8) (Асқабақ, қалақай, зығырсабағындағы және алмұрт жемісіндегі) - колленхима, склеренхима, склеридті зерттеу. Сосуд – талшық шоқтарын зерттеу. Олардың түрлері: ашық және жабық шоқтар және олардың элементтері (тапсырма № 4).


  1. Асқабақтың қабағын мысалға ала отырып, механикалық ұлпамен таныс.

/«Өсімдіктердің анатомиясы» деген дайын препараттардан №8 микропрепаратты микроскоппен қарап, суретін сал./

Мұсақұлов, 85-90 беттер, 22 сурет.

Чижевская, 102-105 беттер,44 сурет.


  1. Қалақай мен зығырдың талшықтарын мысалға ала отырып, механикалық ұлпамен таныс. Олардың микропрепаратпен тірі объектілерден қарап суретін сал да, мынадай тәртіппен қыусқаша сипаттама бер: пішіні, қабығы, ішкі қалдықтары, тін ұштары.

Чижевская, 96-97 беттер,40 сурет.

ӘметовӘ., 66-78 беттер,




  1. Асқабақ пен күнбағыстың сабағының көлденең және ұзынынан кесіндісінен өткізніш ұлпаны қара.

Чижевская, 43 сурет.

Мұсақұлов 100-107 беттер 44,45,46 с.




  1. Ксилема мен флоэмадағы шоқтардың орналасу диаграммасының суретін сал және олардың құрамына кіретін элементтердің аттарын жазып қой.

Чижевская, 43 сурет.

Вальтер, Чижевская, 76 бет. 35 сурет.



Бақылау сұрақтары:



  1. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың функциялары.

  2. Механиқалық ұлпалардың түрлері, олардың құрлысы мен айырмашылықтары.

  3. Механиқалық және өткізгіш ұлпалардың бір-бірінен айырмашылығы.

Лабораториялық жұмыс №5

Тамырдың морфологиясы мен анатомиялық құрлысы.

Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Дайын препараттан тамырдың алғашқы және соңғы анатомиялық құрылысымен танысу, олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау. («Өсімдіктердің анатомиясы» деген дайын препараттардан №19, 20) Кеппешөп материалынан және кестеден тамыр түрлерін және түр өзгерістерін қарау, олармен танысу және суретін салу. («Корень – орган поглощения» препараттарын қарау)


  1. Тамыр системасының түрлері (кіндік тамыр,шашақ тамыр, бұтақталған кіндік тамыр). Гербарий үлгілерін қарап, суретін сал.

Исаин, 70-73 беттер, 41 сурет.

Мұсақұлов, 123-125 беттер, 36 сурет.

Ағелеуов Е. 178-186 беттер



  1. Сәбіз бен қызылшаның жем тамырларын мысалға ала отырып, тамырдың метамарфозымен ианыс /суретін салып, тамыр басын, мойнын және негізгі тамырды көрсет/.

Исаин, 70-73 беттер, 41-42 суреттер.

Мұсақұлов, 195-196 беттер, 60 сурет.


  1. Георгина мен сарғалдақты мысалға ала отырып, тамыр түйнегі мен тамыр бүршігін қара.

Мұсақұлов, 196 бет



  1. Монстера өсімдігін тірек тамырымен таныс./тамырын өлшеп, дәптеріңе жаз/.




  1. Мангра ағаштарының тіреу тамыры /ходульные корни/ және тыныс тамырларымен таныс.

Генкель, 65 бет, 55-56 сурет.




  1. Жыланқияқ тамырының көлденең кесіндісіне қарап тамырдың алғашқы құрлысымен танысу /тірі объектіден көлденең кесіндісін жаса, дайын препараттан №19 қарап, суретін сал/.

Чижевская, 155-159 беттер, 69 сурет.

Мұсақұлов,127 бет, 37 сурет.


  1. Асқабақтың тамырынан соңғы анатомиялық құрлысты қарау және суретін сал.

Чижевская, 160-161 беттер, 67 сурет.

Мұсақұлов,130-133 беттер, 38 сурет.
Лабораториялық жұмыс №6
Сабақтың анатомиялық құрлысы.

Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Дара жарнақты өсімдіктердің сабақғының алғашқы анатомиялық құрылысымен жүгеріні мысалға ала отырып танысу. Қос жарнақты өсімдіктердің сабақғының алғашқы анатомиялық құрылысымен асқабақты мысалға ала отырып танысу. Көпжылдық өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысымен үйеңкі мен қарағайды мысалға ала отырып танысу. («Өсімдіктердің анатомиясы» деген дайын препараттардан №7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 қарап суретін салу).


  1. Жүгері сабағының көлденең кесіндісін мысалға ала отырып, сабақтың алғашқы анатомиялық құрлысын қара. /жүгері сабағының көлденең кесіндісін жасап және дайын препараттан 10 қараңдар, суретін салыңдар/.

Чижевская, 222-226 беттер.

Мұсақұлов,144-147 беттер, 43 сурет.


  1. Асқабақ немесе қарағайдың сабағының көлденең кесіндісін сабақтың соңғы анатомиялық құрлысымен таныс /көлденең кесінді жаса және дайын препараттан 8 қарап, суретін сал/.

Чижевская, 98-107 беттер.

Мұсақұлов,148-152 беттер, 45 сурет.

Комров 85 бет


  1. Үйеңкі мен қарағайдың сабағының көлденең кесіндісін мысалға ала отырып, көп жылдық сабақтың анатомиялық құрлысымен танысыңдар.

/ дайын препараттан қарап, суретін сал /.
Чижевская, 259-260,265-267 беттер,124-126 суреттер.

Мұсақұлов,152-157 беттер, 46 сурет.


Бақылау сұрақтары:


  1. Сабақтың қызметі.

  2. Даражарнақтылардың сабағының алғашқы анатомиялық құрлысы.

  3. Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысы.

  4. Қосжарнақтылардың сабағының соңғы анатомиялық құрлысының ерекшеліктері.

  5. Үйеңкі /жөке ағашын алса да болады/ мен қарағай сабақтарының айырмашылығы.

  6. Жылдық сақина, оның пайда болуы.


Лабораториялық жұмыс №7

Өркен.

Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Дайын препараттардан тамыр жемістерінің анатомиялық құрылысын қарау (қызылша, сәбіз, шалқан).олардың арасындағы өзгерістерге көңіл бөлу. Кеппешөп материалынан және кестеден өркеннің бұтақтану түрлерін, гүл және жапырақ бүршіктерін қарастыру


  1. Көктерек өсімдігінің өркенін қарау және суретін салу.

Жуковский 139 бет. 62 сурет.




  1. Көктерек,сирень, тал, қандыағаш, алма өсімдіктерінің ұзарған және қысқарған өркендермен танысу және олардың суретін салу.

Мұсақұлов,122 бет, сурет




  1. Гербарийден қарап өркенің бұтақтану түрлерін салу.

а ) дихатомиялы /плаун өсімдігінде/

б) жалған дихатомиялы /сирень өсімдігінде /

в) монодияды /қарағай, шырша, емен өсімдіктері/.

Чижевская, 178 бет. 40 сурет.

Мұсақұлов,125 бет, 40 сурет.



  1. Сирень және көктерек өсіәмдігінің бүршігін Лейц лупасы арқылы қарап, жапырақ және гүл бүршіктерінің құрлысының суретін сал.

Чижевская, 181 бет. 82 сурет.
Лабораториялық жұмыс №8

Жапырақтың анатомиялық және морфологиялық құрлысы.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Плющ және камелия өсімдігінің жапырағының ала отырып, препарат дайындап, жапырақтың анатомиялық құрылысын зерттеу. («Өсімдіктердің анатомиясы» деген дайын препараттардан №3, 4, 5, 6 микроскоппен қарап суретін салу). Жапырақ тақырыбына байланысты кеппешөптен жай және күрделі жапырақтың тілімделу бағыты бойынша әр түрлілігі. Олардың бір-бірінен айырмашылығы


  1. Плющ пен камелия өсімдіктерінің жапырақтарының көлденең кесіндісін мысалға ала отырып, қос жапырақты өсімдіктерінің жапырақ анатомия таныс.

Чижевская, 24 бет. 97 сурет.

Мұсақұлов,177-179 бет.



  1. Қарағай қылқанының көлденең кесіндісін мысалға ала отырып, жалаңаш тұқымдас өсімдіктерінің жапырақ анатомия таныс, суретін сал.

Чижевская, 291-293 бет, 140 сурет.

Мұсақұлов,181-183 бет.



  1. Гербарийден қарап жай жапырақ түрлерімен таныс, суретін сал. Әрқайсысына сипаттама бер /орналасу, жүйкелену, формасы, ұшы, төменгі бөлігінің формасы, жиегі т.б./.

Чижевская, 189-192 бет.

Мұсақұлов,161-164 бет, 47 сурет.




  1. Гербарийден қарап тілімді және телімді жапырақтың суретін сал. Тілімдерімен сегменттерінің орналасуына көңіл бөл.

Чижевская, 189-192 бет.

Мұсақұлов,165 бет, 49 сурет.




  1. Гербарий экземплярына қарап күрделі жапырақтарымен таныс, суретін сал, сипаттама бер.

Мұсақұлов,166 бет, 50 сурет.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ашық тұқ-р мен қос жарнақты өсімдіктерді алып анатомиялық құрлысы мен ерекшеліктері?

  2. Көлеңкеде, жарықта өсетін өсімдіктер.

  3. Жапырақ бөлімдері.

  4. Жапырақ қызметі.

  5. Жай, күрделі жапырақ түрлері.

  6. Телімді, тілімді, бөлімді жапырақ.

  7. Гетерофилия мен метоморфоз.

  8. Жапырақтың орналасуы.

Қажетті материалдар мен құралдар: гербарий (күрделі жапырақ түрлері, жапырақ метоморфозасы, жапырақ гетерофилиясы)

Қол лупасы.

Таблица: Күрделі жапырақ, оның түрлері.

Жапырақ метоморфозасы мен гетерофилиясы.
Лабораториялық жұмыс №9

Өсімдіктердің көбею жолдары.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Жынысты жолмен көбею түрлерімен танысу.Спора арқылы көбею. «Типы размножения у растений» атты дайын препараттардан № 5, 6, 10 препараттан төменгі сатылы өсімдіктердегі спорангий және гаметангийді қарау.


  1. Хломидоманада балдырын мысалға ала отырып, жыныссыз көбею жолымен танысу, спора және спорагния құрылысын қарау.

  2. Таблицадан, оқулықтан жынысты жолмен көбеюдің түрлерімен танысу (изогамия, гетерогамия, оогамия).

  3. Шаңжапырақ өсімдігін мысалға алып, өсімдіктің даму цикліндегі гаметофит, спорофит кезеңімен танысу, айырмашылығына көңіл бөлу.

  4. Өсімдіктің вегетативтік мүшелері арқылы көбеюімен танысу, телудің түрлерімен танысу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Көбею дегеніміз не?

  2. Спора дегеніміз не? Спора қайда пайда болады?

  3. Жынысты көбею деп қандай көбеюді айтамыз, оның қандай түрлері бар?

  4. Вегетативті көбею дегеніміз не?

  5. Көбеюдің биологиялық маңызы.

Лабораториялық жұмыс №10
Гүлдің морфологиясы
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Кеппешөп материалынан және кестеден гүл мүшелерімен танысу, олардың суреттерін салу. Жай және қос гүлсерігімен танысу.


  1. Гербарий экземплярына қарап, гүл бөліктерінің суретін сал: гүл сабағы, гүл табаны, тостағанша, күлте, гүл аталығы, гүл аналығы.

Мұсақұлов,198-199 беттер, 61 сурет

Генкель 174 бет, 142 сурет.




  1. Сарғалдақ пен темекі гүлін мысалға ала отырып, қос гүлсерігі бар актинаморфты гүлдің құрлысымен таныс.

Мұсақұлов, 200 бет.

Генкель 184-185 бет, 143-145 сурет.




  1. Қос ернеулі желегі бар шалфейді. Тілше тәрізді желегі бар бақ-бақты, бұршақ гүлдерді мысалға ала отырып, зигоморфты /бұрыс гүлді/гүлдің құрлысымен таныс.

Генкель 185 бет, 145 сурет.


  1. Түйіннің мына түрлерімен таныс: жоғарғы түйін-мысалға ала отырып сарғалдақ немесе шие, ортаңғы-итмұрын /шиповник/, төменгі-алма гүлін.

Генкель 191 бет, 154 сурет.

Чижевская, 343 бет. 172 сурет



Бақылау сұрақтары:

  1. Гүлдің құрлысы және оның атқаратын қызметтері.

  2. Гүл бөліктерінің орналасуы.

  3. Бір немесе қос гүлсерігі бар актинаморфты гүлдердің құрлысы.

  4. Әртүрлі типті күлтесі бар зигоморфты гүл.

  5. Біріккен желекті және дара желекті гүлдер.

  6. Түйіннің түрлерін мысалға келтіріп, атап бер.


Лабораториялық жұмыс №11
Гүлдің морфологиялық. /жалғасы/
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Кеппешөп материалынан және кестеден гүл мүшелерімен танысу, олардың суреттерін салу. Жай және қос гүлсерігімен танысу.


  1. Қызғалдақ пен талдың тозаңын микроскоппен қарап,оның сыртқы және ішкі құрлысымен таныс, суретін сал.

Генкель 201 бет, 153/2/ сурет.

Гашкова 125-127 беттер.

Мұсақұлов /оқулық/257 бет, 83/5/ сурет


  1. Таблицаға қарап жарылған тозаңдықтың суретін сал.

Генкель 201 бет, 152 сурет.

Мұсақұлов 257 бет, 83/4/ сурет.



  1. Таблицаға қарап гүлдің ішкі құрлысының суретін сал /тұқым бүршігі мен ұрық қалтасының құрлысы/.

Генкель 203-204 бет, 87/6/ сурет.

Мұсақұлов 287 бет, 87/6/ сурет.



  1. Гүлдердің формуласы мен диаграммасы /шартты белгілерін жазып алыңдар/.

Мұсақұлов /оқулық/264-265 беттер.

Мұсақұлов /практ./202бет.

С ұ р а қ т а р:


  1. Гүлдің андрацейі мен генецейі.

  2. Насеком арқылы тозаңданатын өсімдіктер тозаңының желмен тозаңданатын өсімдіктер тозаңынан айырмашылығы.

  3. Тозаңның құрлысы.

  4. Тозаңдықтың құрлысы.

  5. Тұқым бүршігінің түрлері және оның құрлысы.

  6. Гүл бөлшектерінің орналасуының заңдылықтары.


Лабораториялық жұмыс №12

Гүл шоғыры.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Кеппешөп материалы және кестелерді пайдалана отырып, гүл шоғыр түрлерін қарастыру, сипаттама беру, суреттерін салу.күрделі және жай, анықталған және анықталмаған, аралас гүл шоғыры.


  1. Гербарий экземплярына қарап, анықталмаған гүл шоғырының суретін сал: шашақ гүл, масақ гүл, собық гүл, шатырша гүл /жай және күрделі/, шоқпарбас гүл, зәмбіл гүл, қалқанша гүл, сыпыртқы гүл.

  2. Анықталған гүл шоғырлары: бұйра гүл /монохазий/, ирек /митохазий/, дихазий, пленохазий.

  3. Гүл шоғырларының схемасын түрлерінің қатарына сызып қой.


Сұрақтар:


  1. Гүл шоғыры деген не?

  2. Анықталмаған гүл шоғыры.

  3. Анықталған гүл шоғыры.

  4. Гүл шоғырларының негізгі түрлері.

  5. Гүл шоғырының биологиялық маңызы.

Қажетті материалдар:



  1. Қол лупасы.

  2. Гербарий: анықталған және анықталмаған гүл шоғырының түрлері.

  3. Таблица: гүл шоғыры.


Лабораториялық жұмыс №13

Тұқымның құрлысы.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Бидай, бұршақ және үрме бұршақты мысалға ала қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктің тұқымының құрылысының ерекшеліктеріне көңіл бөлу.


  1. Бидай дәнін мысалға ала отырып, дара жарнақты өсімдіктердің тұқымның құрлысын қара /дәннің ұзынынан кесіндісін жасап қарап, дайын препараттан көріп, суретін сал/.

  2. Бұршақ пен фасольді мысалға ала отырып, қос жарнақты өсімдіктердің тұқымының құрлысын қара.


Сұрақтар:


  1. Даражарнақты және қосжарнақтылардың тұқымның құрлысы және ерекшеліктері.


Лабораториялық жұмыс №14

Жемістің морфологиясы.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Жеміс құрлысымен, түрлерімен танысу. Нағыз және жалған жемістер (№12 тапсырма).


  1. Гербарий экземплярына қарап, қақырамайтын құрғақ жемістердің суретін сал: дәнек/зерновка/, жаңғақ/орех/, қос дәнек/двусемянка/, қанатты жеміс/крылатка/, тұқымша/семянка/.

  2. Таңқурайдың жемісін мысалға ала отырып, шоқ жемістің құрылысымен танысу.

Сұрақтар:


  1. Жеміс деген не?

  2. Жеміс классификация.

  3. Құрғақ және шырынды жеміс деп нені айтамыз?

  4. Жалған жеміс дегеніміз не?

  5. Нағыз жеміс дегеніміз не?


Лабораториялық жұмыс №15

Жер бетінің флоралық облыстары.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Өсімдіктің ылғалға байланысты экологиялық топтары. Ксерофиттер. Мезофиттер. Гигрофиттер. Гидрофиттер. Гидатофиттер.
1. Л. Дильс ұсынған 6 флоралық облыстары.

Сұрақтар:

1. Флоралық облыстары дегеніміз не?



2. Қандай флоралық облыстарын білесіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет