1.Ашықтар-құмды шөлдердегі саздақты жыныстардан түзілген құмды бұйраттардың арасындағы алаңдар. Бұлардың топырағы құнарлы болып келеді. Өсімдік жамылғылары еркек шөп пен бидайықтан тұрады., шығымдылығы мол шабындық ретінде пайдаланылады.Ашықтар көбінесе Нарын құм массивінде кездеседі.
2.Географиялық зона-жылу мен ылғал баланстары қатынастарының әр түрлі болып келуіне байланысты қалыптасқан жазықты аймақтардағы территориялық табиғат кешендерінің типі,солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасады.Қазақстанда орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары тараған.