Курстың мақсаты:
Қазақстанды географиялық тұрғыда танып білудің ұзақ тарихымен таныстыру. Қазақстанның батыс және оңтүстік бөліктерінің табиғат жағдайлары туралы алғашқы мағлұматтар ежелгі замандарға жататын деректермен, саяхатшы ғалымдармен толық таныстыру.
Курстың міндеті:
Қазақ жері туралы ежелгі заман географиясындағы тұңғыш мағлұматтар (6 ғасырларға дейін)
Қазақстан территориясы туралы орта ғасырлардағы географиялық және картографиялық деректер ( 6 ғасырдан бастап 16 ғасырға дейін)
Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі орыс мемлекетінде тарихи-географиялық деректердің жиналуы ( 16 ғасырдан бастап 1731 жылға дейін)
Қазақстанның Ресейге қосылуының бастапқы кезеңіндегі маршруттық барлама зерттеулер (1731 жылдан 1819 жылға дейін)
Қазақстанның Ресейге қосылуының екінші кезеңіндегі арнайы барлама зерттеулер (1819 жылдан бастап 1856 жылға дейін)
Қазақстанның жазық жерлері мен таулы аймақтарының физикалық-географиялық жағынан зерттеулер (1856 жылдан 1890 жылға дейін)
Қазақстан жеріндегі игеруге тиісті жекелеген аудандарды белгілі бір мақсатқа орай арнайы зерттеулер (1890 жылдан 1917 жылға дейін)
Аталған кезеңдер шартты түрде алынып отырғандықтан осы кезеңдерді қамти отырып, Қазақстанды физикалық-географиялық танып-білу тарихының көптеген мәселелерін дәлме-дәл анықтап, Қазақстан табиғатын зерттеу курсын толығымен қамту.
Достарыңызбен бөлісу: |