Жаратылыстану математикалық факультет



бет6/7
Дата04.11.2016
өлшемі0,97 Mb.
#345
1   2   3   4   5   6   7

Ерітінділер туралы ілім.


  • Д.И. Менделеевтің ерітінділер теориясы.

  • Вант- Гоффтың осмостық теориясы.

    Тірек сөздер: ерітінділер, Вант-Гофф, осмостық теория, ерітінділер теориясы.

    Дәрістің мазмұны:

    Физикалық химияның жеке ғылым ретінде қалыптасуы көп кезеңге созылды. Ол XVIII ғасырда Ломоносовтың жұмысында басталды, Ломоносов "менің химиям физикалық" деп жар салды.

    XIX ғасырдың 50 жылдары физика мен химияның арасында жақындық байқалды. Бұған атомистикалық көзқарастар, соның ішінде газдардың кинтикалық теориясы физикалық химияның дамуына ықпалын тигізді.

    Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, А.М. Бутлеровтың химиялық теориясы химияның дамуының соңғы периды секілді болды. XIX ғасырдың екінші жартысында химияның жаңаруы айтарлықтай білінбеді, содан кейін химиялық айналулардың анализі және олар бағынатын заңдарға қызығушылық айқындалды.

    Физикалық химияның дамуында ерітінділердің табиғатын зерттеу үлкен роль атқарды.

    1864 жылы Д.И.Менделеевтің "спирттің сумен қосылысын талқылау" атты докторлық диссертациясы жарық көрді.

    Ол зерттеудің басынан бастап-ақ ертіндінің табиғатын теориялық болжаудан бас тартты. Бірақ экспериментальды зерттеудің нәтижесінде бұл қоспалардың тығыздықтары туралы қортынды жасады.

    1869 жылы Д.И.Менделеев "ерітінділерде судың қосылыстары белгілі мөлшері кездеседі, бірақ ерітінділердің өзі белгісіз қосылыстар" деді. Ол өзінің бұл ойын "химия негіздері" деген оқулықта жазды.

    Д.И.Менделеев өзінің ерітінділер теориясын толық біткен жоқ деп бірнеше рет ескертті. Ол өзінің жұмыстарын ерітінділер теориясын анықтайтын жол ретінде қарастырды.

    Химиялық тепе-теңдік процесі XIX ғасырдың екінші жартысында химия үшін өте үлкен маңызға ие болды, біріншіден, өзінің тұтастығының арқасында, екіншіден, бұл құбылыстарға термодинамиканың қатаң қағидаларын қарапайым қолдануының арқасында. Вант-Гоффтың сөзі бойынша химиялық тепе-теңдік –бұл физиканың, химияның, математиканың анықтамалары бір-бірін толықтыратын облыс. Химиялық тепе-теңдік туралы басты қағидалар К.Бертолленің арқасында пайда болды. Ол қайтымсыз реакциялар тек белгілі бір шекке дейін жүреді , «химиялық күштің» тепе-теңдігі реакцияға түсетін және реакциядан шығатын заттардың жылу мен агрегаттық күйіне байланысты деп есептеді.Бұл проблемаға деген қызығушылық XIX ғасырдың орта шамасынан бастап жыл сайын өсуде.



    Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

    1. Физикалық химияның дамуы қай кезде басталды?

    2. Ерітінділер туралы алғашқы түсініктер.

    3. Д.И. Менделеев ерітінділер теориясын қалай жасады?

    4. Д.И. Менделеевтің ерітінділер туралы ойы қандай?

    5. Вант- Гоффтың осмостық теориясы туралы ойың?

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    V- бөлім, 300-308 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    ХVІІІ –тарау, 159- 164 -166 беттер.
    Дәріс № 12
    Тақырыбы: Д.И. Менделеевтің периодтық заңының ашылуы.

    Дәріс мақсаты:

    Дәрістің мазмұны:

    1. Периодтық заңның алғашқы нұсқасы.


    2. «Элементтердің табиғи системасы»

    Кестенің екінші варианты.

    Тірек сөздер: «Химия негіздері», периодтық заң, периодтық жүйе.

    Дәрістің мазмұны:
    1868 жылы бұрынғылардың біреуіне де ұқсамайтын жаңа кесте дүниеге келді. 1869 жылы ақпан айында кесте орыс және шетел химиктеріне таратылды. Атомдық салмақтары және химиялық ұқсастығы бойынша элементтерді жүйелеу тәжірибесі негізінде жасалған алғашқы кесте жарияланды. Кесте Орыс химия қоғамының 1869 жылғы 6 (18) наурыз күнгі мәжілісінде талқыланды.

    Д.И. Менделеев атомдық салмағының дәлдігіне күмәнданып 1869-1870 жылдары ол периодтық жүйе кестесінің жаңа нұсқасын жариялады. 1871 жылы шілде айында «Химиялық элемнттердің периодтық заңдылығы» тақырыбында жазылған мақаласында периодтық заңға «Элементтердің, олар түзетін жай және күрделі денелердің қасиеттері атомдық салмақтарына периодты тәуелділікте болады» деген анықтама берді. Бұл заңның мынадай қолданылу мүмкіндіктерін көрсетті:

    1) элементтерді жүйелеу,

    2) зерттелген элементтің атомдық салмағын табу,

    3) белгісіз элементтердің қасиеттерін болжау,

    4) атомдық салмақтарды түзету,

    5) химиялық қосылыстардың түрлерін толықтыру.

    Заңының нң негізгі табысы белгісіз элементтерді және олар түзуі мүмкін қосылыстардың қасиеттерін болжауға мүмкіндік бергендігінде Д.И. Менделеев 1870 жылғы «Элементтердің табиғи жүйесі және оны белгісіз элементтердің қасиеттерін болжау үшін пайдалану» деген мақаласында экаалюминий, экасилиций және экабор элменттерініңң болжамды қасиеттерін толық сипаттап берді.



    Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


    1. Д.И. Менделеев периодтық заңды ашқанға дейін қандай қиындыққа кездесті?

    2. Периодтық заңның дүниеге келуі.

    3. Периодтық заңның бірінші және екінші варианты.

    4. Периодтық заң қалай оқылады?

    5. Периодтық заң ашуда Д.И. Менделеев қандай үш принципті ұстаған

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Оқу кітабы. 9 – сынып, Алматы 2001 ж. 14-20 беттер



    Дәріс № 13

    Тақырыбы: Химиялық элементтердің ашылу кезеңдері.

    Дәріс мақсаты:

    Қарастырылатын сұрақтар:

    Д.И. Менделеевтің периодтық заңына дейінгі элементтердің

    ашылуы

    Тірек сөздер: Химиялық элементтер.

    Дәрістің мазмұны:
    Ерте дүниеден бастап орта ғасырдың 1200 жылдарына дейін 7 металл, күкірт және көміртегі белгілі болды.1200-1700 жылдар аралығында мышьяк, сурьма, висмут, мырыш және фосфор ашылды.Сөйтіп, 500 жылда бес элемент ашылған екен.Ғылымның ұрығын себуші әрбір жан діннің құдалауына түсіп, отқа жағылған қара табыс қайдан келсін! Солардың өзі алхимиялық ізденістер, металл рудаларын өңдеу кезінде табылған.

    1700 - 1751 жылдарда металлургияның жедел өркендеуі химиялық элементтердің ашылуын біраз тездетті. Платина, кобальт және никель металлдары бөлініп алынды.

    1760-1805 жылдары химия – аналитикалық кезеңде сапа және сан анализі күшті өркендеді.Бос күйінде бөлінбегенімен магний, кальций, марганец, барий, молибден, вольфрам, теллур, уран, цирконий, стронций, титан, хром, бериллий, иттрий, тантая, церий, фтор, палладий, родий және осмий элементтері табылды.Бұлар «жер» деп аталатын оксид, гидроксид, қышқыл және тұз қосылыстары түрінде белгілі болды.

    Осы кезеңде, әсіресе 1760-1780 жылдар аралығындағы 20 жылда газ химиясы қарыштап дамыды.Сутегі, азот, оттегі және хлор газдары жеке күйінде алынып, қасиеттері зерттелді.

    Электр келген соң химияның байырғы әдістері жоғалған жоқ, нығайып жетіле түсті. Сандық бағыт алды.Соның нәтижесінде 1805-1850 жылдар арасында бор, литий, кадмий, селен, кремний, бром, алюминий, иод, торий, ванадий, лантан, эрбий, тербий, рутений, ниобий ашылды.

    Спектрлік анализ химияға енген соң оның қолы ұзара түсті.Жерден, жер түгіл күннен (гелий) жаңа элемент ашылды.1860-1896 жылдарда күн спектрін зерттеу арқылы цезий, рубидий, талмий, индий, элементтерінен хабар алынды.Өзін химиялық жағынан байқатпауға тырысатын енжар элементтер – гелий, аргон, неон, криптон және ксенон табылды.Осы мерзім ішінде тәжірибелік әдістермен бірге теориялық ойдың күші сынға түсіп, тамаша табысқа жетті.1875-1886 жылдары Д.И.Менделеев алдын ала болжаған галлий, скандий және германий ашылды.

    Қазіргі периодтық жүйенің өне бойын алып тұрған 109 элементтің әрбірінің өзіне ғана тағылған атауы бар. Әр атаудың шығу тегіне келсек оның өзі жеке тарих.Элементтердің көбісінің атауларын соларды тапқан ғалымдардың енгізгендігі даусыз. Дегенмен,солардың қатарында әр ұлттың өз тіліндегі атауға ие болғандары бір төбе. Ашылу тарихы ғасырлар қойнауына бойлап кететін мұндай элементтер біздің қазақ тілінде де баршылық .Мәселен: алтын, күміс, мыс, мырыш, темір, сынап, қорғасын, қалайы атаулары ең әйгілі 8 металл элементтердің тізбегін береді.

    Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

    1. Химиялық элементтерді ашқан қандай ғалымдарды білесің?

    2. Елдер құрметіне аталған қандай химиялық элементтерді білесің?

    3. Ғалымдар құрметіне аталған химиялық элементтерді ата.


    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. И.Нұғыманов. т. б. Химия тілі. Алматы, 1977. 78 – бет.


    Дәріс № 14

    Тақырыбы: Қазақстанда химия өнеркәсібінің даму тарихы.

    Дәріс мақсаты: Қазақстандағы химия өнеркәсібінің даму тарихымен танысу.

    Қарастырылатын сұрақтар:

    Революцияға дейін Қазақстанда ауыр индустрия саласының

    пайда болуы.

    Тірек сөздер: Өнеркәсіп, завод, металлургия.

    Дәрістің мазмұны:
    Революцияға дейін Қазақстанда ауыр индустрия саласының пайда болуы.

    Химия өнеркәсібінің пайда болуы

    Ревалюцияға дейінгі Қазақстанда химия өнеркәсібінің пайда болуы тері,қой жүні,май және сабын өндіретін кіші кәсіборын-дардан басталды.имия өнеркәсібі саласынан тек бірнеше өндіріс орындары жұмыс жасады.Олардың қатарына Шымкенттік сантонина заводы жатады. Бұл завод 1884 жылы жергілікті шикізат жусанды пайдалану негізінде құрылған. Завод жылына 2 мың пұт өнім өндіріп,оның негізгі шет елдерге шығарылды. Шымкенттік сантонина заводы құртқа қарсы заттарды өндіретін жалғыз өндіріс орны болды. Бұл дәрінің тұтынушылары дүниежүзілік саудада Япония, Латын Америка, Италия, Испания, Германия елдері болды.

    Тұзды кенорындарының құрылысы осыдан 200 жыл бұрын басталды. Мәселен, Павлодар облысында олсындай 12 кенорны белгілі болды.Олардың ішіндегі ең көлемдісі Коряков заводы.1917 жылы бұл жерде тұз қайнататын завод тұрғызылды.Тұздың көп мөлшері Арал өңірінде, сондай-ақ Атырау облысындағы Индер көлінде өндірілді.

    Селикат бұйымдарды шығаратын бірнеше ұсақ өндіріс орындары да болды.1905 жылы Петропавлск қаласында кірпіш заводы тұрғызылды,1913 жылдан бастап осындай завод Орал қаласында да жұмыс жасай бастады.Сонымен қатар,шағын Шу заводында да цемент өндірілді.Шығыс Қазақстанда Риддер фабрикасында күкірт қышқылы цехы жұмыс жасады.



    Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның химия өнеркәсібінің жағдайы мен дамуы

    (1930-1991 жылдары)

    Жоғарыда революция ға дейінгіи Қазақстанда жұмыс жасаған және химия өнеркәсібімен тығыз байланыста болған өндіріс орындарының атаулары көрсетілді.

    Қазақстан республикасындағы мхимия өнеркәсібінің даму жылдамдығы басқа өнеркәсіп салаларымен де байланысты болды. Оның кейбір салалары жәй дамыса,ал кейбіреулері мүлдем демымай қалды.1.1 кестеде 1930-1991 жылдар аралығында химия өнеркәсіп орындары мен заводтары туралы мәліметтер берілген.

    Қазақстанда химия өнеркәсіп орындары Ақтөбе фосфорит кенорны ашылғаннан кейін салына бастады.Алғашқы химия заводы 1934 жылы Алға қаласында,Ақтөбеден 100 км қашықтықта, Москва-Ташкент темір жолында салынды.Осы заводта фосфорит тыңайтқыштарды өндіру басталды.Бір жылдан кейін Индер көлінде борат рудаларын өндіру басталып,кейін олар осы заводта бор қышқылы мен оның туындыларына дейін өңделеді.Бұл өндіріс бор қосылыстарының дамып келе жатқан ауыл шаруашылығы,дәрі өнеркәсібі,медицина,ветеринарияға қажеттігінен туындайды.Бор қосылыстары көп мөлшерде маңызды микротыңайтқыш ретінде қажет болды.

    Келесі он жылдықта,40-шы жылдары Ақтөбе кенорнымен қатар,1935 жылы ашылған Қаратау фосфор бассейні жұмыс жасай бастады.1949 жылы «Жанатас» және «Қаратау» рудниктерінде фосфориттер өндіре бастайды.

    Егер графикалық көрсеткіштерге қарасақ,онда 30-40 жылдары химия өнеркәсібі дамуының алғашқы жылдары екенін байқауға болады.Ал 50-ші жылдары қарқынды даму байқалады.Ол Ұлы Отан Соғысының 1941-45 жылдары аяқталуымен байланысты.1956 жылы Орталық Қазақстанды фосфор мен азот тыңайтқыштарымен қамтамасыз ететін Жамбыл суперфосфат заводы іске қосылды.Бұл жерлерде химия өнімдері-синтетикалық аммиак,азот қышқылы,фосфорлы тыңайтқыштар және көп мөлшерде күкірт қышқылы шығарылды.Осы жылы Ақтөбе қаласында хром қосылыстарының заводы іске қосылды.



    Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

    1. Қазақстанның химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдарды ата.

    2. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның химия өнеркәсібінің жағдайы мен дамуы туралы не

    білесің?


    3. 1931- 1960 жылдары аралығында Қазақ ССР-да қандай химиялық өндіріс орындары

    мен заводтарының ашылды?

    4. 1961- 1980 жылдары аралығында Қазақ ССР-да қандай химиялық өндіріс орындары

    мен заводтарының ашылды?


    5. 1981- 1991 жылдары аралығында Қазақ ССР-да қандай химиялық өндіріс орындары

    мен заводтарының ашылды



    Пайдаланатын әдебиеттер

    Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов

    химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск,

    ВКГУ, 2003, 3-14 беттер.



    Дәріс № 15

    Тақырыбы: Қазақстандағы химия және металлургия өнеркәсібі.
    не химик ғалымдарымен танысу.

    Тірек сөздер: Қазақстан Магниткасы.

    Дәрістің мазмұны:
    Қазақстан Магниткасы – қара металлургияның, еліміздегі аса- ірі кәсіпорындарының бірі. Ол Теміртау қаласында орналасқан. 1970ж. Қарағанды металлургия зауыты негізінде құрылып, оның құрамына Қазақ металлургиялық зауыты, Атасу темір кені, Оңтүстік Топар кен басқармалары мен Алексеев доломит карьері енді. 1948 жылы Қазақстан Магниткасының құрылыс алаңы белгіленді.

    Екібастұз ферроқорытпа зауыты. Павлодар облысы- кремнилйлі және хромды темір қорытпа өндірісі бойынша еліміздің қара металлургиясының ең ірі кәсіпорындарының бірі. 1968 жылы 1- кезегі іске қосылды.

    Соколов – Сарыбай кен байыту комбинаты. Қостанай облысы, Рудный қаласындағы комбинаттың құрылысы 1954 жылы басталды.

    Лисаков кен байыту комбинаты. Кәсіпорын гравитациялық- магниттік, күйдірілген магнитік темір кені концентраты, темір кенді жентек және халық тұтынатын тауарлар өндіреді.

    Жәйрам кен байыту комбинаты. 1971 жылы алғашқы кенін берді. Комбинат ашық әдіспен (Қиыр Батыс, Батыс, Үшқатын, және жер асты шахталарынан полиметалл мен темір, марганец) кендерін өндіреді.

    Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

    1. Химия өнеркәсібінің қай жылы пайда болды.

    2. Қара металлургия Қазақстанның қай қалаларында өндіріледі?

    3. Лисаков кен байыту комбинатында қандай тауарлар өндіріледі?


    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Соловьев А. В. Цветная металлургия Казахстана. .– А, 1974 ж.

    2. 9- сынып, әдістемелік нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж, 113-140 беттер.

    3. Жәйрам кен байыту комбинаты қай жылдан бастап өндіріле бастады?



    6. Семинар сабақтардың жоспары.




    Тақырыбы

    Семинар сабақтың мазмұны

    Апта

    Әдебиет

    1

    Алғашқы адамдардың химиялық білімі.

    1. Алғашқы адамдардың

    химиялық білімі.

    2.Химия өнерінің тууы.

    тас, темір, қола

    дәуіріндегі химиялық түсініктер.


    1

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976. 1- бөлім, 8-11 беттер.

    3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

    І – тарау, 9 -13 беттер.


    2

    Алхимия және алхимиктер.

    1. Араб алхимиясы.

    2. Батыс Еуропалық

    алхимия.

    3. Алхимиялық таңбалар.

    . 7- санының қасиеті.

    4. Алхимиялық

    металдардың ашылу тарихы.

    Жеті ғаламшар-жеті элемент “Химия мектепте 2004, № 5 65-66б”




    2

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    1- бөлім, 17 -23 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    ІІ –тарау, 16- 21 беттер.

    3. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983. 40 -53 беттер.


    3

    Иатрохимия.

    1. Парацельс оқулары.

    2. А. Лабавий және И. Ван Гельмонтаның химия дамуына қосқан үлестері.

    3. «Иатрохимия» кезеңінің пайдалы жақтары.


    3

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    1- бөлім, 22 -23 бет, 28 -29 беттер.

    2. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

    І – тарау, 22 -23 беттер.

    3. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983. 53- 59 беттер.


    4

    Пневматикалық (газ) химиясы.

    1.Дж. Блэк тәжірибесі оны ғылыми тұрғыдан түсіндіру.

    2.Г. Кавендин, Пристли еңбектері, ғылыми зерттеулері.

    3. Су құрамын зерттеу Г. Кавендин зерттеулері.



    4

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    1- бөлім, ІІІ – тарау, 64- 79 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    V –тарау, 51-58 беттер.



    5

    А. Лавуазье және оның ғылыми зерттеулері.

    1. А. Лавуазье тәжірибелерімен қорытындылары.


    2. Жану теориясының негізгі қағидалары.

    3. А. Лавуазье бойынша негіз, қышқыл, тұз туралы.

    4. А. Лавуазье ілімін жалғастырушылар.


    5

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    1- бөлім, VІ – тарау, 82 -103 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    І –тарау, 59-67 беттер.

    3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983. V – тарау, 45-52 беттер.


    6

    Атом- молекулалық ілімнің қалыптасуы.

    1. Бойль – У. Лемеридің корпускалық теориясы.

    2. Ньютон атомистикасы.

    3. М.В. Ломоносовтың атом және молекула туралы ілімі.


    6

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    ІІ- бөлім, VІІ – тарау, 113 - 124 беттер.





    7

    ХІХ ғасыр басындағы эксперименттік зерттеулер мен жаңалықтардың ашылуы.

    1.Гальваникалық электрліктің ашылуы.

    2. Г. Дэви зерттеулері.

    3. Гей – Люссактың көлемдік қатынас заңы.



    7

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976. ІІ- бөлім, ІХ – тарау, 81 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    VІІІ –тарау, 146 -149 беттер.

    3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

    V – тарау, 65-68 беттер.

    4. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии, 1983. 123- 122 беттер.



    8

    Органикалық химияның алғашқы теориялары.

    1.Күрделі радикалдар

    теориясы.

    2. Металепсия құбылысы. Орын басу теориясы.

    3. Көн негізді қышқылдар құрылысы теориясы.



    8

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    ІІ- бөлім, ІХ – тарау, 157 - 169 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    ХІ –тарау, 100-112 беттер.

    3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

    V – тарау, 78-80 беттер.

    4. М.И. Ибраев, К.А. Сарманова Органикалық химия негіздері. А. «Рауан» 1990. 6-8 беттер.


    9

    Органикалық синтез.

    1.Алғашқы органикалық синтез.

    2. ХІХ ғ. 40-50 жылдарындағы органикалық синтез.

    3. Металорганикалық

    қосылыстар синтезі.

    4. Көмірсулар синтезі.


    9

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    ІІ- бөлім, ХІІ – тарау, 238 - 259 беттер.



    10

    ХІХ ғасырда бірінші жартысындағы Рессейдегі химия.

    1. ХІХ ғасырдағы Ресей

    химиясы.


    2. Қазан химиктері

    мектебі.


    10

    1. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    ХVІІІ –тарау, 117- 123 беттер.





    11

    Химиялық тепе- теңдік.

    1.Массалар әсерлесу

    заңы.


    2. Химиялық тепе- теңдіктің молекула- кинетикалық теориясы.

    3. Фазалар ережесі.

    4. Химиялық термодинамика.


    11

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

    V- бөлім, 322 – 336 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979. ХVІІІ –тарау, 161 -164 беттер.



    12

    Д.И. Менделеев болжаған химиялық элементтердің ашылуы.


    1.Экаалюминий-

    галийдің ашылу

    тарихы.

    2. Экабр- скандийдің



    ашылу тарихы.

    3. Экасилиций -

    германийдің ашылу

    тарихы.


    12

    1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976. ХІV – тарау, 271-298 беттер.

    2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

    ХVІІІ –тарау, 156-158 беттер.

    3. Оқу кітабы. 9 – сынып, Алматы 2001 ж. 19-25 беттер.



    13

    Элементттердің аталуы.

    1. Елдер құрметіне аталған химиялық элементтер.

    2. ғалымдар құрметіне аталған элементтер.



    13

    1. И.Нұғыманов. т. б. Химия тілі. Алматы, 1977. 84-100, 103-106 беттер.

    2. Химия мектепте. 2004, №3, 68-69 беттер.




    14

    Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның химия өнеркәсібініңжағдайы мен дамуы

    (1930-1991 жылдары)



    1. 1934-1991 жж аралығында Қазақ ССР-да химиялық өндіріс орындары мен заводтарының ашылуы

    а) 1931- 1960 жылдары

    б) 1961- 1980 жылдары

    в) 1981- 1991 жылдары




    14

    1. Увалиева Ю.К. т.б. Химия и технология производства продуктов

    химической промышленности Республики Қазахстан. Уст- Каменгорск,

    ВКГУ, 2003, 14-28 беттер.

    2. 9- сынып, әдістемелік нұсқау. А, «Мектеп», 2005 ж, 113-120 беттер.




    15

    Химия оқулықтарындағы тарихи материалдар.

    1. 8- сынып оқулығындағы тарихи материалдар.

    2. 9- сынып оқулығындағы тарихи материалдар.

    3. 10- сынып оқулығындағы тарихи материалдар.

    4. 11- сынып оқулығындағы тарихи материалдар.




    15

    1. Мектеп оқулықтары 8 , 9, 10, 11 сынып оқулықтары.

    2. Химия мектепте 20003 ж, №5, 15-19 беттер.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет