Жаратылыстану математикалық факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М



бет34/39
Дата20.06.2018
өлшемі1,37 Mb.
#43562
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Дәрістің мазмұны:


  1. Органикалық химия курсының оқу- тәрбиелік маңызы мен міндеттері.

  2. Органикалық химия курсының мазмұнымен құрылымы.

  3. Органикалық химияны оқытудың кейбір методикалық мәселелері.

  4. Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру.

  5. Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру және дамыту.

  6. Атомдардың өзара әсері ұғымының қалыптасыуы.

Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.


Орта мектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу тәрбиелік міндеттерді шешеді. Органикалық химияда заттардың сан алуандығы жне оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар сан жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және фосфор элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді.

Орта мектепте оқытылатын органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы ұдайы жатілдіріліп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулығын оқыту методикасын В.Н. Версовский, Л.М. Сморгановский жазды. Органикалық химия курсының құрылымын анықтағанда іс жүзінде сыналған дидактикалық және методикалық негіздер жүзеге асырылады.

Органикалық химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастырудың бұрыннан келе жатқан түрлері пайдаланылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – сабақтың типтері, мазмұны, әдістері мен құралдары материалдың сипатына, оқушылардың өсуіне және жасының есеюіне қарай елеулі өзгерістерге ұшырайды.

Органикалық химияның негізгі ұғымдарын қалаптастыру мен дамыту – аса маңызды методикалық мәселелердің бірі Оларға жататындар: химиялық тіл және органикалық қосылыстардың номенклатурасы, гомологтық қатарды оқып- үйрену, заттардың алу тәсілін қарастыру, заттардың қолданылуын оқып- үйрену, жаттығуларды пайдалану. Органикалық заттардың құрылысы А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория және кеңестік құрылысының теория тұрғысынан қарастырылады.

Гомология- органикалық қосылыстарды оқып- үйренуді жеңілдететін маңызды ұғым. Ол органикалық заттардың жалпы қасиеті, оларды жіктеуге, жүйелеуге, құрылысы мен қсиеттерінің тәуелділігін түсінуге, көміртегі қосылыстарының күрделену сипатын аңғаруға, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуын көрсететін жалпы заңдылықты игеруге жәрдемдеседі.

Оқушылар органикалық химияны жңадан оқуға кіріскенде, мысалдар бейорганикалық химиядан келтіріледі. Бейорганикалық қосылыстар молекулалары атомдарының арасындағы біржақты әсер жөнінде түсінік беріледі.


Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Органикалық химияның жеке курс ретінде оқытылуын қалай түсіндіруге болады?

  2. Органикалық химия курсының мазмұны мен оқыту методикасын дамытуда елеулі үлес қосқан қандай ғалымдарды білесің, олардың еңбектерін атаңыз?

  3. Соңғы жылдарда органикалық химияның мектептегі курсының мазмұнына қандай өзгерістер енгізілді?

  4. Соңғы жылдарда органикалық химияның теориялық негіздері, олардың бейорганикалық химияның теорияларымен байланысы қандай?

  5. Органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістік құрылысы жөніндегі ұғым қалай қалыптастырылады және дамытылады?

  6. Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру методикасының негізгі мәселелерін сипаттап беріңдер?

  7. Атомдардың өзара әсері ұғымына байланысты оқу материалдарын оқулықтың тіректік қысқаша жазба жазыңдар?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVIІІ - тарау,

261-275 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХVIІІ- тарау,

293-307 беттер.
14 дәріс

Тақырыбы: Оқушыларды химия өндірістері және халық шаршашылығын химияландыру мәселелерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:


  1. Химиялық өндіріс туралы оқу материалының маңызы және міндеттері.

  2. Өндірістік материалдың мазмұнын іріктеу негіздері.

  3. Химиялық өндірісті оқып- үйренудің методикалық мәселелері.

  4. Оқушыларды халық шаруашылығын химияландыру мәселелерімен таныстыру.

  5. Химияның ауыл шаруашылығында қолданылуымен таныстыру.

Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.

Химия өндірістері туралы берілетін мағлұматтар оқушыларға политехникалық білім беру міндеттерін шешуге жәрдемдеседі. Бұл міндеттерге жататындар қазіргі заман өндірістеріндегі еңбекті ұйымдастырудың жалпы техникалық негіздерімен таныстыру, өлшеу және есептеу техникасымен байланысты білім, білік және дағдымен қаруландыру, оқушылардың ғылыми- техникалық ой-өрісін дамытып, жобалар және конструкция жасай білуге баулу, оқушыларды өндірістік еңбекке үйрету. Химияның алғашқы тұрақты бағдарламасынан бастап затттардың өндірісте алу тәсілдеріне жете назар аударылуда. Дегенмен мұндай материалдардың мазмұны мен көлемі елуінші жылдарда жалпы білім беретін орта мектепке политехникалық сипат берумен байланыста арта түсті. Мәселен, негізгі химия өнеркәсібінің тұз қышқылын, күкірт қышқылын, азот қышқылын өндіру, аммиак синтезі, аммоний нитратын өндірісте алу оқытылады.

Өндірістік материалдармен тереңірек танысуда кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Химиялық өндірістерге арналған политехникалық кештер өткізіледі. Химия үйірмесінің мүшелері жергілікті өндіріс орындарын тыңғылықты зерттейді.

Халық шаруашылығын химияландыру химия өндірісінің өнімдерін және химия ғылымының жетістіктерін шаруашылықтың әр түрлі саласында кеңінен қолдану арқылы жүзеге асады. Химияландырудың мақсаты- шикізаттарды және энергияны тиімді пайдалану, ғылыми техникалық әрекеттерді жеделдету және экономиканы интенсивтендіру.

Химия өнімдерін молынан тұтынатын саланың тағы бірі- ауыл шаруашылығы. Орта мектептің химия курсында қарастырылатын ауыл шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары: минералды тыңайтқыштарды қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы, өсімдіктерді зиянкестерінен химиялық қорғау, өсу стимуляторларын қолдвану, өсімдік және жануар өнімдерін химиялық өңдеу.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Химияның өндіріс туралы оқу материалының мазмұны орта мектеп курсының бағдарламаларында қандай өзгеріске ұшырады?

  2. Химия курсында оқылатын өндірістерді қандай негіздерге сәйкес іріктейді?

  3. Өндірістік материалдарды оқып- үйренудің ұйымдастыру түрлерін сипаттаңдар. Топсеруен туралы білетіндеріңді еске түсіріңдер.

  4. Өндірістік материалдарды оқып- үйренуде қолданылатын оқыту құралдарын ата. Өз қалауың бойынша химияны оқыту методикасының кабинетіндегі бір өндірістің макетімен таныс.

  5. Бір химиялық өндіріспен таныстырудың жоспарын құрыңдар?

  6. Химия өнеркәсібінің қай салалары орта мектепте оқылады?

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХХ - тарау,

276-288 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХХ- тарау,

308-320 беттер.
15 дәріс

Тақырыбы: Химиядан алған білімді қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет