Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет7/11
Дата11.09.2017
өлшемі0,94 Mb.
#32047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланатын әдебиеттер


1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

1- бөлім, V – тарау, 92- 96 беттер.

2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

І –тарау, 58 -59 беттер.




Дәріс № 6

Тақырып: Атом- молекулалық ілімнің тууы және нақтылануы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Джон Дальтон және оның атомистикалық теориясы.

2. «Новая система химической философии» еңбегі.

Дәріс мақсаты: Джон Дальтонның атом теориясының негіздерін, еселік қатынас

заңын түсіну.


Тірек сөздер: Джон Дальтон, еселік қатынас заңы. И.Я. Берцеллиус, химиялық таңба.

Дәрістің мазмұны:

Атом-молекулалық ілімге реформа жасалып, оның негізгі түсініктері бір ізге түсуі керек еді. Бұл реформаны француз жас ғалымдары О.Лоран (1807-1853) мен Шарль Жерар (1816-1856) бастап, итальян ғалымы С.Каницарро (1826-1910) аяқтады. Авогадро көзқарасын дамытып, жаңғыртушы Лоран мен Жерар дуалистік системаға қарсы болып, унитарлық система ұсынды. Бұл көзқарас бойынша жай және күрделі денелер унитарлы системадан – біртұтас молекуладан құралады. Молекула атомнан тұрады. Атом бөлінбейді, жеке түрінде кездеспейді. Молекула ең кемі екі атомнан тұрады.Химиялық әрекеттесулер кезінде молекула құрамындағы атомдар алмасады.Жай зат молекуласы атомдары біртекті, күрделі зат молекуласының атомдары әртекті. Атомдық салмақты дәл анықтау үшін заттың молекулалық салмағын білу керек.

Ш.Жерар газдардың тығыздығы бойынша молекулалық салмағын тапты, оларға қарап кейбір атомдардың салмағын түзетті. Химиялық формулаларды бір ізге келтіруге тырысты.Бұрын қате табылған H2Cl2, P2Cl10, KO, NaCl2 тәрізді формулаларды HCl, PCl5, K2O, NaCl деп түзетті.Дуалистік теорияның өкілдерінен қуғын көрген Лоран мен Жерар бастаған істерін аяқтамай дүние салды. Атомдық реформаны аяғына дейін жеткізу итальян ғалымы С.Каницарроның үлесіне тиді. Атомдық салмақты анықтаудың Каницарро әдісі деп аталған жаңа әдісін тапты.

Бор, титан, кремний, цирконий, алюминий, хром т.б. элементтердің атомдық салмақтарын дұрыстайды. Химияға атомдылық деген атпен Валенттілік түсінігі енді. Валенттілік жайлы 1852 жылы Э. Франкланд айтқан. Әрі қарай валенттілікпен айналысқан Кекуле болды. Ол көміртегінің 4 валентті екенін анықтады. Дегенмен атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларын көпшілік мойындаған жоқ. Нәтижесінде ғалымдар бірін-бірі түсінбейтін дәрежеге жетті.

Сондықтан химияның негізгі түсініктерін бір ізге келтіру үшін 1860 жылы Германияның Карлсруэ қаласында химиктердің Халықаралық І съезі шақырылды. Атом –молекулалық ілім химияның теориялық ірге тасына айналды.Халықаралық химиялық тіл жасалды.Химиялық таңба, формуламен бірге химиялық теңдеулер шықты. Алайда атом-молекула түсініктері туралы сұрақтарды талдағанда ғалымдар қарама-қарсы көзқарасты қолдайтын екі топқа бөлінді. Идеалист ғалымдар атом-молекулалардың бар екеніне сенбей, олардың массасын анықтау мүмкін емес деді. Каницарро бастаған материалист ғалымдар Авогадроның пікірін қолдады. Бұл пікірталас нәтижесінде съезде химияның іргелі ұғымдары – атом, молекула, эквивалент түсініктеріне анықтама берілді. 1960 жылы Оттава қаласында болған

Физиктердің съезінде және 1861 жылы Монреаль қаласында өткен Химиктердің халықаралық съезінде салыстырмалы атомдық массалардың бірыңғай жаңа шкаласы – атомдық массалардың көміртектік шкаласы қабылданды



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Химия ғылымы дамуына Джон Дальтон қандай үлес қосты?

  2. Джон Дальтонның қандай еңбегін білесің?

  3. Алғашқы атомдық салмақтар кестесін жасаған кім?

  4. Джон Дальтонның атомдық теориясының негізгі қағидалары?

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Соловьев Ю. И. История химии.– М.: Просвещение, 1983, 1976.

ІІ- бөлім, VІІ – тарау, 122 беттер.

2. Фигуровский Н.А. История химии.– М.: Просвещение, 1979.

VІІІ –тарау, 76- 81 беттер.

3. Азимов А. Краткая история химии. Москва «Мир», 1983.

V – тарау, 55 - 57 беттер.

Дәріс № 7

Тақырып: И.Я. Берцеллиус және химиялық атомистиканың дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар:

И.Я. Берцеллиустың атомистиканың негізгі қағидалары.



Дәріс мақсаты: Химиялық символика атомдық салмақтар есептеу, үлгілерімен,

электрохимиялық теориясымен танысу.



Тірек сөздер: Дуализм, И.Я. Берцеллиус.

Дәрістің мазмұны:

Я.Берцеллиус атомдардың бір-бірімен қосылу себебін түсіндіру үшін электрохимиялық теория ұсынды. Бұл теория бойынша кейбір атомдардың оң зарядты полюсі, екіншілердің теріс полюсі бар. Қарама-қарсы полюстегі атомдар бір-біріне тартылып, химялық қосылыс береді. Полюсі бірдей атомдар бір-бірінен тебіледі, яғни бір элемент атомдары өзара біріге алмайды. Осы көзқарасқа сәйкес сутегі, оттегі, азот т.б. газдар бір атомнан тұрады, судың түзілуін былай түсіндіреді.


Н + О = Н О

1 көлем 1 көлем 1 көлем

Алайда француз химигі Гей-Люссак тәжірибелерінің нәтижесі бұл пікірге қайшы келді.

Сутегі мен оттегінің қоспасы эвдиометрде қопарылғанда сутегінің екі көлемі мен оттегінің бір көлемі қосылып, екі көлем су буы алынады.

Гей-Люссак тәжірибелерінің мәнісін итальян ғалымы А.Авагадро түсіндіреді.Ол 1811 жылы химияға молекула түсінігін қайта енгізді. Авагадро гипотезасы (ғылыми жорамалы) бойынша заттар молекуладан тұрады.Молекула атомдардан түзіледі. Сутегі, оттегі, азот тәрізді жай заттардың молекуласы екі атомнан тұрады. Бірдей жағдайда газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады. Молекулалық гипотеза су буының түзілуін оңай түсіндірді.
2 Н2 + О2 → 2 Н2О

2 көлем 1 көлем 2 көлем

Авагадро гипотезасы газдар арасындағы реакцияны зеттеуден тапқан Гей-Люссактың көлем қатынас заңының мәнін толық ашып берді.Дегенмен, бұл гипотеза дер кезінде ғылымға енбей, атом-молекулалық ілім 50 жыл адасып жүрді.Бұған себеп Берцеллиустың Электрохимиялық теориясының қайшы келуі.Якоб Берцеллиус (1779-1848) өз тұсындағы ең көрнекті ғалымдардың бірі.Ол сандық және сапалқы анализді жетілдіріп, церий (1803), селен (1817), кремний (1824), цирконий (1824), тантал, ванадий (1830) элементтерін ашты. Берцеллиус жасаған таңбаларды пайдаланып, химиялық формулаларды жазды. Я.Берцеллиус оксидтерде оттегі саны бірдей болу керек деп, металлдар оксидтерінің құрамын бірдей формулалармен белгілеуді ұсынды.
NaO2, CaO2, AgO2.

Атом, атомдық салмақ, эквивалент, молекула түсініктерін әркім өзінше ұғынды, өзінше пайдаланды. Сондықтан химия кітаптарында ең жиі кездесетін зат судың формуласы төрт түрлі жазылып жүрді: Н2О, НО, Н4О2, Н2О2. Сірке қышқылының құрамы да төрт формуламен С4Н4О4, С8Н8О4 , С2Н4О2, С2Н4О кескінделді. Мұның қайсысы дұрыс екенін ешкім айта алмады.Берцеллиус екі элементтен түзілген қосылысты бірінші реттік, ал олардың қосылуынан алынған затты екінші реттік деп атады.

Бірінші реттік қосылыс формуласын жазғанда атомдардың алдына қосу белгісін қойды, ал атом санын таңба алдына цифрмен белгіледі:

2С + 2О

Кейін қосу таңбасын алып тастап, атом санын таңбаның үстінгі оң жағына қойды СО2

1834 жылы Ю.Либих атом санының таңбасының астыңғы оң жағына қоюды ұсынды:

CO2

Берцеллиустың келесі көзқарасы әр қосылыс қарама қарсы зарядталған екі бөліктен тұратыны жайлы дуалистік системасына негізделген.

Сондықтан 1813 жылы швед ғалымы Якоб Берцеллиус (1779 -1848) дөңгелектер орнына әріптен құралған химиялық таңбалар ұсынды. Бұл таңбалар элементтің латынша атының бір немесе екі әріптен тұрады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. И.Я. Берцеллиус химиялық элементті таңбалау символы ретінде нені қабылдады?

  2. И.Я. Берцеллиус күрделі зат құрамын қалай белгіледі?

  3. И.Я. Берцеллиус атомистикасының негізгі қағидаларын ата.

  4. И.Я. Берцеллиустың электрохимиялық теориясын қалай түсінесің?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет