1. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері.
Алматы, 2004, , ІІ бөлім, ХІ - тарау, 140-143 беттер.
4-5 жұма
Тақырыбы: Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру. Мақсаты: Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру формаларымен таныстырып, тапсырмалар дайындау.
Өткізу формасы: Әңгімелесу, студенттердің жеке жұмыстары.
Тапсырма 1
Сұрақтарға жауап даярла:
Өздік жұмыстар дегеніміз не?
Өздік жұмыстың түрлері.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.
Тапсырма 2
Периодтық заң және периодтық жүйе, атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыптары бойынша өздік жұмыс құрастыр.
Тапсырма 3
Периодтық заң және периодтық жүйе, атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыптары бойынша оқушылардың білімі мен білігін тексеру формаларын ойластыр.
а) тестілік тапсырма құр.
б) бақылау жұмысының нұсқасын даярла.
Әдістемелік нұсқау:
Жоғарыдағы көрсетілген тапсырмаларды орындап, СОӨЖ кезінде баянда. Химия мектепте журналдарынан материал қарастыр.
Достарыңызбен бөлісу: |