12-13 апта СОӨЖ Тақырыбы: Металдарды оқып- үйрену әдістемесі.
Мақсаты: Мектеп оқулықтары мен әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып, тақырып мазмұнымен оның оқыту әдістемесімен танысу.
Өткізу формасы: Әңгімелесу, сұрақ- жауап, студенттердің өздік жұмыс.
Тапсырма 1 Металдарды жүйелі түрде қарастырғанда оқушылардың 8-9 сыныптардың жеке тақырыптарында алынған қандай тірек білімі ескеріледі?
Тапсырма 2 «Металдардың периодтық жүйедегі орны, атомдарының құрылысы» тақырыбын дедуктивті әдіспен түсіндіру ретін ойластыр, сабақ фрагментін көрсету.
Тапсырма 3 Металдардың физикалық қасиетін түсіндіру ретін баянда.
Тапсырма 4 Металдардың химиялық қасиеттері дедукциялық тәсілмен түсіндір.
а) металдардың бейметалдармен әрекеттесуі.
ә) металдардың сумен әрекеттесуі.
б) металдардың тұздармен әрекеттесуі.
Әр қасиетті нақтылайтын зертханалық және көрнекі көрсететін тәжірибелерді анықта.
Тапсырма 5 Негізгі және қосымша топша металдардың оқыту әдістемесі.
Тапсырма 6 Сабақтардың үзіндісіне конспект жасап, сабақ өткіз.