Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы


Дәрістің мазмұны: Сөз көрнекілік әдістер



бет45/142
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#30632
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142

Дәрістің мазмұны:

  1. Сөз көрнекілік әдістер.


  2. Сөз көрнекі – сарамандық әдістер.

Тірек сөздер: көрнекі құралдар, демонстрациялық эксперимент, оқушы эксперименті, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер.
Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау.
Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:

  1. Заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар);

  2. Көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер);

  3. Бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильдер);

  4. Графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар);

  5. Символикалық көрнекі құралдар.

Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер – көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөзәдістері деп аталады.
Сөз – көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті). Ол: 1) оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделілігі; 3) эксперимент «қауіпті» болғанда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады.
Оқу-тәрбиелк міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай талаптар қойылады:

  1. Көрнекілік – көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде және үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жарық, экран – кодоскоп қолданылады.

  2. Қарапайымдылық – тәжірибе жасалатын құралдардың құрылысы күрделі болмағаны жөн, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты бақылауға кедергі жасайды.

  3. Қауіпсіздік – көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс беретін тәжірибелерді алдын-ала дайындауға, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек.

  4. Сенімділік – тәжірибе міндетті түрде шығуы тиіс. Күмәнді болған жағдайда мұғалім алдын – ала ескертуі керек.

  5. Түсіндіру – көрнекі көрсетуді түсіндіру көрнекілікті сөзбен ұштастыру әдістері тұрғысынан шешіледі, ол көрнекі түсіндіру немесе зерттеу сипаты болуы мүмкін.

Осы талаптарға сәйкес тәжірибелерді көрнекі көрсетудің методикасы.

  1. Тәжірибенің мақсатын хабарлау (немесе мәселе қою). Оқушылар тәжірибенің не үшін қойылатынын, нәтижесінде неге көзі жететінін анық түсінуі керек.

  2. Құралды сипаттау, тәжірибенің жағдайлары, заттардың сипаттамалары.

  3. Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру. Мұғалім нені қалай бақылау керегін түсіндіреді, реакцияның белгілеріне көңіл аударады.

  4. Қорытынды және теориялық негіздеу.

Көрнекі көрсету тәжірибені білім, тәрбие беру және дамыту қызметін сөзбен ұштастырылу тәсіліне тікелей байланысты оның 4 түрлі болуы мүмкін:

  1. Білімнің көзі тәжірибе, мұғалімнің сөзі оқушылардың өздігінен бақылауын бағыттайды;

  2. Екінші жағдайда да білім тәжірибеден алынады, мұғалім құбылыстың тікелей бақыланбайтын жақтарын түсіндіреді, ол үшін оқушылардың бұрыннан бар білімін ескереді;

  3. Сурет бойынша түсіндіру әдісі. Мұғалім алдымен сөзбен түсіндіріп, растау үшін тәжірибе көрсетеді.

  4. Сурет бойынша түсіндіру әдісінің екінші жағдайында мұғалім көрнекі көрсету арқылы түсіндіріп, құбылысты оқушыларға белгілі теория тұрғысынан сипаттайды.

Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Бұған негізінен оқушылар сынақ тәжірибесі, зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, сан есептері мен жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау жатады. Мұның бәрі – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
Сынақ тәжірибе оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, ол оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге, алған білімді іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді.
Көпшілік жағдайда оқушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне үйене отырып, заттарды бірінен – бірін ажырату, қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Орта мектепте химиялық сынақ тәжірибенің төрт түрін қолданады: бұлардың әрқайсысының өзінше жеке методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар:

  1. Көрсетілім тәжірибелер

  2. Зертханалық тәжірибелер

  3. Сарамандық сабақтар

  4. Аралас типті сынақ тәжірибелер (сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу т.б.)

Мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақыланған тәжірибені мұғалім істегендей етіп орындауға тырысады. Міне, сондықтан қандай сынақ тәжірибе түрі болса да, барлық жағдайда алдымен көрсетілімді тәжірибелер көрсеткен тиімдірек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге қажетті кейбір жұмыс әдістерін үйренеді. Бұдан курстың барлық тарауларында көрсетілімді тәжірибелер көрсетіп, зертхана және сарамандық жұмыстарды бастаған жөн деген ой тумаса керек. Жеңіл тәжірибелерді оқушылар алдын ала көрсетілімді тәжірибелерсіз – ақ қиналмай орындайды.
Тәжірибелерді қалай болса солай, олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, онда олар зертханалық тәжірибелерге, сарамандық сабақтарға немқұрайлы қарайды, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сақтық шараларын бұзуға мәжбүр етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет