Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет37/38
Дата01.06.2017
өлшемі1,96 Mb.
#17427
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Әдебиет:


1. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері.

Алматы, 2004, , ІІ бөлім, ХІ - тарау, 140-143 беттер.


4-5 жұма

Тақырыбы: Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру.

Мақсаты: Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру формаларымен таныстырып, тапсырмалар дайындау.


Өткізу формасы: Әңгімелесу, студенттердің жеке жұмыстары.

Тапсырма 1

Сұрақтарға жауап даярла:



  1. Өздік жұмыстар дегеніміз не?

  2. Өздік жұмыстың түрлері.

  3. Өздік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі.

Тапсырма 2

Периодтық заң және периодтық жүйе, атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыптары бойынша өздік жұмыс құрастыр.



Тапсырма 3

Периодтық заң және периодтық жүйе, атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыптары бойынша оқушылардың білімі мен білігін тексеру формаларын ойластыр.

а) тестілік тапсырма құр.

б) бақылау жұмысының нұсқасын даярла.


Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыдағы көрсетілген тапсырмаларды орындап, СОӨЖ кезінде баянда. Химия мектепте журналдарынан материал қарастыр.


Әдебиет:


1. 8- сынып. Әдістемелік нұсқау. 132-135 беттер.

6-7 жұма

Тақырыбы: «Галогендер» топшасын оқып- үйрену әдістемесі.

Мақсаты: Периодтық заң және периодтық жүйе өтілгеннен кейінгі элементтерді оқыту жоспарымен

таныстыру.



Өткізу формасы: Әңгімелесу, студенттердің жеке жұмыстары.
Тапсырма 1

Периодтық заң және периодтық жүйе өтілгеннен кейін элементтерді және олардың қосылыстарын оқып- үйрену жоспары.



Тапсырма 2

Галогендердің салыстырмалы сипаттамаларын мына үлгі бойынша кесте түрінде жазыңдар:

1) терісэлектрлігінің кемуіс бойынша химиялық таңбалары (F. CI B. I).

2) салыстырмалы атомдық массалары,

3) атом құрылысының электрондық және графикалық формулалары,

4) атом құрылысындағы

а) ұқсастықтары

ә) айырмашылықтары

5) жай заттарының электрондық формулалары және химиялық байланыстарының түрі

6) кристалл торының түрі

7) агрегаттық күйі.

Тапсырма 3

Галогендердің сутектік қосылыстарын сипаттайтын кесте толтырыңдар:

1) химиялық формуласы

2) электрондық формуласы

3) химиялық байланыстың түрі

4) тұрақтылығы

5) кристалл торының түрі

Тапсырма 4

Галогендердің химиялық қасиеттерін талдағанда, жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес тотығу- тотықсыздану реакцияларының электрондық табиғаты жөнінде алғашқы түсінік беріп, электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.



Тапсырма 5

Жалпы заңдылықтар тұрғысынан басқа галогендермен салыстыра отырып, хлор атомының және молекуласының құрылысы, алынуы, жай және күрделі заттармен әрекеттесуін талқылаңдар.



Тапсырма 6

1) Химиялық теңдеулер бойынша газдардың көлем қатынастарын табу,

2) реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың берілген мөлшері бойынша көлемін табу,

3) газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу. Бұл есептеулер химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары жөніндегі оқушылардың білімін кеңейтеді.


Әдістемелік нұсқау:

Тапсырмаларға орындап, әңгімелесуге даярлан, өз ойыңды қос.


Әдебиет:


1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХVІІ - тарау,

243-246 беттер.

2. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ХVІІ - тарау,

275-278 беттер.


8-9 жұма

СОӨЖ

Тақырыбы: «Электролиттік диссоциация теориясы»

Мақсаты: Электролиттік диссоциация теориясымен танысу.

Өткізу формасы: Әңгімелесу, өздік жұмыс.

Тапсырма 1

Мына сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан.



  1. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар, негіздер және тұздар туралы білімінің дамуы.

  2. Ион алмасу реакцияларын қалай түсіндіруге болады?

  3. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың химиялық қасиетерін түсіндір.

  4. Электролиттік диссоциация теориясы туралы білімнің дамуы.

Тапсырма 2

9- сынып оқулығы бойынша жоғарыдағы тақырыптарға сәйкес жаттығуларды орында.



Тапсырма 3

«Тұздар гидролизі» туралы түсінік. 9- сынып оқулығы бойынша жоғарыдағы тақырыптарға сәйкес жаттығуларды орында.

9- сынып оқулығы бойынша 31- беттегі жаттығуларды орында.

Тапсырма 4

«Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбы бойынша бақылау жұмысын өткізу үлгісімен таныс.


Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыдағы тапсырмаларды орында, СОӨЖ кезінде баянда.



Әдебиет:

1. 9- сынып оқулығы .

2. « Химия мектепте» журналдары.
10-11 жұма

СОӨЖ

Тақырыбы: Бейметалдарды оқыту әдістемесімен танысу.

Мақсаты: Бейметалдарды оқыту үлгісімен, жоспарымен танысу.

Өткізу формасы: Әңгімелесу, сұрақ- жауап, студенттердің өздік жұмыс.

Тапсырма 1

1. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, оқулығындағы №13 сабақ үлгісімен танысып, өткізуге даярлан.



Тапсырма 2

1. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, оқулығындағы №14 сабақ үлгісімен танысып, өткізуге даярлан.



Тапсырма 3

1. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004, оқулығы 44- беттегі «Маңызды бейметалдар және олардың қосылыстары» тақырыпты оқып талда, әңгімелесуге әзірлен.ндағы №14 сабақ үлгісімен танысып, өткізуге даярлан.



Тапсырма 4

Осы оқулық бойынша 15-31 сабақтар мазмұнымен таныс.



Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыдағы тапсырмаларды орында, СОӨЖ кезінде баянда. Сабақтарды өткізуге даярлан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет