Жаратылыстану сабақ


топ. Ізгілендіру мен дамыта оқыту технологиясының ұқсастығы мен айырмашылығы. 2 топ



бет11/16
Дата29.08.2023
өлшемі138,78 Kb.
#179988
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Жаратылыстану сабақ

1 топ. Ізгілендіру мен дамыта оқыту технологиясының ұқсастығы мен айырмашылығы.
2 топ. Мәселелік пен ақпараттық технологиясының ұқсастығы мен айырмашылығы.
3 топ. Тірек белгілері мен саралап оқыту технологиясының ұқсастығы мен айырмашылығы.

IV. Жаңа материалды бекіту
(есептеу, шығару және білімді бағалау, т.б.)

  1. Жекелеген табиғат құбылыстарын қабылдау.

  1. Түсініктер.

  1. Ұғымдар.

  1. Сабақта дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.

V. Үй тапсырмасы :
1. 257 беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келу.
2. 246 - 247 беттегі тест сұрақтарына жауап беру.

Оқытушы Г. О. Жакупбекова


ӘОЖ 37.016:511-028.31
С.Н. Дәрібай
Магистрант, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін
Қазіргі таңда жаңа білім беру негізінде бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың маңызы зор. Себебі, ізденімпаз, шығармашыл жасұрпақ үшін жаратылыстану пәнінің әр тарауға бөлінген қызықты тапсырмалары мен зерттеу жұмыстары, сюжеттік ойындары оқушыларды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқу арқылы оқушылардың қоршаған орта, әлем және аспан денелері туралы білімдері молайып, өзбетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалған. Бұл мақалада төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың ерекшеліктерін ұғындыру мен оқушыларға тиімді білім беру жолдарын дамыту мәселелері қарастырылады. «Жаратылыстану» пәнін оқу барысында оқушылардың санасында осындай зерттеу дағдыларын қалыптасады: зерттеушілік, байқау, мәліметтерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру.
Төменгі сыныптарда жаратылыстану пәнiн оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы жаттығуларды өзбетінше зерттеп жасауына және жақсы нәтижеге жетуіне жетелейді, оқушының ақыл ойын дамытып, ғылым саласы мен шұғылдануына қызығушылығын арттырады. Зерттеудің мақсаты: жаратылыстану пәнінің бастауыш сынып оқушылар үшін ерекшелігін, маңыздылығын көрсету.
Кілттік сөздер: оқыту, білiм беру, ерекшеліктер, жаратылыстану пәні, оқушылар, оқыту әдістері.
Кіріспе
«Еркін еліміздің ертеңі жарқын білім мен кенен ғылымда» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, жарқын білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ қажет [1]. Оқыту үдерісінде оқушылардың пəннің бөлімдеріне қарай біліммен біліктерін саналы түрде игеруі үшін əр пəннің əдістемелік қызметін пайдалануға, жобалау, зерттеу əрекеттері тəсілдерін игеру негізінде жүйелерін, əлеуметтік мəдени кеңістікте өз орнын дұрыс таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне берілген негізгі міндеттердің бірі .Оқытудың мәні оқушылардың саналы ойлау, өзбетінше ізденістері мен мәліметтерді жүйелі меңгерту болуы керек деп оқу жүйесіне жаңа міндеттер қойылған еді. Бұл жоспардың барысында қазіргі таңда барлық бастауыш сыныптар білім алудың жаңа жүйесінде оқытылады. Жаңа оқу бағдарламасының маңызы – оқушылардың дұрыс ойлау жүйесін дамыту. Білім алушы өзінің сабақ барысында алған білім нәрін, жалпы тұрмыста, күнделікті өмірде қолдана білу қажет. Яғни, бұл бағдарлама күнделікті өмірмен сабақты байланыстырады [2].
«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – төменгі сынып оқушыларына жоғары сыныпта оқытылатын жаратылыстану ғылымы пәндеріне игеруге жетелеу, тіршілік үдерісінде көрген, білген, бақылаған құбылыстарын мен үрдістерді үйрету, меңгерту үшін үйренген білімін күнделікті өмірге пайлануға дағдыландыру. Осы бағыт негізінде білім беру оқушының қоршаған орта туралы ой-өрістерінің кеңеюіне, жаратылысты танып білуіне ықпал етіп, табиғатты қорғап жəне оны бағалай алуын септігін тигізеді [3].
«Жаратылыстану» пәнін оқыту міндеттері:
- пәннің құрамындағы деректермен білімдер негізі оқушылардың табиғат туралы және кез келген денелер мен құбылыстар бойынша негізгі білім көздерін қалыптастырады.
- пәннің оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларына: сұрақтар беру, сол сабақтарға жауаптарын іздету, зерттеу жұмыстарын жасату, сол зерттеу жұмыстарын оқушыларға талдату мен жинақтау жоспарын жасауға бағыттау.
- төменгі сыныпта оқушылар пәнді игеру кезінде бұрынғы жүйе бойынша оқушылар жоспар құрып, оны атқаруға болжам жасауға, жүйелі негіздеуге , ғылыми тұрғыда білім алып, оны дамытуға үйренеді. Оқушылар жаратылыстану пәнін оқу кезінде олардың бойында, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық және мәліметтерді жинау мен сақтауға, талдауға машықтанады.
«Жаратылыстану» пәнінiң бастауыш сыныпқа енгiзілу себептері:
-пәннің жүйесіне кіретін мәліметтермен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
- пәннің оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларына: сұрақтар беру, сол сабақтарға жауаптарын іздету, зерттеу жұмыстарын жасату, сол зерттеу жұмыстарын оқушыларға талдату мен жинақтау жоспарын жасауға бағыттау.
- төменгі сыныпта оқушылар пәнді игеру кезінде бұрынғы жүйе бойынша оқушылар жоспар құрып, оны атқаруға болжам жасауға, жүйелі негіздеуге , ғылыми тұрғыда білім алып, оны дамытуға үйренеді. Оқушылар жаратылыстану пәнін оқу кезінде олардың бойында, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық және мәліметтерді жинау мен сақтауға, талдауға машықтанады [4].
Төменгі сыныпта жаратылыстану пәні жоспары бойынша білім беру төменгі сынып оқушыларының негізгі білімқұмарлықтың артуына, жер, табиғат жүйесімен етене жақын тануға, сонымен бірге өзін қоршаған ортасының ерекшеліктерін түсініп, анықтауға, және оны аялап қорғай білуіне машықтандырады. Төменгі сыныпта жаратылыстану пәні бойынша оқытудың басты ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабiлетін арттыру. Сонымен қатар оқушының жаттығуларды өз қабілеті бойынша тұжырымдап ізденіп зерттеуіне оны дұрыс қорытуына бағыттайды және шәкірттердің ақыл ой қабілеттерін арттырып, ғылымда тың дүниелерді өмірге әкелуіне көмектеседі.
Қазақстан жолы – екі мың елу: бір мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ, атты жариялымында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Жалпы білім беру жүйесі бойынша барлық аулы, қала мектептерінің білім жүйесін жоғары дәрежеге жеткізуміз керек. Олардың алған білімдерінің нәтижесі сабақ соңында өз білімін бағалау, сын тұрғысынан ойлау және жүйелі ізденіс болу керектігін, атап өткен [5]. Бұл мәселелердің мәні бойынша барлық білім алушы сыныптар оқытудың жаңа жүесіне көшіп, білім алып жатыр. Оқыту үдерісінде оқушылардың пəннің бөлімдеріне қарай біліммен біліктерін саналы түрде игеруі үшін əр пəннің əдістемелік қызметін пайдалануға, жобалау, зерттеу əрекеттері тəсілдерін игеру негізінде жүйелерін, əлеуметтік мəдени кеңістікте өз орнын дұрыс таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне берілген негізгі міндеттердің бірі .Оқытудың мәні оқушылардың саналы ойлау, өзбетінше ізденістері мен мәліметтерді жүйелі меңгерту болуы керек деп оқу жүйесіне жаңа міндеттер қойылған еді. Бұл жоспардың барысында қазіргі таңда барлық бастауыш сыныптар білім алудың жаңа жүйесінде оқытылады. Жаңа оқу бағдарламасының маңызы – оқушылардың дұрыс ойлау жүйесін дамыту. Білім алушы өзінің сабақ барысында алған білім нәрін, жалпы тұрмыста, күнделікті өмірде қолдана білу қажет. Яғни, бұл бағдарлама күнделікті өмірмен сабақты байланыстырады [6].
Төменгі мектепке жаратылыстану пәнін ендірту бірден жүзеге аса салған пән емес. Жаратылыстану оқу пәні бағдарламасы негізінде қабылданып, оқу үдерісіне енгізілген. Қорытындысында мектептегі жаратылыстану ғылымдары негізінде жүйелі түрде білім беруге мүмкіндік жасалуда. Жаратылыстану оқу ғылымдары негізінде тоқтаусыз білім берудің қажеттілігі тіршілік, жаратылысқа деген оң көзқараспен оны ұғып білуге деген ізденіс сонау заманнан-ақ адамзатты қызықтырды, оны зерттеуге мәжбүрледі. Осының негізінде, табиғат әлемін зерттеумен айналысатын ғалымдардың құрамы ретінде жаратылыстану ғылымы өмірге келді. Ол тіршілік негіздерімен құбылыстарын,
микродүниеден бастап, ғарыштық жүйеге дейін барлық табиғи нысандарды дүниенің жалпы құрылымымен қасиетін, тірі табиғатты және біз өмір сүретін – ортаны, сонымен бірге, біздің ғаламшарымыздан жырақ нысандарды аңғаруды зерттейді.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде алдымен біз философиядан бұрын табиғат туралы ғылымды білуіміз керекпіз, себебі: бұл ғылым адамзатқа тым жақын әрі мәндері анық және оларға түсініктi ғылым саласы» деп пікір білдіреді [7]. Яғни табиғаттың адамзат үшін орны ерекше. Жаратылыстану құбылыстары туралы білім беру оқушыларға қа кезеңде де болсын , қай мезгілде болсын кең далада жайылып өскен қазақ ұрпағы үшін өте маңызды. Сондай-ақ, «Жаратылыстану» пәні арқылы, біз алдымен, төменгі сынып оқушыларының туа бітті білімқұмарлығының шындалып өсуіне ықпал жасаймыз, және де қоршаған ғаламшар, кеңістік боынша ақыл олауын дамытамыз.Келесі олардың ілім-білімді зерттеп қабылдауын, өздігінше топшалауын қалыптастырамыз.Соымен бірге, табиғатты аялап, қорғап, қадірлеуіне үйретеміз [8].
«Жаратылыстану» пәнінің оқу мақсаты – төменгі сынып оқушыларына жоғары сыныпта оқытылатын жаратылыстану ғылымы пәндеріне игеруге жетелеу, тіршілік үдерісінде көрген, білген, бақылаған құбылыстарын мен үрдістерді үйрету, меңгерту үшін үйренген білімін күнделікті өмірге пайлануға дағдыландыру. Осы бағыт негізінде білім беру оқушының қоршаған орта туралы ой-өрістерінің кеңеюіне, жаратылысты танып білуіне ықпал етіп, табиғатты қорғап жəне оны бағалай алуын септігін тигізеді. Жаратылыстану пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушiлік, шығармашылық қабілеттерін, мүмкіншіліктерін дамытуға бағытталады [9].
«Жаратылыстану» пән мазмұнын оқыту міндеттері:
-пәннің мазмұнындағы мәліметтер мен білімдер негізі оқушылардың табиғат, қоршаған дүние негізінде басқа денелер мен құбылыстар туралы түпкі білім көзін қалыптастырады.
- пәннің оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларына: сұрақтар беру, сол сабақтарға жауаптарын іздету, зерттеу жұмыстарын жасату, сол зерттеу жұмыстарын оқушыларға талдату мен жинақтау жоспарын жасауға бағыттау.
- төменгі сыныпта оқушылар пәнді игеру кезінде бұрынғы жүйе бойынша оқушылар жоспар құрып, оны атқаруға болжам жасауға, жүйелі негіздеуге , ғылыми тұрғыда білім алып, оны дамытуға үйренеді. Оқушылар жаратылыстану пәнін оқу кезінде оладың бойында, ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық және мәліметтерді жинау мен сақтауға, талдауға машықтанады [10].
Әдістеме. Жаратылыстану пәнін оқыту барысында , оқыту үдерісін тәжірибе жұмыстарымен байланыстыра оқыту кезінде баланың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақта жеке және топтық жұмыс кезінде олардың қабілеттерін дамытуғы ықпал жасап, оқушының эмоционалды жағдайына жағымды әсерін тигізуі керек. Бұл орта оқушыларға қауіпсіз, мазмұнды, оқушының жас ерешелігіне сай, өзгермелі және қол жетімді болуы керектігін естен шығармаған жөн. Бастауш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, қызығушылығы үнемі ауысып отырады. Сондықтан сыныптағы ахуал оқушылардың психологиясына оң әсер тигізуі керек.
Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқыту барысында оқушыларға тақырыпты дайын күйінде ұсына салмай, керісінше оқушылардың тақырыпты өзі тауып ашуына жағдай жасау керек. Мысалы, біз бүгін «Су және оның қасиеттері» тақырыбын өтетін болсақ, оқушыларға осы тақырыпқа қатысты сұрақтар қою және интерактивті тақта арқылы сурет, қызықты бейнероликтер көрсету арқылы оқушылардың өздеріне тақырыпты тапқызамыз. Яғни, миға шабуыл, сын тұрғысынан ойлану әдістерін қолданамыз.Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқулықтағы тапсырмалармен қатар қосымша сюжеттегі, кеспе қағаздағы тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды топтық, жұптық болып бөлініп, ұжымдасқан түрде орындайды. Сабақ ортасында Судың қасиеттері бойынша оқушыларға тәжірибе әдісін қолдандыру арқылы оқушылардың өздеріне зерттеу жұмыстарын жасатамыз. Зерттеу жүргізу барысында оқушы судың бір қалыптан екінші қалыпқа өтіп жатқанын бақылайды, яғни бақылау әдісін қолданады.Зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушылар судың үш түрлі (сұйық, қатты, бу)
күйінде болатынын тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдейді. Сабақ соңында оқушы өз іс әрекеттеріне талдау жасап, өзін-өзі бағалайды және бүгінгі тақырыпты кері байланыс жасау арқылы қорытындылайды. Сонымен қатар алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады. Зерттеу жұмысын өзі жасау арқылы оқушы бүгінгі тақырыпты Блум таксаномиясының алты қадамы деңгейлерінде толық ұғына алады.
Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бойынша бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың маңызы зор. Өйткені, ізденімпаз, шығармашыл жасұрпақ үшін жаратылыстану пәнінің әр тарауға бөлінген қызықты тапсырмалары мен зерттеу жұмыстары, сюжеттік ойындары оқушыларды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқу арқылы оқушылардың қоршаған орта, әлем және аспан денелері туралы білімдері молайып, өзбетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалған. Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Жаратылыстану пәнін оқу барысында оқушылардың санасында осындай зерттеу дағдыларын қалыптасады: зерттеушілік, байқау, мәліметтерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру.
Төменгі сыныптарда жаратылыстану пәнiн оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы жаттығуларды өзбетінше зерттеп жасауына және жақсы нәтижеге жетуіне жетелейді, оқушының ақыл ойын дамытып, ғылым саласы мен шұғылдануына қызығушылығын арттырады. Мысалы, оқулықтағы тапсырма бойынша оқушы кез келген дәнді дақылды ыдысқа отырғызып, оған күтім жасап өсіру, оған қажетті су мөлшерін құйып отыру арқылы бірнеше уақыт бойы бақылайды. Тапсырма оқушылардың өздеріне орындатқызылады. Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі сонда, оқушылардың өздеріне тәжірибе жұмыстарн жасатуы, сол арқылы оқушының тақырыпты тереңірек түсініп ұғынуында. Сол тақырыпқа қатысты оқушыға ынталандырушы сұрақтар қою және сол сұрақтардың толық жауаптың болуын күту.
Оқулығымыздағы ізден бөлімінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға бағытталған мәселелік жеңіл және күрделі сұрақтар берілген. Мысалы, Тіршілік иелерінің өмір сүруі үшін су қаншалықты қажет?, Сен суды жиі тұтынасың ба?, Судың қандай қасиеттерін білесің?, Гүл сусыз өмір сүре алады ма?, Табиғатта су болмаса не болады? деген, осындай оқушыларды ынталандырушы сұрақтар берілген. Шәкірттер үлгі бойынша мұғалім көрсеткен бір бағытпен қалмай қосымша өзбетінше ізденіп, мәселені өздігінше шеше білу қажет.Қажетті іс әрекеттерді, әдістерді қолданып, тұжырым жасайды.Осының негізінде білім беру процесі жүріп отырады. Оқушылардың өзбетінше топшалауы мен пайымдауы қалыптасып, жүзеге асады. Олар қажетті деректерді дұрыс зерделеуге және өз ойын айқын жеткізе білуге қалыптасады.
Жаратылыстану туралы бiлiм, білік, дағды жоспарлау төменгі мектепте дүниені тану пәні арқылы жүзеге асырылады. Пәннің жоғары мәнге ие болуы оның түрлі жаратылыстану пәндерінің негізі болуына орай сол пәндер негізінде түпкі білім көздерін қалыптастырады. Бала өмірге келгеннен кейін өзін қоршаған барлық әлемді, дүниені тануға тырысады. Төменгі сынып оқушысы – шығармашыл, ізденуші, зерттеуші. Сол себепті бұл пәнді оқыту бойынша оқушы тұлғасын тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қаралады. Кез келген ғылым бөлімдері секілді жаратылыстану құрамындағы пәндер бойынша оқушының ғылыми дүниетанымын дамытып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық саналы тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыға берілетін әдістемелік білім мен сипатталып, ғылыми ұғымдар мен дәлелдерді молынан қолдандыруға үйретеді.
Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінен жалпы оқу жүктемесі төмендегі кесте 1-де көрсетілген.
Кесте 1 - Жаратылыстану пәнінен оқу жүктемесі
Жалпы сыныптар Апта бойынша оқу жүктемесі Жылдық сағаттар саны
1 сынып 1 сағат 33
2 сынып 1 сағат 34
3 сынып 2 сағат 68
4 сынып 2 сағат 68
Кесте 1-де оқу бағдарламасы негізінде бастауыш сынып жаратылыстану пәнінен оқу жүктемесі берілген. Осы жүктеме мерзімдері бойынша әр сыныпқа әр түрлі уақыт берілген. Әр сыныптың жүктемесінің түрлі болуы, алдымен оқушының жасы, деңгейіне, тақырыптар мен тапсырмалардың күрделілігіне қарай беріледі.
Қоршаған орта негізінде білім беру оқушының ақыл ойында ғаламшар әлем бейнелерін қиялдап көрсетуге, оны зерттеуге ықпал жасайды. Табиғат адамзатты барлық жағынан молайтады, сонымен қатар топтық, жұптық әерекеттер жасау оларды бірге бірлікте жұмыс жасай отырып мақсатқа жетуге ұмтылдырады. Керемет көріністің бәрі тек табиғатта болатыны белгілі, ал біз мұғалімдер сол әсемділікті оқуышларға көрсете білуіміз керек, аялай білулеріне және оны байқағандарын пайдалана білуге машықтандыру болып табылады. Шәкірттерді табиғаттың әсем құбылыстарын байқау білуге үйрету күрделі процес. Оқушыны он байқау үшін алдымен танып білу қажет. Жетекшінің бағыт бағдарынсыз оқушладың өзбетінше қол жеткізуі мүмкін емес. Бұл тұрғысынан да жетекші де жұмыс жасай білу керек.
Жаратылыстану жөнінде білім беру оқушылар санасында ғылыми әлем бейнесін қалыптастыруда маңызы зор. Себебі, табиғат адамды рухани байытады, сонымен қарым–қатынас жасау адамдардың жоғары құндылықтарын, қасиеттерінің қалыптасуына жағдай туғызады. Шынайы сұлулық табиғат бөліктерінде болатыны бізге мәлім, ал мұғалімнің құзыреті оны оқушыларға оларды көре білуге, оны бағалай білуге және көрген білгендерін пайдалана білуге үйрету болып табылады. Сондықтан табиғат бөліктерін зерттегенде қалыптастырылатын мәліметтермен ұғымдардың мазмұнына кірууге қажетті эстетикалық белгілерді ашып көрсете білу керек. Оқушыларды табиғаттың көркем бейнесін көре білуге үйрету – күрделі процесс. Жетекшінің бағыттаушы және басқарушы рөлінсіз бұл іс-әрекетте табысқа жету жолы мүмкін емес. Сол себепті мұғалімнің өзінің әсемдікті қабылдауға дайындығы болуы тиіс. Сонымен бірге бұл жұмысты табиғатта көргенді сөзбен айтып жаттығудан бастау керек . Табиғаттың әсемдігін сонымен тікелей қарым – қатынас жасағанда ғана ашуға болады. Барлық бастауыш сыныптарында бағдарламалар бойынша табиғатқа экскурсия жасау қарастырылған. Экскурсия барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге мол қажеттіліктер туады. Эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жұмыстар сабақта, әсіресе тәжірибелік сабақтарда жалғасын таба түседі. Қандай болмасын бір затты қалыптастыруда міндетті түрде оның эстетикалық жағын баса көрсету керек. Жаратылыстануды оқытуда пайдаланылатын көрнекі құралдар да оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту құралдары болып табылады. Оқушыларға қызықтыра отырып, көрсете отырып берілген біліммен оқушылардың санасында жақсы қалыптасып, іскерлік дағдысының қалыптасуына септігін тигізеді. Сонымен бірге білім берумен іскерлік дағдысының қалыптасуы – функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың негізі болып табылады.
Кез келген төменгі сыныптардағы оқу бағдарламалары бойынша қоршаған ортаға саяхат жасау яғни, экскурсияға арналған. Табиғатқа саяхат негізінде оқушыларға әсемдік тәрбие беруге үлкен мүмкіндіктер туады. Әсемдік тәрбие беру бойынша көптеген тапсырмалар сабақ барысында, әсіресе заттық сабақтарда жалғаса түседі. Кез келген дүниені таныр алдын оның көркемдік болмысын бір ұғымды қалыптастырудағы міндетіне үлкен мән беріледі. Жаратылыстануды оқыту барысында қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар да оқушылардың көркемдік сезімін арттыру құралдары болып табылады. Оқушыға қызықтыра отырып және байқата отырып берілген тапсырмаларды оқушы санасында мықты бекітіп, іскерлік дағдысының қалыптасуына септігін тигізеді. Ал, білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Жаратылыстану пәнінен бөлімдер мен бөлімшелер тізімі төмендегі кесте 2-де көрсетілген.
Кесте 2 - Жаратылыстану пәні бойынша бөлімдер мен бөлімшелерге талдау жасау
№ Бөлімдері Бөлімшелері Ерекшеліктері
1 Мен зерттеушімін бөлімі 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі Бұл бөлімде оқушы зерттеуші қызметін атқарады. Қоршаған ортадағы заттарды ұсақ бөлшектерден бастап зерттеуге үйретеді. 1.2 Табиғатты тану әдістері
2 Тірі табиғат бөлімі 2.1 Өсімдіктер әлемі Бұл бөлімде оқушы өсімдіктер, жануарлар, адам тарауларымен танысып, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін анықтайды. 2.2 Жануарлар әлемі 2.3 Адам
3 Заттар және олардың қасиеттері бөлімі 3.1 Заттардың түрлері мен қасиеттері Бұл бөлімде оқушылар заттардың қасиеттерімен, судың күйлеріне мысалдар кетіре отырып, тәжірибе жасайды. Өзбетінше жұмыстар жүргізеді. 3.2 Ауа құрамы 3.3 Су қасиеттері 3.4 Табиғат ресурстары
4 Жер және ғарыш бөлімі 4.1 Жер Бұл бөлімде оқушылар аспан әлеміне саяхат жасап, аспан денелерін салыстырып, өзбетінше анықтайды. Сонымен қатар уақытты өлшеп, есептеуді үйренеді. 4.2 Ғарыш 4.3 Кеңістік және уақыт
5 Табиғат физикасы бөлімі 5.1 Күш және қозғалыс Бұл бөлімде оқушылар физика пәніне бастама ретінде жаңа ұғымдар мен танысады. Күш пен қоғалыс, тартылыс әсерлерімен танысып, тәжірибе жүзінде көз жеткізеді. Магниттік тартылыс күші бар заттардың бір-біріне қалай тартылатынын зерттейді. 5.2 Жарық 5.3 Дыбыс 5.4 Жылу 5.5 Электрлік 5.6 Магниттілік
Кесте 2-де жаратылыстану оқу бағдарламасы негізінде әр бөлімдерге бөлінген тақырыптар және бөлімшелер көрсетілген. Әр бөлімнің қызықты тақырыптары берілген және өзіне тән ерекше тапсырмаларымен тәжірибелерімен оқушының оқуға ынтасын қалыптастырады. Оқулықтағы мен зерттеушімін бөлімі, өсімдіктер бөлімі, жануарлар бөлімі, адам бөлімдері, күш пен қозғалыс бөлімі, жер және ғарыш бөлімі, табиғат физикасы сияқты оқу бөлімдерді қамтиды.
Әр жаңа тақырыптарды терең игеру үшін оқулықтың басты кейіпкерлері Негеш пен Эврика оқушыларға көмекке келеді. Негеш пен Эврика шәкірттерді ғылым әлемдеріне сілтеп, пікірлер қалдыруға, тәжірибе жұмыстарын немесе зерттеу жүргізуге, шынайы деректерді ашқызуға ұмтылдырады. Сонымен бірге әр тарау құрамында жаттығулар жасырын тесттер бойынша беріліп қайта тексеріледі. Мен зерттеушімін бөліміндегі тақырыпты өту барысында оқушылармен мектеп ауласына барып, бірнеше топқа бөлініп, кез келген кабинет өсімдіктеріне зерттеу тәжірибе жұмыстарын жүргізеді. Ал өсімдік құрамымен танысқанда жұмыртқа қалай пайда болып, өсетініне кішігірім тәжірибе жасау арқылы көз жеткізеді. Бұл үшін кез келген желім стакан мен мақта, екі-үш жұмыртқа керек. Стаканның түбіне мақта салып, мақта суланатындай етіп кішкене су құйылады. Сосын мақтаның үстіне жұмыртқаларды тізіп қойып, бетіне ауа кіретіндей етіп тесіктері бар қақпақпен жауып, жылы орынға қояды. Оқушылар бір екі тәулік бойы ол жұмыртқаның өнуін бақылап, қорытынды жасайды. Өсімдіктерге күтім жасауды аулаларда, бақшаларда және сыныптағы бөлме өсімдіктеріне жасау арқылы дағдыға айналдыруға болады.
Нәтиже. Бастауыш сыныпта Жаратылыстану пәнін оқытудың басты ерекшелігі: оқушы жатығуларды өзі ізденіп орындауына және нақты, дәлелді пікір жасауына
бағыттайды және оқушының ақыл ой қабілетін дамытып, ғылым саласымен айналысуына ықыласын туғызады. Оқушы өз бетінше тәжірибе жұмыстарын жүргізу арқылы білім қорын молайтып, жаңа нәрселерді ойлап табуына көмектеседі. Зерттеу жүргізу барысында оқушылардан сауалнама жұмыстарын алдым. Сауалнамада жалпы жаратылыстану пәні ұнайды ма, пәнге деген қызығушылығын, ол пәнді оқытудың қажеттілігі туралы 10 сұрақтан тұратын сауалнама жұмыстарын алдым. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі жаратылыстану пәніне деген қызығушылығының жоғары екенін, өз бетінше тәжірибе, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, табиғат құбылыстары тақырыптары қызықтыратын көрсетті.
Төменгі сыныпта жаратылыстану пәнін оқу барысында оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, керісінше оқушылардың өздері ізденіп, тақырыпты ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасалу қажет.Сол сәтте ғана оқушы тақырыпты тереңдей түсініп, ұққын білімін келешекте қолдана алады.Нәтижесінде оқушы жаратылыстану пәні бойынша қоршаған орта, аспан денелері туралы алған білімін өмірде қолданып, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізіп зерттеуші бола алады. Бұл оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Қорытынды. Қазіргі уақытта оқушыларды білім мен ғылымның, мәдениеттің кез келген бөлімдерінен мәліметтермен қамтамасыз ету негізінде бастауыш сыныптан жаратылыстану пәнін оқыту арқылы қоршаған дүниені, аспан денелерін ұғып білу тәсілдерімен окушыны ақпараттандыру арқылы оның қоғаммен дұрыс қарым - қатынасын жан - жақты дамытып, тәрбиелеудегі жаратылыстану пәнінің мүмкіндіктері анықталды. Сонымен қатар, жаратылыстану пәнінен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі іздейді, қорытындылайды, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін ұғынады және қабылдайды, топтық, жұптық тапсырмларға белсенді қатысады.
Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқытудың ерекшелігі: оқушылардың қоршаған орта, әлем туралы ой-өрісін дамыту, тәжірибе жұмыстарын жасату арқылы шығармашылық ізденіс қабілетін арттыру. Сонымен қатар оқушы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, оқушының ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Оқулықтағы «Су және оның қасиеттері» тарауында оқушыларға судың қасиеттері, көрсетілді және судың үш түрлі күйіне оқушылардың өздеріне тәжірибе жұмыстарын жасаттым.Судың қатты, сұйық, газ түрінде болатынын зерттеу жұмыстары барысында дәлелдеді. Су негізгі тіршілік көзі екенін және оны үнемдеп, қастерлеу керек екенін оқу барысында ұғынды. Зерттеу жүргізу барысында оқушылардан сауалнама жұмыстарын алдым. Сауалнамада табиғат құбылыстарын, аспан, әлем денелерін оқу және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу қаншалықты қызықтыратынын?, жалпы жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын, ол пәнді оқытудың қажеттілігі туралы жалпы 10 сұрақтан тұратын сауалнама жұмыстарын алдым.Зерттеу жұмысымның нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі жаратылыстану пәніне деген қызығушылығының жоғары екенін, өз бетінше тәжірибе, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, табиғат құбылыстары, аспан денелері тақырыптары қызықтыратын көрсетті. Соған қарай, кітаптағы жаттығулар да әр түрлі бөлімдер арқылы берілген. Әр тараудың және тақырыпшаның қызықты тапсырмалары мен ойындары, мысалдары, сұрақтары көрсетілген. Оқулықтағы Зертте бөліміндегі жаттығулар мен сұрақтар, тәжірибелік жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушылардың топ болып, жұп болып ұжымдасқан зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу машықтарын дамытуды көздейді.
Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнін оқу барысында оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай, керісінше оқушылардың өздері ізденіп, тақырыпты ашып, зерттеу, тәжірибе жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасалу қажет. Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі осында оқушының зерттеу жұмысын мұғалімнің көмегінсіз жеке өзіне жасатуы. Сонда ғана оқушы тақырыпты тереңдей түсініп, ұғынған білімін келешекте қолдана алады. Жаратылыстану пәні оқушының қоршаған орта, аспан денелері туралы алған білімін өмірде қолдануға негізделеді.
ҚМЖ «Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі»
АВТОР: BILIMGER · 28 ИЮНЯ, 2020

Пәні:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет