САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)
I. Ұйымдастыру кезеңі
|
Сабақта жоқ білімгерлерді түгендеу, сабаққа дайындап алу.
|
II. Өткен материалды қайталау
(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)
|
1. Ауызша әңгімелесу арқылы сұрақ - жауап әдісін қолдана отырып жалпылай сұрау.
|
- Үйге қандай тапсырма берілді?
|
- Оқытудың әдістері мен тәсілдері.
|
- 1 - тапсырма. Бастауыш сыныптарда жиі қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялардың сызба - нұсқасын сызыңыздар
Жауабы:
Саралап, даралап оқыту;
Ізгілендіру;
Ақпаратты оқыту;
Тірек белгілері арқылы оқыту;
Дамыта оқыту;
- Мәселелік оқыту.
|
2. Жаңа педагогикалық технологиялар мен олардың мақсатын баяндап айту.
|
Ізгілендіру (тұлғалық - гуманистік) технологиясы, негізін салушы Ш. Амонашвили.
Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне ылылық ұялату.
Мәселелік технология
Мақсаты: баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Тірек белгілері технологиясы. Негізін салушы - В. Шаталов.
Мақсаты: барлық баланы қамту, оқытуды жеңілдету.
|