Жаратылытану-математикалық бығыты бойынша 10 сыныпқа арналған информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар.
Түсінік хат жылына «Информатика» пәнінен 10-сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспары келесі құжаттарға негізделіп құралған:
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық)
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» № 130 бұйрығы;
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы;
«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы № 374 бұйрығы
2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынған.