Жарық интерференциясы. Табиғаттағы жарық интерференциясы, оның техникада қолданулуы.
Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор
Жарық интерференциясын тіпті ертеде бақылаған, бірақ оған ешбір мән берілмеген.
Бала кездеріңде сабын көпіршіктерін ұшырып ойнағаңда, сондай-ақ керосиннің не мұнайдың су бетінде қалқыған жұқа қабықшасының кемпірқосақ түсті болып құбылғанын байқалғанда интерференциялық көріністерді талай рет көрдіңдер. «Ауада шарқ ұрған сабын көпіршігі, айналадағы түрлі нәрселердің барлық, түстерімен боялып құбылады. Сабын көпіршіктері табиғаттың ең бір керемет тамаша нәрсесі» (Марк Твен). Сабын көпіршігін осындай таң қаларлық етіп отырған осы жарық интерференциясы.
Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.
Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.
Ағылшын ғалымы Томас Юнг тұңғыш рет, біреуі жұқа қабықшаның сыртқы бетінен, екіншісі ішкі бетінен шағылған 1 мен 2 толқындарды қосу арқылы, оның түстерін түсіңдіру мүмкіндігі жөнінде данышпан ойға келді. Осы толқыңдардың біреуі (1) қабықшаның сыртқы бетінен, ал екіншісі (2) ішкі бетінен шағылады.
Сонда жарық толқындарының интерференциясы – екі толқынның қосылуы пайда болады. Соның салдарынан кеңістіктің әр түрлі нүктесінде қорытқы жарық, тербелістерінің күшеюінің не бәсеңдеуінің уақыт жөнінен орнықты көрінісі байқалады. Интерференция нәтижесі (қорытқы тербелістердің күшеюі немесе бәсеңдеуі) жарықтың қабықшаға түсу бұрышына, қабықшаның қалындығына және толқынның ұзындығына тәуелді. Егер сынған 2 толқын шағылған 1 толқыннан толқындар ұзындығының бүтін санына қалып қойса, ондай жағдайда жарық күшейеді. Егер екінші толқын біріншіден толқындар ұзындығының жартысына немесе жарты толқынның тақ санына қалып қойса, онда жарық бәсендейді.
Қабықшаның сыртқы және ішкі беттерінен шағылған толқындардың когеренттігі, олардың екеуінің де бір жарық шоғының бөліктері болуымен қамтамасыз етіледі. Әрбір сәуле шығарушы атомнан шықкан толқындар цугасын қабықша екіге бөледі, содан соң осы бөліктер бірігеді де интерференцияланады.
Сондай-ақ, Юнг жарық түстеріндегі айырмашылық жарық толқын ұзындығындағы (немесе жарық толқындарының жиілігіндегі) айырмашылыққа байланысты болатынын түсінді. Әр түсті жарық шоқтарына ұзыңдығы әр түрлі толқындар сәйкес келеді. Бір-бірінен ұзындығы өзгеше болатын толқындар (түсу бұрыштары бірдей деп үйғарылады) бірін-бірі күшейтуі үшін қабықшалардың әр түрлі қалыңдығы керек. Демек, егер қабықшалардың қалындығы бірдей болмаса, онда қабықша ақ жарықпен жарықталғанда түрлі түстер шығуы тиіс.
Ньютон сақиналары. Жай интерференциялық көрініс шыны пластина мен оның үстіне қойылған сфералық беттің қисықтық радиусы үлкен жазық-дөңес линзасының арасындағы жұқа ауа қабатында шығады. Бұл интерференциялық көрініс Ньютон сақиналары деп аталған концентрлі сақиналар түрінде болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |