Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет1/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 

ЖАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СПОРТШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ МЕН МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫН 
БАСҚАРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
 
Қ.І. Адамбеков – п.ғ.д., профессор, 
К.Д. Ахинжанов – б.ғ.к., доцент, 
С.А. Солтекова – психология магистрі, оқытушы 
 
Басқара  әсер  етуді  қолданудың  алғышарттары.  Жарыс  жағдайында  жаттықтырушының  міндеті 
спортшының тиімді әрекет етуін қамтамасыз ететін қӛңіл-күйін қолдап қана қою емес, сонымен қатар 
спортшының экстремалдық жағдай кезінде туындауы мүмкін жағымсыз психикалық жағдайын жедел 
реттейтін тәсілдерді қолдануға дайын болу. 
Жарыс үдерісі кезінде спортсменнің мінез-құлқы мен әрекетін басқарудың психологиялық әдістері 
мынандай мәселелерді шешеді: 
-  Спортшының  дәл  осы  спорттық  карьерасы  кезіндегі  ең  жетекші  болып  табылатын  әлеуметтік 
құндылықтарына бағытталуы керек, мысалы, Олимпиадада сәтті ӛнер кӛрсету немесе кәсіпқой клуб-
қа мүше болу т.б.; 
-  «Ішкі дінін» қалыптастыру, мысалы ӛз күшіне, жедел әрекет ете білетініне сену және т.б.; 
-  Психологиялық  кедергілерді,  әртүрлі  қорқыныштарды,  әсіресе  нақты  бір  бақталаспен  кездесу 
кезінде пайда болатын қорқыныштарды жеңе білу; 
-  Ӛз образын қалыптастыру
-  Бақталасының образын қалыптастыру
-  Алдағы тартысты жағдайдың психологиялық моделін жасау; 
-  Жарыс басталар алдындағы әрекеттің психологиялық бағдарламасын жасау. 
Басқару  әрекетін  таңдау  кезінде  жаттықтырушы  спортшының  жоспарланған  жарыс  нәтижесіне 
жетуге деген талабының зорлығын және сол нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін бағалай білуі сияқты 
психологиялық дайындығын кӛрсететін маңызды факторды ескереді. Сондықтан да талаптың күшті-
лігі  мен  жеңіске  жету  мүмкіндігін  бағалай  білуді  реттей  отырып,  жаттықтырушы  жарыс  кезіндегі 
спортшының психологиялық жағдайын оңтайландыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет