Жарыстың өтетін орны және мерзімі



Дата12.09.2024
өлшемі23,43 Kb.
#204221
Байланысты:
Волейбол ШАРТ


Келісілді Бекітілді
Жауапты Директор
Спорт клубының жұмысы бойынша Ө.Сұлтанғазин
А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ "Сұңқар" Төлегенов.А Ахметов.Т

ЕРЕЖЕ
"Тәуелсіздіктің 31-жылдығына"
орай "Қостанай Өңірлік университеті"
Ө.Сұлтанғазин атындағы институтында"
факультет арасында өткізілетін
волейболдан жарыс

Мақсаты мен міндеттері
1. Студенттерді дене шынықтыру және спортпен үздіксіз айналысуға тарту.
2. Волейбол спорттық ойынын кеңінен насихаттау, волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Мектептің үздік командасын анықтау.
4. Салауатты өмір салтын насихаттау.
5. Оқушылардың денсаулығын нығайту
Жарыстың өтетін орны және мерзімі
Жарыс Ө.Сұлтанғазин атындағы институтынның спортзалында 25.12.2022 ж.
Сағат 11.00 де басталады.
Жарысты ұйымдастыру және басқару
Жарысты ұйымдастырушы ФКС-факультетінің студенттері.
Жарыс төмендегі төрешілер алқасының құрамымен басқарылып өткізіледі:
Жарыстың бас төрешісі: Қалдыбай.Ғ.С.
Алаңдағы төрешілер: Жабаев.Н: Жалелов.Қ.
Жақтаудағы төрешілер: Сағындық.Д:

Жарысқа қатысушылар және оларға қойылатын талаптар
1. Әр факультеттен 1 команда болуы тиіс
2. Арнайы үлгіде толтырылған өтініш
3. Дәрігердің рұқсаты
4. Командалық форма
5. Адам саны 12 ойыншыдан аспау керек
6. Ойыншылар өз факультетінің атынан ойнай алады
7. Жарыс ережелерін бұзған ойыншы жарыстан шектетіледі
Жарыстың жағдайы және өткізу ережесі
Ойын 25 ұпайға дейін болады.2 партия ұтқан команда жеңіске жетеді.
Жарыс жеңімпаздарын марапаттау
Жарыс жеңімпаздары арнайы мадақтамалармен марапатталады.
Өтініш
Жарысқа өтініш 23 желтоқсанға дейін қабылданады.Байланыс номері : 87075893618.

Жарыстың ережесін дайындаған:
Қалдыбай.Ғ.С.
Маратұлы.Қ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет