Дөңгелек саңылау мен экрандағы дифракцияны түсіндіріңіз. Рентген сәулелерінің дифракциясын және голография тәсілін түсіндіріңіз.
Кеңістіктік дифракциялық торға қатты дененің кристалдық торы мысал бола алады. Кеңістіктік тордағы дифракцияны бақылау үшін түскен жарықтың толқын ұзындығы тор периоды тұрақтысына жуық мөлшерде болу керек. Бұл шартты тек рентген сәулелері ғана қанағаттандырады. Рентген сәулелелерінің диапазоны 10 нм - 0,001 нм аралығында орналасқан. Тор түйінінде орналасқан бөлшектер когерентті түскен жарықты шашырататын реттеліп орналасқан орталықтар ролін атқарады. Фраунгофер дифракциясында бас максимумдары Лауэ шартын қанағаттандырады.
d1 (cos a - cos a 0) = n1 , d2 (cos - cos ) = n2 ,
d3(cos -cos 0) = n 3 , (1)
Мұндағы di, d2, d3 - ось координаталары бойынша тор тұрақтылары, ж/е - ось координаталары мен сәуленің таралу бағыты арасындағы бұрыш, , n2, n3 - максимумдар ретін анықтайтын бүтін сандар.
Егер кристалдық тор ортогональды болған жағдайда арасында мынадай қатынас болу керек.
cos2 + cos2 + cos2 = 1 (2)
Тор жазықтығынан шағылған рентген сәулелері дифракциясы Вульф-Брэгг формуласымен анықталады.
2d sin = m (3)
d - атомдық жазықтықтардың аралығы, m=1, 2, .. - дифракциялық максимум реті.
Бұл формуланы 1913 жылы бір-біріне тәуелсіз орыс ғалымы Г.В.Вульф ( 1863-1925) пен ағылшын ғалымдары Г.Брэгг (1862-1942) (әкесі) және Брэгг (баласы) (1890-1971) шығарған, сондықтан Брэгг-Вульф формуласы деп аталады.
Егер кристалға толқын ұзындықтары кең интервалды қамтитын рентген сәулелерінің шоғы түсетін болса, онда максимумдар Брэгг-Вульф формуласымен анықталатын белгілі түсу бұрыштарында ғана байқалады. (1)-ші формула бойынша -белгілі болса, онда d-ны анықтауға болады. Рентген сәулесі дифракция құбылысын, заттың кристалдық құрылымын зерттеу үшін қолдануға болады.
Затты рентген құрылымдық талдаудың үш әдісі бар.
1. Брэгг-Вульф әдісі – монокристалдық зат құрылымын зерттеуде қолданылады. Кристалға (1) монохромат рентген сәулелерінің шоғы (2) бағытталады. (1) формуладағы шартты қанағаттандыратын сырғу бұрышының тек дискретті мәндерінде шағылу болады. Иондаушы камера Затты рентген құрылымдық талдаудың үш әдісі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |