~ Стефан-Больцман заңы, Вин ығысу формуласын жазып түсіндіріңіз.
Стефан-Больцман заңы, абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауы оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал деп тұжырымдалады.
(2)
= 5,67 • 10-8 Втм2 • К-4 - Стефан - Больцман тұрақтысы.
Температура артқанда абсолют қара дененің сәуле шығаруы Вин зацына сәйкес қысқа толқын облысына ығысады.
(3)
м-К - Вин тұрақтысы. Электродинамика заңдары мен классикалық статистикалық физиканың тепе-теңдіктегі жүйенің еркіндік дәрежесі бойынша энергияның біркелкі таралу заңы негізінде Рэлей ж/е Джинс абсолют қара дененің сәуле шығаруын түсіндіруге тырысты.
(4)
k - Больцман тұрақтысы. Рэлей-Джинс формуласы эксперимент нәтижесіне үзын толқынды аймақта ғана сәйкес келеді. Ултракүлгін облыста абсолют қара дененің сәуле шығаруы шексіздікке ұмтылады.
Планк сол кездегі классикалық физика заңдарына сүйенбей, жаңадан кванттық гипотеза негізінде абсолют қара дененің сәуле шығару теориясын жасады.
Гипотеза бойынша тербелуші осциллятор энергиясы кез келген мәнге емес, элементар бөлікке еселі - дискретті мәнді ғана ала алады. Абсолют қара дененің сәуле шығаруының Планк формуласы:
Планк формуласы эксперимент нәтижесімен толық сәйкес келді.