Жас ерекшелігі психологиясы



бет2/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты–жөні: Доскалиева Роза Бисенқызы.
Офис: « Жалпы педагогика және информатика» кафедрасы.
Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі 4, корп.7,103 каб.
Жұмыс телефоны: 50-53-46


ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ.
Пән туралы мәлімет.Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 1 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс ) және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің аптаға бөліну кестесі:



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Кредит саны –1


Өту орны: мысалы №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:



Курс

Семес-
тр

Кре-дит саны

Дәріс-
тер

Семинар-лар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

2

4

1

15

-

15

15

45

емтихан



Кіріспе.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Психология ғылымы адам тану ғылымдары арасында жетекші орынға ие.Бұл ерекшелік қазіргі кзеңде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты.
Жалпы психология курсы бойынша адамның жалпы психологиялық заңдылықтарын танып білген болсақ,енді осы заңдылықтардың жас ерекшелігіне қарай дамып қалыптасуын жас ерекшелігі психологиясы пәні бойынша оқып білеміз.
Жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымының ХІХ ғасырда қалыптасқан салаларының бірі.Бір жағынан бөлек дифференцияланған сала болғанымен екінші жағынан басқа салаларымен байланысты интеграциясынан (бірігуінен) аралас ғылымдар шеңберінде көрнеді Жас ерекшелігі психологиясы- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы,даму барысындағы адамның психика-лық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы,бастауыш сынып оқушылары психологиясы,жеткіншектер психологиясы,жас өспірімдер психологиясы,жастық шақ кезеңі психологиясы,ересек адамдар және қарт адамдар(геронтопсихология) психологияс бөлімдері бойынша қарастырылады.Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін,жеке адамның дамуының негізгі факторларын негізгі іс-әрекет ерекшеліктерін,жас кезеңіне қарай тұлғалық қасиеттерін т.б. зерттейді.
Жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі физиологиясымен,жалпы психологиямен,педагоги-камен, философиямен,мектеп гигенасымен,тарихпен,эстетика,этика,саясат тануменмен және басқа да ғылымдардың теориялық және практикалық міндеттерімен байланысты.
Бұл курсты оқи отырып студент әрбір жас кезеңіне қарай психикалық даму заңдылықтарын және соған байланысты әрбір жас ерекшелігінің білімді игеруін,іс-әрекетін,қабілетін,қарым қатынасы мінез-құлқын,іскерлік-дағдысын,танымдық іс-әрекетін,қызығуын т.б. ерекшеліктерін танып біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет