«Брейнг-ринг» ойыны
Топ 7 (5) адамнан шағын топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында – бірінші деңгей сұрақтары, ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары. Әр бөлікке бір сұрақтан 1-ші деңгей сұрақтарына дайындықсыз жауап жауап беріледі, 2-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 3-5 мин уақыт беріледі. 3-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 7-10 мин уақыт беріледі. Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады. Ойын қорытындысы бойынша көп фишка алған топ жеңімпаз болып саналады.
Осы «Брейн-ринг» ойынын «Бюджет және бюджеттік жүйе» пәнінен «Педагогика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша төленетін төлемақы түрлері» тақырыбында да қолдануға болады.Бұл ойынның нәтижесі білім алушының білімдерін тереңдетуді, нығайтуды, пәнге деген қызығушылығын арттыруды, ойлау қабілетін жетілідіруді, өз бетімен жұмыс істеуге, іздену-зерттеу жұмыстарына үйретеді. Осылайша шәкірт ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |