Блиц оқу ойындары
Блиц оқу орындары – қысқа мерзімді шағын ойындар, олар білім алушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Блиц ойындарда білім алушыларға ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, білім алушылар оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да ойыннан кейін кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы уақытта білім алушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді.
Блиц оқу ойынның ішіндегі «Шындық детекторы» ойынның мақсаты: «Шындық детекторы» (топ басшыларына сұрақ). Бір білім алушыға 8-10 сұрақ қойылады. Белгілі бір білім алушы сұрақтардың барлығына да шынайы түрде жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады. Қалған топтар жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап, өз ұстанымдарына дәлделеп келтірілуі керек. Осы ойынды мен «маркетинг және менеджемент негіздері» пәнінен «Тауар қозғалысы мен оның мақсаты. Жарнама» тақырыбында қолданылды, ондағы мақсат білімгерлердің өзіне деген сенімділік пен өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Ойынның нәтижесінде білім алушының дұрыс емес жауап табуда әр сұраққа жауапкершілікпен қарау және де осы пәнге деген көзқарасын, өзіне деген сенмілігін, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылануын көреміз
Қорыта келгенде ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Педагог-психолог ғалымдар еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі әлеуметтану үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Назарларыңызға рахмет.....
Достарыңызбен бөлісу: |