Түзету (коррекция) –дамытушылық жұмыс
Кеңес беру
Ескерерсіз!(2-кеңес)
Сізге өз проблемаларымен, сұрақтарымен келуін күтіп бос отырмаңыз. Өзіңіз барыңыз.Диагностика жүргіздіңізбе бе, тез арада талдау жасаңыз (әрине, «Зиян келтірме» деген қағиданы ұстанып!
Егер балаға түзету, не дамыту жаттығулары қажет болса, көмегіңізді ұсыныңыз.. Егер сіздің шамаң келмейтіндей мәселе болса, соған шамасы келетін көмектесуге дайын маманды тауып көмек алуын қарастырыз.
(3-кеңес): Сіздің кабинетіңіздің есігінде (фойеде, коридорда болады) жұмыс жасау кестеңіз (график) ілініп тұрсын, онда қай уақытта не істейтініңізді (ата-анамен, балалармен , педагогтармен) түсінікті жазылсын.
(4-кеңес): фойеде немесе коридорға «Психолог бұрышын» ұйымдастырыңыз, қызықты тақырыпта стенд жасап іліңіз, онда сіздің бір айлық жоспарыңіз, ата-аналар жиналысының бос кестесі (тақырыбы, уақытын тәрбиешілер қосады): Стендіге тәрбиешілердің іс- шараларды ұйымдастыруына көмектесетін небір қызықты тестілер, сауалнамалар, «Балабақша психологы», «Қызықты психология» және т. б. сияқты журналдардан мақалалар, педагогтардың эмоцианалдық жағдайын жақсартатын көңілді әзіл-шыны аралас тестілер ілген тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |