1.4-сурет. Жүйенің күйлер кеңістігі және ауысу кестесі
Шексіз көп күйлер кеңістігі бар жүйелер болады.
Күйлер кеңістігін граф (1.4-сурет) түрінде немесе ауысу кестесі түрінде көрсетуге ыңғайлы.
Жүйенің бір күйден екінші күйге ауысуында симметриялы қасиеті болу мүмкін. Осындай жағдайда жүйе бастапқы күйге қайту мүмкін (ал компьютерлік бағдарлама – циклденіп қалады).
Мақсат – жасанды интеллект жүйесінің негізгі сипаттамасы. Жасанды интеллект жүйесінің (интеллектуалды бағдарлама) дәстүрлі бағдарламадан айырмашылығы – мақсаттылық қасиетінде. Интеллектуалды бағдарламада алгоритмы жоқ, мақсаты ғана және осы мақсатқа жету ережелері бар. Жасанды интеллект бағдарламаны - «не істеу керек» бағдарламасы деп айтуға болады, ал дәстүрлі бағдарламама – «қалай істеу керек» бағдарлама. Дәстүрлі бағдарламада мақсатқа жету алгоритмы алдымен берілген және сөзсіз орындалады, интеллектуалды бағдарламада мақсатқа жету кезінде ағымды жағдайды еске алып алгоритм құрылады.
Жасанды интеллект жүйесінде істейтің бағдарламашыға дұрыс мақсатты қойып үйрену өте маңызды.
Интеллектуалды бағдарламаларда мақсат ретінде көбінесе, жүйенің берілген күйге ауысу талаптары тапсырылады, ал тиімділік критерий ретінде
– шешімнің қадам саны. Әрине, бастапқы күйді көрсетпей мақсатқа жету көбінесе мүмкін емес (1.5-сурет).
1.5-сурет. Циклдары бар күйлер кеңістігі
Білімдер ұсыну моделі – жасанды интеллект модельдерінің негізгі типі. Нақты жүйелер бір ғана классиқалық модельге сирек негізделеді. Нақты модельдер бұл – жиірек өзіндік болжалы, шектеулері және шарттылықтары бар классиқалық модельдердің буданы. Олардың ішіндегі ең пайдалыларын эвристика деп атайды.
Заттық сала – есептерді шешу үшін жасанды интеллект теориясын қолдайтын адам қызметінің саласы. Мысалы, егер Сіз анализ арқылы ауруға диагноз қоятын сараптамалық жүйені жасасаңыз, онда Сіздің заттық салаңыз
- медицина. Егер Сіз кемелерді қақтығысудан сақтайтын интеллектуалды жүйені жасасаңыз, онда Сіздің заттық салаңыз – навигация, және т.б.
Білімдер бойынша инженердің (ЖИ бойынша маман) ең бірінші міндеті әртүрлі жағдайларды шешетін ережелерді жазу (формалдау). Сонымен бірінші кезеңде маңызды ұғымдарды (заттық саланың «аттарын») белгілеу қажет.
Екінші кезеңде берілген заттық саласы үшін маңызды «аттарын» байланыстыратын арақатынастарды және осы «аттары» тұратын күйлерді бөлу керек. Мысалы, кемелерді қақтығысудан сақтайтын жүйе үшін маңызды аттар: «су», «кеме», «қақтығысу» және басқалар. «Су» деген сөздің бірнеше күйлері болады: «биік», «тайыз», «тынық», «долы» және т.б. «Су» мен
«кеме» аттарының арасындағы қатынас «батырылу». Осы кезде түсінбеушілік болу мүмкін. «Батырылу» деген не? Ал егер кеменің ауа жастығы бар болса? Ал су астындағы қайық болса? Сондықтан осы сияқты сұрақтарға заттық мамандар жауаптарды таба алмау мүмкін. Қатынастың
«күші» туралы сұрақтар да маңызды: «қаншалыққа батырылған?», «жүзіп келе жатыр ма, әлде батып кетті?» және т.с.с. Бұл үдерісті «білімдерді табу» деп атайды.
Сонымен, білімдер бойынша инженердің негізгі міндеті - заттық саланы және бағдарламаларды жасау әдістерді анық білу емес, әмбебап
математикалық немесе айқын емес логикалық-лингвистикалық модельдерді құруда.
Заттық саласы қоятын негізгі шектеуі - бұрыңғы белгілі бір модельдің қолдауының мүмкін еместігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |