Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ОСЫЛАЙША, АНАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БАЛА



Pdf көрінісі
бет214/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ОСЫЛАЙША, АНАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БАЛА 
ДАМУЫНДА ЖЕТЕКШІ РӨЛ ОЙНАЙДЫ.
173
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


Егер бала әкесіз өссе, психосарапшылар оны балаларға 
арналған мектепке дейінгі мекемелерге апаруға кеңес 
береді, онда әкемен қарым-қатынас жетіспеушілігі 
құрдастарымен қарым-қатынас құру арқылы өтеледі: 
толық отбасынан шыққан балалар жанұясында сіңірген 
қарым-қатынасты «таратады».
Аман-сау ананың баласы да аман, дені сау – бұл заң-
дылықты бала мамандары баяғыдан-ақ байқаған. Бала 
есейген сайын оның тәрбиесі мен дамуында әкесінің 
және өзге отбасы мүшелерінің рөлі 
арта түседі, бірақ анасының орны 
негізгі болып қала береді.
Ана балаға өзінің ішкі жан-дүниесін тануға мүмкіндік бе-
реді, себебі, бала «өз-өзіне анасының көзімен қарайды», 
ал әке баланы қолына алғанда, жоғары қарай лақтырып
ойнатқанда, тысқары әлеммен таныстырады.
Әке баланы анасы көңіл бөле алмағанда жұбатады. Егер 
анасы келе алмаса, жанында әкесі болады.
Дені сау бала ашу-ызасын міндетті түрде әкесіне де, ана-
сына да бағыттайды. Егер анасын сүйетін қамқор әкесі 
болса, балаға өз ашу-ызасын даму үдерісінде еш залал-
сыз жеңуге оңайырақ болады. Баланың тіпті осындай 
«жаман» ананы да жақсы көруге болатын басынан өткен 
тәжірибесі бар. Ересек өмірде оған айналасындағылар-
мен қарым-қатынас құру оңайырақ болады, ол адамдар-
ды «мінсіз» және «жексұрын» деп бөлмейді, яғни, кемел 
тұлға болып өсіп-жетіледі.
Бірін-бірі сүйетін ата-ана қарым-қатынасын көріп өскен 
кішкентай балақай осындай қарым-қатынасты қаперінде 
сақтап, кейін ересек өмірінде қолданатын үлгі ретінде 
санасына сіңіреді. 
174


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет