25
БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
3
Бір жасқа аяқ басқанда балаға міндетті түрде текшелер,
пирамида, доптар керек болады. Бала ойыншықтары
ретінде тағы нені пайдалануға болады? Әрине,
тұрмыстық заттар! Әр үйде бар бұйымдар. Мысалы,
ойнау үшін келесілерді қолдануға болады:
пластмасса шынылар, тәрелкелер және тағы басқа
ыдыстар;
кез-келген пішінді ағаш қасықтар;
кішкентай алюминий қазандар мен олардың қақпақтары;
бос пластмасса бөтелкелер;
қақпағы бар пластмасса құтылар;
өлшемі мен бет-бедері әртүрлі қағаз;
түсі мен бет-бедері әртүрлі мата;
қақпағы бар және жоқ шағын қораптар;
жұқалтыр;
кез-келген «доптар» – теннис добынан бастап, алма, апель-
син, жіп орамдарына дейін және т.с.с.
Айналасындағының барлығы бала
үшін таңсық, ол сіз берген кез-кел-
ген затты мәз-майрам болып
зерттеуге кіріседі. Оның қолданыс
мақсаты қандай болса да бәрібір,
бала үшін бастысы – түсі, пішіні,
қолмен ұстап көру сезімі.
Бала ойыншықты өзі бөлшектеп
үйренуіне болады. Бала оның
құрамдас бөліктерін жұтып
қойматынына немесе мұрнына
тығын жібермейтініне көз жет-
кізіңіз. Ойыншықтар таза және
балалар үшін қауіпсіз болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: