27
БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
3
БАЛА ҚОЛДАРЫН, ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСТІГІН
ҚАЛАЙ ДАМЫТУ КЕРЕК?
Үш айлық балаға ілініп тұрған ойыншықтарға қолын
соза алайтындай мүмкіндік жасау қажет. Алдымен ол
олармен кездейсоқ соқтығысып қалатын болады, ал
кейін оларды қармап алуды үйренеді. 5 ай толғанда
бала ілініп тұрған ойыншыққа қолы жетіп, оны қармап,
ұстап тұра алады. Мұндай әрекеттер қимыл үйлесімділі-
гін, қол икемділігін, көз мөлшерін жақсы дамытады.
Баланы ойыншықтарды сіздің қолыңыздан алуға итер-
мелеңіз, алып жатқанда дұрыс қармағанына мән беріңіз.
Сәбиіңіз жылдам өседі. Етпенінен немесе қырымен
жатқанда ол қолын ойыншыққа апарды, оны алады,
анықтап қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: