3 айдан кейін бала қолын «ашады», көрген затына
қарай созылады, оны бір қолмен де, қос қолдап та
қармайды, аузына қарай тартады. Ойыншықты зерт-
тейді, саусақтарымен әрлі-берлі жүргізеді, бір қолынан
екіншісіне ауыстырып салады. 5-6 айға толғанда бөбек
заттарды бас бармағын басқа саусақтарына қарсы қой-
ып тұрып ұстайды.
4,5-6 айлығында бала етбетінен жатып, созулы жатқан
қолына сүйене алады (қолы ашық, кеудесі көтеріңкі, иегі
төмен түсірілген); бір қолының білегіне сүйеніп, екінші
қолымен затқа қарай созылады. Балалардың бір бөлігі
5,5-6 айлығында етбетінен жатып, айнала аударыла
алады, ал кейбірі аздаған қашықтыққа етбетінен жатып
еңбектей да алады. Бала аяқтарын ішіне қарай жинай
алады, оларды көтере алады, тізесін қолдарымен ұстай
алады (4-5,5 айлығында, ал ересектер қолынан созғанда
отыруға талпынады). Балалардың көпшілігі отырғы-
зып қойса, бірнеше секунд бойы отырған күйін сақтай
алады.
1.
Шалқасынан етбетіне аударылмайды;
2.
Етбетінен жатқанда тым болмаса қысқа уақытқа созулы
қолының білектеріне сүйене алмайды;
3.
Етбетінен жатқанда бала ойыншықтарды басқара ал-
майды (денесінің салмағын бір қолына қарай ығыстыра
алмайды);
4.
Етбетінен жатқаны біртүрлі (бала басын әрең көтереді,
әрең ұстайды, қолы кеудесінің астында немесе керісінше
– екі жағына қарай кең жайылған, білегі мен қолы супина-
ция күйінде, яғни, алақаны жоғары қаратылған);
5.
Көбінесе қолын жұдырығына жұмып жатады;
6.
Қармауға ыңғайлы ойыншықты бір немесе қос қолдап
ұстай алмайды, қолымен немесе ойыншықпен аузына
жете алмайды;
7.
Шалқасынан жатқанда балтыры мен
санын көтере алмайды
Достарыңызбен бөлісу: